Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады



бет7/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Білім беру

1.6 Бақылау-өткізу пунктінің бастығы

БӨП бастығын газ-түтіннен қорғаушы біліктілігі бар, БӨП және қауіпсіздік бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруды білетін, өрт орнына келген басқару органдарының, бөлімшелердің, мекемелердің орта және аға құрам тұлғалары қатарынан өрт сөндіру жетекшісі тағайындайды. ӨСЖ, жедел штабтың (бұдан әрі - ЖШ) бастығына, ал бірнеше БӨП ұйымдастыру кезінде БӨП ұйымдастырылған ЖУ бастығына бағынады.


Бақылау-өткізу пунктінің бастығы БӨБ жұмысын дұрыс ұйымдастырып жүргізуге және тыныс алуға жарамсыз ортада қойылған міндеттерді шешу барысында ГТҚҚ звеноларының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты.
БӨП бастығы:
БӨП міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар мен мамандардың жұмысын басқаруға;
ӨСЖ келісіп, тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звеноларының өткізу режиміне қойылатын талаптарды белгілеуге;
қауіпсіздік бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға, олардың орналасу орнын білуге;
қауіптілік туралы хабарлау сигналдарын және оларды беру тәртібін орнатуға;
мүмкіндігінше жыл мезгілін, тәулікті, ауа-райы жағдайлары ескере отырып, қатысушы газ-түтіннен қорғаушылардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жағдайларын анықтауға және БӨП қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды, мүлікті, материалдар мен жабдықты жеткізуді ұйымдастыруға;
звеноларды тыныс алуға жарамсыз ортаға жіберуге дайындығын қамтамасыз етуге, жеке құраммен нұсқаулық өткізуді ұйымдастыруға;
демалыста және резервтегі жұмыс істейтін звенолардың есебін жүргізуге;
газ-түтіннен қорғаушылардың жұмыс және тынығу уақытын, олардың ауысым тәртібін анықтауға, ГТҚҚ звеноларының қажетті резервін шоғырландыруға;
тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істейтін звенолардың уақытылы ауысымын қамтамасыз етуге;
ӨСЖ-не (ШБ) звенолардың жұмысы жайлы хабарлауға;
қажет болған жағдайда ГТҚҚ (бақылау бекетінің) ұтқыр базасының жұмысын, оны құралдармен, аспаптармен және құрылғылармен, сондай-ақ қажетті ауа (оттегі) баллондары қорымен және регенеративті патрондармен жарақтауды қамтамасыз етуге;
жеке құрамның ТОЖҚҚ-да жұмыс істеуін медициналық бақылауды ұйымдастыруға;
жұмыс істейтін ГТҚҚ звеноларын есепке алу журналында жазбалардың дұрыс жүргізілуін тексеруге;
қауіпсіздік бекеттері, жұмыс істейтін ГТҚҚ звенолары және өрттегі жедел штаб арасында байланыстың болуын және оның сапасын, олардан келіп түсетін ақпаратты есепке алу және өңдеу тәртібін бақылауға;
қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау қажет болған жағдайда ГТҚҚ звенолары әрекеттерін объект әкімшілігі мен оның қызметтерімен келісуге;
қажетті жабдық болған жағдайда тыныс алуға жарамсыз ортада ГТҚҚ звенолары құрамында жұмыс істейтін газ-түтіннен қорғаушылар жағдайын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет