1.7 Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші
Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші болып, әдетте, тиісті дайындығы, газ-түтіннен қорғаушы біліктілігі бар және осы міндеттерді орындау үшін басқару органының, бөлімшенің, мекеменің тиісті басшысының бұйрығымен жіберілген бөлімшенің кезекші қарауылының лауазымды тұлғасы тағайындалады. Кезекші қарауылда газ-түтіннен қорғаушы ретінде бір жылдан аса жұмыс істеген барлық қызметкерлер қауіпсіздік бекетінде жұмыс істеу үшін дайындалуы қажет. Жыл сайын қызметкерлер сынақ тапсырғаннан кейін бөлімше бастығының, өртке қарсы қызметтің басқару органы бастығының бұйрығымен (ГТҚҚ Тәлімдемесінің 15-қосымшасының 255-тармағына сәйкес) қауіпсіздік бекетінде жұмыс істеуге жіберіледі.
Қауіпсіздік бекетіне жұмысқа жіберілген қызметкер 6 айдан астам ұзақ уақыт жұмыста болмаған жағдайда (ауру, іс-сапар және т.б.) қауіпсіздік бекетіне жұмысты атқаруға сынақты тапсырғаннан кейін жіберіледі.
Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші қауіпсіздік бекеті жұмысын ұйымдастыруға, өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын белгіленген талаптарын сақтауға, газ-түтіннен қорғаушыларды қорғау құралдарының қорғағыш әсерінің уақытына сәйкес қауіпті аймақта ГТҚҚ звеноларының болу уақытын бақылауды қамтамасыз етуге, жұмыс істейтін ГТҚҚ звеноларын есепке алу журналында жазбаларды дұрыс жүргізуге жауапты.
Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші өрт (жаттығу) орнына Жауынгерлік жарғымен белгіленген тәртіппен, тыныс алуға жарамсыз ортаға кіру алдында таза ауада тұрады.
Қауіпсіздік бекетіндегі күзетші:
1) қауіпсіздік бекетіндегі күзетшінің міндеттерін білуге және оларды орындай білуге, еш нәрсемен алданбауға және ГТҚҚ звеносы жедел тапсырманы орындағанға дейін және ол бағынатын өрттегі лауазымды тұлғаның командасысыз бекетті тастап кетуге;
2) қауіпсіздік бекеті аймағында өткізу режимін ұйымдастыруға, ГТҚҚ звеносы құрамына кірмейтін тұлғаларды тыныс алуға жарамсыз ортасы бар аймаққа жібермеуге және адамдардың қауіпсіздік бекеті орналасқан жерге жиналуына жол бермеуге;
3) тыныс алуға жарамсыз ортадағы және одан оралған газ-түтіннен қорғаушылардың есебін жүргізуге;
4) белгіленген жазбаларды ГТҚҚ звеноларының жұмысшыларын есепке алу журналына дұрыс, мұқият және уақтылы енгізуге;
5) белгіленген тәртіппен ГТҚҚ звеносымен және өрт (авария) орнындағы лауазымды тұлғамен тізімдеу құралдарының түрлерін (кейбір жағдайларда қауіпсіздік бекетіне байланыс құралы берілуі мүмкін) қолдана отырып, радиомен алмасу байланысын қолдауға;
6) бекітілген әдістеме бойынша тыныс алуға жарамсыз ортада газ-түтіннен қорғаушылардың жұмыс параметрлерінің есебін жүргізуге;
7) ГТҚҚ звеносы тыныс алуға жарамсыз ортаға кірмес бұрын:
- газ-түтіннен қорғаушылардың манометрлер көрсеткіштерін ГТҚҚ звеносының жұмыс уақытының кейінгі есептері үшін ең төменгі қысым көрсеткішін бөліп, ГТҚҚ жұмыс істейтін звеносын есепке алу журналына жазуға;
- ГТҚҚ звеносының оралуын күтетін уақытты есептеуге, алынған нәтижені жұмыс істейтін звеноларды есепке алу журналына жазуға және ГТҚҚ звеносының командиріне хабарлауға;
- бағыттаушы арқанның қауіпсіздік бекеті орналасқан жерге бекітілгеніне көз жеткізуге;
8) ГТҚҚ звеносының іс жүзіндегі орны туралы, ол жұмыс істейтін жұмыс жағдайлары туралы, сондай-ақ олардың оралу уақыты туралы дер кезінде және нақты ақпаратының болуына;
9) ГТҚҚ звеносы командирінен ауаны (оттегіні) барынша көп тұтыну (баллондағы қысымның төмендеуі) туралы мәліметтер алған кезде:
- ГТҚҚ звеносы таза ауада оралуға тиісті баллондағы ауа (оттегі) қысымының көрсеткішін;
- ГТҚҚ звеносының өрт ошағында (немесе) құтқару жұмыстарын жүргізу орындарында оны аяқтауға жақын болжалды қалған уақытын ГТҚҚ звеносының таза ауаға шығу қажеттілігі туралы хабарлауға;
10) өрт (авария) орнындағы жағдайды мұқият қадағалауға және ГТҚҚ звеносы командирінен алатын ақпаратты талдауға міндетті. Егер ГТҚҚ звеносына қауіптілік төнген болса, оның сипаты туралы звено командиріне дереу хабарлап, онымен бірге бірлескен іс-қимыл тәртібін анықтауы тиіс. Бірлескен іс-қимылдар бойынша қабылданған шешім туралы өрт (авария) орнындағы уәкілетті жедел лауазымды тұлғаға хабарлауы қажет;
11) ГТҚҚ звеносымен байланыс бұзылғанда, жазатайым оқиға немесе газ-түтіннен қорғаушыларға байланысты емес жағдайлардан оралғанда кешіккені туралы хабарлама түскенде мынадай тәртіппен жұмыс істеуі тиіс:
а) ГТҚҚ резервтік звеносының командиріне ТОЖҚҚ қосылу туралы беруі;
б) туындаған қауіпті жағдай немесе алынған ақпарат туралы ӨСЖ (БӨП бастығына немесе ЖУ бастығына) баяндауға;
в) онымен келісім бойынша ГТҚҚ резервтік звеносын көмек көрсету үшін ГТҚҚ звеносы жүрген орынға жіберуге немесе оның нұсқаулары бойынша іс-қимыл жасауға міндетті.
12) ББП диспетчері звено командирін немесе керісінше нашар естіген жағдайда естіген команда мен ақпаратты қайталауға;
13) ГТҚҚ звеносы ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген кезде әрбір 10 минут сайын, ал қажет болған жағдайда жиірек ТОЖҚҚ-ға қосқан сәттен бастап өткен уақыт туралы звено командиріне хабарлауға міндетті.
ООГ пайдаланатын звенолар үшін олардың командирлеріне әрбір 30 минут сайын тыныс алу қапшығын жуу қажеттілігі туралы ескерту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |