Кіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері


Есеп айырысу шотындағы ақша есебі



бет4/6
Дата03.07.2016
өлшемі483 Kb.
#175863
1   2   3   4   5   6


2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

Ұйымның есп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.

Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

Есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім шарт арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен есеп айырысу мәміледе қарастырылған мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару жолымен жүзеге асырылады.

Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын төлеуді (зейнетақы, алимент, жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай алады.

Салық төлеушілерлің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте жасалынуы тиіс. Аталған тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған шаралар қолданылады.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылармен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, ұйымның есеп айырысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі белгілейді.

Ұйымның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сиапттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей жіне жанама ажыратылады. Ұйымда осы есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды.

Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу қолма-қол ақщасыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындар арасында төлемдік және келісім- шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:


  • Бекітілген нысандағы өтініш;

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

  • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;

  • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;

  • Ұйым жарғысының көшірмесі.

Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге беріледі.

Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және операциялар рәсімделетін барлық құжаттарға сол нөмір қойылады.

Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және нормативті актісімен реттеледі.

Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсеиін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.

«К – Елдос ЛТД » ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «ТуранӘлемБанкінің » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.

Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық сомаларды сот, арбитраж, салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен шығаруға құқылы.

«К – Елдос ЛТД » ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.

Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағымдар қызмет көрсететін банкке жіберіледі.

«К – Елдос ЛТД » ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.

Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Ұйымның төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым тауарлы – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен көо\рсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.

Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үшткүн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған тауарлы – материалдық құндылықтар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.

«К – Елдос ЛТД » ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді.

Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.

Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.

Ұйымға көрсетілген банк қызметтері үшін банк аударым жасалған соманың 1 пайызы мөлшерінде комиссиондық пайыз ұстайды. Оны мемориалдық ордерде көрсетіп ұйымға ұсынады.

Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардлың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықөталса, онда бұл тіркелген сома 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 3210 (687) «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 1430 (334) «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады.

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1040 (441) шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:


  • ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;

  • ұйымды құрған органның шешімі бойынша;

  • шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда.


Кесте 8 – Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар



Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін

Кредиттелінетін

1

Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040 (441)

1210 (301)

2

Еншілес серіктестіктерден жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040(441)

1220 – 1240

(321-323)



3

Жолдағы деп есептелінген ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040 (441)

1030 (411)

4

Есеп айырысу шотына кәсіпорынның жарғылық қ6орын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1040 (441)

5020 (511)

5

Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома

1040 (441)

1010 (451)

6

Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома

1040 (441)

1410(334)

7

Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кіріс етілді.

1040 (441)

3010 (601)

8

Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түскен сома

1040 (441)

1070 (423)

9

Есеп айырысу шотына келіп крісітелген банктен тыс мекемелердің несиесі

1040 (441)

3020(602)

10

Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды

1040 (441)

3110-3190

(631-639)



11

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған материалдық емес активтер

2710-2730(101-106)

1040 (441)

12

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған негізгі құралдар

2400 (121-125)

1040 (441)

13

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есеп айрысу шотынан қайтарылды

3010-3020(601-603)

1040 (441)

14

Заңды тұлғаның есептелген табыс салығы бойынша қарыз сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды.

3110 (631)

1040 (441)

15

Кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы сомасы бюджетке аударылды

3190(639)

1040 (441)

16

Әлеуметтіу салық сомасы есеп айрысу шотынан бюджетке аударылды

3150 (635)

1040 (441)

17

Еңбекақы, зейнетақы және тағы басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан аударылды

1010 (451)

1040 (441)




    1. Кассадағы ақшаның есебі

Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.

Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.

Ұйым төрағасы кассадағы ақшаның сақталуын банктен жеткізу және банкке өткізу кезіндегі сақтық шараларымен қамтамасыз ету міндетін алған. Сондай – ақ ұйымға тиісті емес нақты ақшалар мен басқадай құндылықтарды кассада сақтауға тиым салынған. Кассадағы қолма – қол ақшаны шектеулі мөлшерде сақталуы тиіс, ал одан жоғары болатын ақша банк мекемесіндегі есеп айырысу шотына өткізіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды – жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.

Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған.

Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды.

Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді.

Кассаға қолма – қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.

Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі.

Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәләндыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.

Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша берген кезде кассалық шығыс ордерінде сенім алушының аты – жөні қосымша көрсетіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 1010 (451) «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотының кредиті бойынша жазу беріледі.

Жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына берілетін жәрдем ақы және сыйақыларды ұйымның төрағасы мен бас бухгалтері қол қойған төлем ведомостары бойынша кассадан береді. Ақшаны алған кезде жұмысшылармен қызметкерлер төлем ведомосіне қолдарын қояды.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеп отыру үшін кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы (КО – 3 үлгі) толтырады, ол кіріс және шығыс құжаттарына бөлек ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс немесе шығыс ордерлерінің жазылған күні мен нөмірі және келіп түскен немесе жұмсалған ақшаның мақсатты бағыты (еңбек ақыны төлеу, сый ақы, іс сапарға жұмсалған ақша).

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассир кассалық операцияларды есептеуді кассалық кітапта (КО – 4 үлгі) жүргізеді. Бұл кезде кассирдің есеп беруі құжатында кассалық кітапта көрсетілетін барлық реквизиттер кассалық кіріс және шығыс нөмірі, кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шотпен операциясының сомасы жазылған. Ұйымда белгіленген тәртіпке сәйкес кассалық кітаптың беттерін нөмірлеу жыл басынан бастап, өсіңкілік қатары бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Кітапқа жазу көшірме қағаз арқылы екі данада жүргізіледі: біріншісі кітапта қалады, екіншісі кітаптың жыртып алынатын парағы кассирдің есеп беруі болып табылады және алғашқы құжаттармен қоса бухгалтерияға өткізіледі. Кассир күн сайын жұмыс күнінің соңында қорытындысын есептеп, қалдығын шығарып отырады.

Ұйымда кассир құжаттардың дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді бухгалтерияға тапсырады.

Құжаттардың сақталуын және пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында «Кассалық кітап» есеп беруін кассир әр айға жеке – жеке дайындап қояды. Жыл соңында есеп беруде хронологиялық ретпен тігеді. Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге жүктеледі. Кассирден қабылданған есеп беруді бухгалтер, кассалық есеп беруге барлық ордерлердің толық кіргізілуін, толтырылуының дұрыстығын, есептелген жиынтықтарының дұрыстығын және кассадағы қалдықтың жұмыс күнінің соңына шығарылуының дұрыстығын, ақшаны алғанда қолдарының қойылуынқарай отырып, мұқият тексереді.

Ұйымда кассадағы ақша қаражаттарын есепке алып отыру үшін 1010 (451) «кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шоты арналған. Ол кассадағы ақшаның нақты бары және қозғалысы туралы мәліметтерді жинақтауға арналған. Шоттың дебеті бойынша 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша», 1250 (333) «Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары», 1210 (3010 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу» шоттарымен корреспонденциялана отырып, кассаға ақшаның түсуі, ал кредиті бойынша 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша», 1250 (333) «Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары», 1210 (301) «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу», 3430 (681) «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоттарымен корреспонденциялана отырып, кассадан ақшаның төленуі көрсетіледі.

Кассадағы ақшаның қозғалысы бойынша толтырылатын алғашқы құжаттардың негізінде жазылатын бухгалтерлік есептің мәліметтері 1010 (451) шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №1 журнал ордерлерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрдерге жазулар бухгалтерияғакассирдің есеп беруі келіп түсуіне қарай жазылады. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар біріктіріледі. Ай соңында осы регистрлерге қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Серіктестігі кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау кезінде 1010 (451) шот есебі бойынша айналым-қалдықтық ведомосін алуға болады.

Ұйымда ақшаға түгендеу жүргізу – бұл активтерді қорғау және қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай – ақ бухгалтерлік шоттарда бейнеленген мәліметтердің шынайылығын анықтау үшін қабылданған саясат пен іс әрекет болып табылады.

Ақшаны қорғау көптеген ұйымдар үшін маңызды мәселеге айналатынын белгілі, өйткні оларды жасыру, алып кетудің өте оңай екендігімен қатар, оларды меншіктену белгілері жоқ.

«К – Елдос ЛТД »серіктестігінде кассадағы ақшаны есептің арнайы құжаттарындағы ақша сомаларымен кассада нақты бір ақшаларды салыстыру жолымен түгенделеді. Түгендеу нәтижелері ақшаның нақты барын түгендеу актісімен рәсімделеді.

Ұйымның кассасын түгендеу оның төрағасы жасаған және бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Кассалық құжаттармен бланктерді түгендеу, тәртіп бойынша, ескертусіз кенеттен барлық ақшаны және басқадай құндылықтарды толық есепке алу арқылы бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен өтеді. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруін кассалық кітап бойынша ақшаның қалдығын шығаруы тиіс. Кассирден барлық кіріс және шығыс кассалық құжаттары есепке тіркелгені жөнінде, кассада қабылданбаған, сондай – ақ есептен шығарылмаған ақшаның жоқ екендігі жөнінде қолхат алынады. Ақшаларды санағаннан кейін кассадағы ақшаны түгендеу актісі жасалынады. Алынған түгендеу нәтижелерін кассалық кітап бойынша бухгалтерлік есептің мәліметтерімен салыстырады.

Түгендеуді жүргізу кезінде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт жасалған ба, кассаның жабдықталуы талапқа сай ма, т.б.



Түгендеу кезінде кассадан артық ақша мөлшері анықталса, кассалық кіріс ордері толтырылып, кассаға кіріске алынады. Ал түгендеу кезінде ақшаның жетіспеушілігі анықталса, мынадай негізде көрсетілуі мүмкін: жетіспеген сомаға шығыс кассалық ордерін жазу; жетіспеушілік кассирдің мойнына қойылады; кассир жетіспейтін соманы өтеген кезде кіріс кассалық ордері жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет