Қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру
Қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру бойынша жалпы талаптар
Қазіргі заманғы архитектура-құрылыс практикасыда ғимараттар тағайындалуы бойынша бөлінеді:
азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық;
қабаттылығы бойынша: бір қабатты, аз қабатты, көп қабатты;
сыртқы қабырғалардың материал түрі бойынша: тасты, ағашты;
от төзімділік дәрежесі бойынша.
Ғимаратты сипаттайтын тағайындалуы, қабаттылығы мен басқа да элементтері, тек қана бөлмелердегі өрттерді сөндіру мен дамуының бөлек (жеке) жақтарына әсер етуі мүмкін.
Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы, ең алдымең ғимараттардағы өрттердің дамуының жалпы параметрлерін анықтау және олардың негізінде өрттерді сөндірудің тиімді әдістері мен тәсілдерін өңдеу болып табылады.
Бізге мәлім болғандай, кез-келген өрттің жалпы әрекеті ұйымдастырылмаған жану процесі болып табылады, ол газалмасудың болмауымен мүмкін емес – бұл аймақтан жану өнімдерінің бір уақытта шығуымен және таза ауаның келуімен.
Ғимараттардағы өрттер кезінде газалмасу шарты ашық кеңістіктегі өрттерден маңызды түрде ерекшеленеді. Ашық кеңістікте газалмасу тек қана жану өнімдері температуларының әр түрлі болуына және атмосфералық ауаға тәуелді, ал ғимараттардағы өрттер кезінде газалмасу архитектура-құрылыстық, технологиялық сипаттамаларға және көлемді-жоспарлы шешімдерге тәуелді.
Ғимараттар архитектуралық имарат түрінде болып келеді және түрлі тағайындаулы бір немесе бірнеше бөлмелерден тұрады. Сондықтан да бастапқыда ғимараттардың бөлмелеріндегі өрт жағдайын анықтайтын жалпы факторларды қарастырамыз.
Ғимараттың кез-келген бөлмесіндегі өрт жағдайы осы уақыт аралығында келесі негізгі ортакөлемдік параметрлермен сипатталады: жанып жатқан бөлме көлемінде газды ортаның толық болуымен, жанып жатқан бөлмедегі қысыммен, температурамен, газды ортаның компоненттер концентрациясымен.
Ғимараттардың бөлмесіндегі өрттердің дамуы кезінде бұл параметрлердің өзгеруін анықтайтын ең басты факторлар болып табылады:
Агрегаттық күйі, өрт ауыртпалығының шамасы және оның бөлмеде таралуы (жұмылдырылған немесе тең таралған);
Бірінші сынақта шама 0,33 тең, ал екінші мен бесіншісінде – шамамен 0,16. Зерттеу нысандарын сипаттайтын басқа берілгендерді анализдей отырып, екінші және үшінші сынақтардың өткізілу шарттары тек бөлме биіктігімен, екінші және төртіншісінің - өрт ауыртпалығы шамасымен, үшінші және бесіншісі – бөлмелердің еден ауданымен, ал бірінші мен екіншісінікі – газалмасу шартының коэффициентімен ерекшеленді.
График анализінің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:
бөлмелердің қоршағыш конструкциялары мен олардың биіктіктерінде ойықтар ауданының ұлғаюымен температураның азаюы өтеді және жану жылдамдығының жалпы ұлғаюы кезінде өрт ұзақтылығы қысқарады;
өрт ауыртпалығының ұлғаюымен температура мен өрт ауыртпалығы да ұлғаяды;
ғимараттар бөлмелерінде өрттердің даму ерекшеліктерінің бірдей өрт ауыртпалықтары кезінде, негізінен, газалмасу шартының коэффициентіне және берілген бөлменің биіктігіне тәуелді.
Ғимараттағы өрттердің дамуы бір бөлмеден басқа бөлмеге түрлі жолдармен және жанғыш материалдардың жанып кетуімен от пен жану өнімдерінің таралуымен анықталады.
Ғимараттардағы өрттердің пайда болу орнына байланысты от пен жану өнімдерінің таралуының үш типтік сызбасын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші сызба жер асты бөлмесінде немесе жертөлесіз ғимараттың бірінші қабатында өрттің пайда болуы кезінде болуы мүмкін.
Екіші сызба бірінші қабаттан жоғары қабаттарда өрттің пайда болу жағдайлары үшін тән.
Үшінші сызба шатырлы бөлмелердегі өрттердің пайда болуына қабілетті, ал олардың болмауы кезінде ғимараттардың жоғарғы қабаттарында.
Достарыңызбен бөлісу: |