Кіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет3/6
Дата03.07.2016
өлшемі483 Kb.
#175863
1   2   3   4   5   6

Жанама әдіс – инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстар және ақшалай емес операциялар көрініс табатын әдіс. Ақшалай емес баптар ретінде негізгі және материалдық емес активтердің амортизациясын қарастыруға болады.

Бұл әдіс бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығыстар туралы есептілікте көрсетілген ақпараттарға негізделген.



Кесте 6 – Ақша қозғалысы туралы есептілік (жанама әдіс)


Көрсеткіштердің атауы

Сомасы

Салық салынуға дейінгі пайда (зиян)




Салық салынуға дейінгі пайданың (зиянның) корректировкасы, оның ішінде:




Ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы




Бағалы қағаздарды сатудан түсім




Негізгі құралдарды сатудан түсім




Айналым капиталының өсімі, оның ішінде:




Дебиторлық қарыздардың өсуі (кемуі)




Тауарлы материалдық қорлардың өсуі (кемуі)




Алдағы кезең шығындарының өсуі (кемуі)




Кредиторлық қарыздардың өсуі (кемуі)




Есептелген міндеттемелер




Төленген корпорациялық табыс салығы




Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы




Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:




Негізгі құралдарды сату




Материалдық емес активтерді сату




Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату




Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде




Негізгі құралдарды сатып алу




Материалдық емес активтерді сатып алу




Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу




Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы




Қаржы қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы




Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:




Акциялардың және басқа бағалы қағаздардың эмиссиясы




Қарыздарды алу




Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:




Дивидендтерді төлеу




Өзгелер




Қаржы қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы




Жиыны: ақша қаражаттарының көбеюі(+) / азаюы(-)




Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері




Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері




Кейбір жағдайларда ұйым ақша қаражаттар қозғалысында қарастырылмаған шаруашылық операцияларды (мысалы, бартерлік келісімдер) жүзеге асырады. Халықаралық стандарттарында ақша қозғалысы туралы есептілігінде ұйымның негізгі қызметіне байланысты ақшалай емес операцияларды көрсету немесе алып тастау талаптары қойылмаған. Инвестициялық және қаржылық қызметтерден пайда болған ақшлай емес операцияларды ақша қозғалысы туралы есептілігінде көрсетілмейді, бірақ осы операциялар туралы ақпараттар қаржылық есептілікте көрсетілуі тиіс.


2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.

Ұйым 1070 (421) «Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотында жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:



  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.

  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.

  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.

  4. Тауарларды, материалдарды тиеп жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.

  5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» және «өтелінбеген» деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонынмен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банкке келісім шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы «өтелінген аккредитив» болып саналады.

Ал сатып алушы ұйым мен жабдықтаушыға қызмет көрсететін банк арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім шарт жасалынып, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл «өтелінбеген аккредитив» қатарына жатқызылады.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаущы ұйым тауарларды жөнелтіп жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банкке табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте қаралған шарттардың барлығын қанағаттандыратын болуы шарт. Егер шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді.

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1070 (421) шотқа, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1040 (441) шоттың; банктердің несиелері есебінен аударылса, 3010 (601) шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен аударылған сома 3310 (671) «жеткізушілермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1070 (421) шоттың кредитіне жазылады.

1070 (422) «Чек кітапшаларындағы ақшалай қаражаттар» шотында чек кітапшаларындағы ақшалармен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша жабдықтаушылардан алынған тауарлы – материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе көрсеткен қызметтер ұшін есеп айырысуға арналған. Ұйым чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш береді, осы өтінішпен қатар чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талабы тапсырмасын ұсынуы тиіс. Чек кітапшасын алғанда депоненттелген сомаға мынадай жазу беріледі: Дебет 1070 (422) «Чек кітапшасындағы ақша» шоты, Кредит 1040,1050, 3010, 3020 (441,431,432, 601,602).

Банк чек кітапшасының тиісті жеріне чек кітапшасы берілген ұйымның немесе жеке адамға берілсе, оның аты – жөнін жазады. Чек кітапшасындаға ондағы жұмсалмаған соманың мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушы мен есеп айырысуға болады.

Ұйымдарда нақты ақшалар мен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 1070 (423) «Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар» шотында есепке алынады. Соынмен қатар бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары есептеледі.



Кесте 7 – Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар шоты бойынша жұргізілетін операциялар



Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін шот

Кредиттелінетін шот

1

2

3

4

1

Ақшалар бойынша ашылған аккредитивтер

1070 (421)

1050, 1040

(431, 441)



2

Банк несиесі есебінен қойылған аккредитивтер

1070 (421)

3010 (601)

3

Ашылған аккредитивтер арқылы жабдықтаушыларға жіберген тауарларының және материалдарының құны төленді

3310 (671)

1070 (421)

4

Ашылған аккредитивтің пайдаланылмай қалған сомасы есеп айырысу шотына қайтарылды

1040 (441)

1070 (421)

5

Кәсіпорынға чек кітапшасын бергенде депоненттелген сома

1070 (422)

1050, 1040, 3010

(431, 441, 601)



6

Жабдықтаушыларға және басқаларға арнайы шоттардан чек кітапшалары бойынша берешек сомалар төленгенде

3310, 3210 (671, 687)

1070 (422)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет