Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


Қауіпсіздік бекеті мен бақылау-өткізу бекетін ұйымдастыру



бет6/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Білім беру

1.5 Қауіпсіздік бекеті мен бақылау-өткізу бекетін ұйымдастыру

Бақылау-өткізу пункті өрт орнында тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын басқару, қауіпті аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру және олардың тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.


Тыныс алуға жарамсыз ортаға өту режимі өрт орнында газ-түтіннен қорғаушылар қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру басты кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан өткізу режимі өртте жедел штабтың лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен ұйымдастыру іс-шараларының кешені болып табылады.
БӨП құру, оның орналасу орны мен қызмет ету аясына жайлы шешімді ұйымның нақты орналасуына, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуіне, объектінің жедел-тактикалық сипаттамаларына сәйкес өрт сөндіру басшысы қабылдайды.
Тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларын өткізу тәртібін белгілейтін шектеулер мен ережелерді реттеу үшін БӨП құрылғанға дейін де және ол жұмыс істеп тұрған кездегі де барлық қауіпсіздік бекеттері БӨП бастығының қарамағына беріледі.
Қауіпсіздік бекеттері барлық жағдайларда, ӨСЖ өрт орнында ГТҚҚ звеноларын құру туралы шешім қабылдағанда қойылады. ГТҚҚ әрбір құрылған және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберілген звеносына қауіпсіздік бекеті қойылады. Ерекше жағдайларда егер тыныс алуға жарамсыз ортаға кіру жолы екі звеноға біреу болатын болса, бір мезгілде жұмыс істейтін ГТҚҚ екі звеносына бір қауіпсіздік бекетін қоюға болады.
Қауіпсіздік бекетінің таза ауада тыныс алуға тыныс алуға жарамсыз ортаға барынша қауіпсіз жақындау мүмкіндігі оның орналасу орнын таңдау үшін негізгі жағдай болып табылады.
Өрт немесе АҚЖ жүргізу орнында БӨП қызмет көрсету аймағын қауіпсіздік бекеттерінің орналасу кестесін ескере отырып, өрт сөндіру жетекшісімен келісілген жағдайда БӨП бастығы белгілейді.
Газдануы жоғары болған жағдайда тұтас өрт сөндіру және АҚЖ жүргізу мерзімінде қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері құрылады. Мұндай жағдайларда оларға өрттің (аварияның) өршу сипаты мен шешілетін міндеттерді ескере отырып, тыныс алуға жарамсыз орталы аймаққа жіберілетін тұлғаларға нұсқаулық өткізу жүктеледі.
3 және одан астам ГТҚҚ звеносын құру кезінде, әдетте, БӨП ұйымдастырылады. Тыныс алуға жарамсыз ортаға жіберілетін ГТҚҚ звеноларының санын ӨСЖ анықтайды.
Өрт сөндіруді ұйымдастыру және АҚЖ жүргізу кезінде бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекеті мынадай негізгі мәселелерді шешеді:
ГТҚҚ звеносының құрамына кірмейтін кез келген тұлғаны түтін аймағына кіргізбеу;
ГТҚҚ звеноларын басқаруды және тыныс алуға жарамсыз аймаққа жіберуге рұқсат алуды жүзеге асыру;
ГТҚҚ звеноларының тыныс алуға жарамсыз аймақта болу уақытын бақылауды ұйымдастыру;
қолда бар құралдарды қолдана отырып, ГТҚҚ звеноларымен байланыс жасау;
қауіпсіздік деңгейін төмендететін қатерлер мен әлеуетті қауіпті жайларды дер кезінде анықтап, ГТҚҚ звеноларын жедел хабардар ету;
ГТҚҚ резервті звеноларының орналасу орнын анықтау және ӨСЖ бұйрығы бойынша шұғыл әрекеттерге дайындығын қолдау.
Бақылау-өткізу пункті қосымша ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін қажет жағдайларды жасау, ауа баллондарын толтыру және медициналық-санитарлық бақылауды ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Өткізу режимін ұйымдастырудың негізгі іс-шаралары өрт-тактикалық дайындық жүйесінде (АДМ, жаттығу, сабақ, оқу-жаттығу) жасалады.
БӨП жабдықтары мен жарақтарына мыналар жатады:
тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звенолары құрамында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылардың жағдайын бақылау құралдары;
байланыс және хабарлау құралдары;
жарықтандыру құралдары;
ГТҚҚ құралдарына техникалық қызметті қамтамасыз ету, ауа (оттегі) баллондарын толтыру үшін қажетті құралдар мен құрылғылар,
ГТҚҚҚ звенолары жұмысының нәтижелерін есепке алу құжаттары;
Газ-түтіннен қорғаушыларды қорғау құралдарына дозиметриялық бақылау, дегазация, дезактивация жүргізуге қажетті арнайы құралдар мен құрылғылар;
қоршаулар, тосқауылдар (таспамен немесе тосқауылдармен қоршау);
алғашқы көмек көрсету үшін қажетті материалдар мен арнайы құралдар;
БӨП жұмысын қамтамасыз етуге арналған мүлік пен материалдық құралдар.
Қауіпсіздік бекетінің жабдықтары мен жарақтандыру құрамына мыналар кіреді:
тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звенолары құрамында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылардың жағдайын бақылау құралдары;
байланыс және хабарлау құралдары;
жарықтандыру құралдары;
қауіпсіздік бекетінде күзетшінің қол жең белбеуі;
сағат;
ГТҚҚ тәлімдемесінің 2-қосымшасына сәйкес жұмыс істейтін ГТҚҚ звеноларын есепке алу журналы;
ТОЖҚҚ жұмыс параметрлерін есептеу әдістемесі бар планшет немесе нақты ТОЖҚҚ жұмысы параметрлерін анықтау үшін экспонометр;
қауіпсіздік бекетінің орнатылған ӨСЖ, аварияларды жою жөніндегі жұмыстың басшысымен, БӨП және өрт сөндіру учаскесінің бастығымен байланысының кестесі.
Осы Тәлімдемеде немесе Министрліктің аумақтық органының ұйымдастырушылық-өкімші құжатында көзделген, БӨП және қауіпсіздік бекеті аймағында іс-шараларды жүзеге асыруға арналған материалдық және техникалық құралдар жарамды жағдайда және жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Күнделікті қызмет режимінде оларды орналастыру және сақтау орындарын, сондай-ақ өрт және (немесе) АҚЖ жүргізу орнына жеткізу жағдайларын Министрлік, ал білім беру мекемелерінде - оның басшысы анықтайды.
Оларды өрт және АҚЖ жүргізу орнында орналастыру мен қолдану шарттарын өрт сөндіру жетекшілері анықтайды.
Өрт (авария) орнында БӨП құрылмаған жағдайда өткізу режимін ұйымдастыру және ГТҚҚ звеносының қауіпті аймақта болу уақытын бақылау жөніндегі негізгі іс-шараларды өрт сөндіру жетекшілері, аварияны жою жұмыстарының басшылары, қауіпсіздік шараларын сақтауға лауазымды тұлғалар мен осы Тәлімдеменің осы бөлімінің қолдануына қатысты бөлігінде және қауіпсіздік бекетіндегі күзетшілер жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет