3.3 Банк операцияларының аудиті
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ұйымдар өзнің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысы туындайды. Ұйымдар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма – қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Ағымдағы шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:
-
Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
-
Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сома сәйкестігі.
-
Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама қарсы тексеру өткізген жөн.
-
Банкке тапсырылған қолма – қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
-
Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай – ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен – жайының анықтығы.
-
Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
-
Бухгалтерлік өткізбе желілердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
-
Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс өткізу керек.
Банк көшірмелерін тексеру банк құждаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтауы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін ұйым мен ешқандай шарттық қатынастар жоқ, басқа ұйымның борышын өтеу немесе басқа ұйымның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтаордың түгелдігі мен уақытылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай – ақ қаржылық жағдайы мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәйкесе ме және т.с.с.
Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негізділігін тексеруге тиісті. Ұйымдар, мәселен, сауда ұйымына сатып алынған азық – түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Ұйымдар орындалмаған құрылыс – монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай – ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі. Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлар мен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
-
Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
-
Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
-
Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
-
Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
-
Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
-
Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
-
Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың №2 журнал – ордермен бас кітап жазбаларына сәйкестігі.
-
Резидент болып саналатын ұйым экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтылығы мен уақытылығы.
-
Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексерілуі.
-
Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма – қол шетелдік валютамен материалдық құндылықтың сақталуы.
-
Түсетін тауарлардың сату бағасы мәміледе қарастырылған құнға негізделіп, ұйымдағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай – күн, жылындағы импорт бойынша ұйымның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
-
Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай – күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.
-
Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.
-
Аудитор банктегі: 1070 (421) «Аккредитивтердегі ақша», 1070 (422) «Чек кітапшаларындағы ақша», 1070т (423) «Карт шоттардағы ақша», 424 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» 1070 – бөлімшесінің «Банктегі аккредитивтегі, чектердегі, карт – шоттардағы және басқа да шоттарындағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.
Аудитор жол – жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың ұйымның ағымдағы шоттарына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың қозғалысы туралы ақпаратты оқып білуі керек. 1030 (411) «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негіз болып саналады.
Жолдағы ақша аудиті мен бухгалтерлік есепте 1030 (411) «Жолдағы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай – ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығы және бастапқы құжаттардың 3 журнал – ордерде және бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.
Қорытынды
Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде диссертациялық жұмыста халықаралық стандарттарға байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері мен ақша аудиті, талдауы бойынша келесі қорытындылар жасалынды:
-
Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
-
Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
-
Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
-
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналар басшылыққа алынуы керек:
-
Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
-
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
-
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы ен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
-
«К – Елдос ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құрылған. Серіктестік шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
«ХҚЕС (IAS) бойынша арнайы ақша қаражаттар есебінде есепті реттеу сұрақтары қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде ХҚЕС – тың 7 «Ақша қаражаттар қозғалысы туралы» есеп беру стандартын басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді.
-
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
-
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
-
Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операциялары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.
Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма – қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.
-
Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
-
Касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
-
Касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылаудың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;
-
Осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
-
Касса – банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын, кім және қашан, қалай тексереді;
-
Кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;
-
Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай;
-
Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
-
ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
-
ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.
-
Бухгалтерлік есеп стандарттары
-
Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
-
Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
-
Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
-
Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
-
Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
-
Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
-
Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
-
Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашынова К.Т. «Финансовый учет на предприятий», г.Алматы, 1999г.
-
Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».
-
Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».
-
Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.
-
Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003
-
Кеулімжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық. Алматы Экономика 2006
-
Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.
-
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан., 2002г.
-
Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999г.
-
Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.
-
Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет» – г.Алматы: НАК «Центраудит», 1997г.
-
Савин А.А., Сотникова Л.В.; Под ред. проф. В.И. Подольского – Н: Аудит, ЮНИТИ, 1997г.
-
Сатубалдин С.С. «Азиатский кризис: причины и уроки» – г. Алматы 2000г.
-
Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение. Изд. «LEM» 2001, 46с.
-
Система бухгалтерского учета в РК, 2002г. Тулешова Г.К., монография
-
Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятий. «Экономика». 1998. – 294с.
-
Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ в системе управления» – г. Алматы, 1998г.
-
Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.) Алматы, 2003. Аудиторская фирма «Ержанова и К».
-
Тайгашынова К.Т. «Логистикалық шығындар есебі» Алматы, Экономика. 2006
2004-2007 жылғы кезеңдік басылымдар:
-
Налогоплательщик
-
Бизнес-класс
-
Бухгалтерский учет и аудит
4. Бухгалтер бюллетені
Достарыңызбен бөлісу: |