Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


ІІІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ДИАЛОГТІҢ



бет26/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
утетілуова эльмира

ІІІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ДИАЛОГТІҢ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Көркем шығарма мәтініндегі диалогтің ауызекі сөйлеу диалогінен айырмашылығы.


Жалпы алғанда көркем шығармалардың құрылымында мәтіннің екі типін бөліп көрсетуге болады. Әңгімелеу және диалог, олар құрылымдық қатынас жағынан алып қарағанда әртекті көркем сөзді жүзеге асыру формаларын қамтиды: автордың сөйлеу аясы және кейіпкердің сөйлеу аясы. Көркем прозада коммуникативтік құрастырылымға қарай мәтіндердің типі белгілі композициялық сөз құрылымдарына тармақталады, оларға О.Г.Ревзина мыналарды жатқызады: автордың монолог сөзі, тура сөйлем (көркем диалог), ішкі монолог, бөгде-тура сөйлем [31,34]. Автордың монолог сөзінің лингвистикалық ерекшелігі ретінде сөйлеуші «мен» формасында немесе үшінші жақта жекеше формада, ол (автор) екінші түрінде берілуін атауға болады. Автордың монолог сөзі түсіндірме, қағаз, әңгімелеу және талқылау түрінде функционалды рәсімделген жағдайларда қызмет атқара алады.
Б.Шалабай шығарманың өзіндік тілдік бітім-болмысы, бір жағынан, тілдік тұлғалардың шындыққа қатынасымен айқындалса, екінші жағынан, шығарма мәтінін құрудың, ұйымдастырудың ерекшеліктерімен айқындалады деп көрсетеді еңбегінде [31, 66].
Т.Ақшолақов көркем шығарманың негізі – сөз (клетка). Шығарма шаңырағы сол арқылы көтеріледі. Жіптен кілем тоқыған шебер сияқты, кірпіштен зәулім сарай тұрғызған сәулетшідей әр түрлі бояуды үндестіре пайдаланып, сурет салған қылқылам шеберіндей, гипстен монументті ескерткіш тұрғызған мүсіншідей, сан алуан әуен-саздарды үндестіріп, тұтас бір музыкалық туынды шығарған композитордай жазушы да сөзді кәдеге жаратып, көркем туынды түндігін көтереді. Сол сөз образы бейнелі сөйлем құрылымына апарады, ал сөйлемдер белгілі бір оқиғаны құрастырады, ситуация жасайды, сол оқиғалар бір-бірінен өрістей барып, шығарманың тұтас бітімін құрайды, осы өрілімдер, оқиғалар өрісінде адам бейнесі жасалады, олардың мінездері қалыптасады, шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұны ашылады. Эстетикалық қатынасқа енген сөздер алуандаған бейнелі мағынаға ие, оның әр сөзі әр түрлі әуен шертеді, әр түрлі бояумен, мән-көркімен жалт етеді. Сөздің осы ішкі формасының сырына терең барып, соның құдіретін аша білуден, оны кәдесіне жарата білуден жазушы шеберлігі байқалады. Көркем шығармадағы негізгі айшық – адам образы. Жазушы өз шығармасында талай адамдарды сахнаға шығарады. Сол образдар бір- бірімен байланысқан, бірінсіз бірінің мәні толық ашылмайды,- дейді [32, 16].
М.Әуезов фольклор тілінің элементтері мен көркем әдебиеті тілінің арасындағы байланысты зерттеуді үлкен бір проблема етіп қойған еді. Және ондай зерттеулердің жолдарын да нұсқаған. Ол былай дейді: «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен кеп араласып, қабысып жатыр. Бұл жай қазақтың салт ертегілерін тексеру мен көркем прозасын талдап ұғынуда – ғылымдық үлкен түйінді, проблемалы мәселе есебінде зерттеліп, тексерілу қажет. Әсіресе, осы жайларды тақырып таңдаудан, әңгіме желісін таратудан, адамды бейнелеуден және өте-мөте әңгімелеу тілінің, сөз кестесінің ұқсастық, тектестік жағынан қарап зерттеу, талдау шарт» [32, 22]. М.Әуезов ойының осы желесін қазақ прозасы тілінің тұңғыш зерттеушісі Е.Жанпейісов те тап басып көрсетеді: «Халқымыздың бай эпостық шығармаларының, ертегілердің, басқа да түрлі жырлардың бүгінгі әдебиетімізбен байланысы туралы, бұлардың өзара қарым-қатынасы жайында М.Әуезов өзінің зерттеулерінде көп толғанады, не бір нәзік ғылыми құнды барлау жасайды. Қазақтың көркем ойының даму, қалыптасу тарихында ауыз әдебиетіміз бен қазіргі прозамыз, поэзиямыз бір-бірінің табиғи жалғасы іспетті және тіл құралдарының стильдік қызметі жағынан да сөз образдылығы тұрғысынан да бұлар бір-бірімен өзектес екендігін баса аңғартады» [33, 48]. Көркем әдебиет тілі үлгілерінің алғаш қалыптаса бастауы жайында, оған фольклор тілінің әсері, жалпы фольклор тілінің ерекшелігі туралы құнды-құнды пікірлер бар.
С.Қасқабасов: «Сөз жоқ, әр жанрдың қалыптасқан, тұрақталған белгілері болады. Ол көп жағдайда шығарманың композициясында, сюжеттік құрылымында, баяндау формасы мен көркемдеу құралдарында сақталады... Ертегі жанрына тән композициялық, сюжеттік, көркемдік бейнелеу тәсілдері – сол жанрдың тұрақты белгілері» [33, 15] дей келіп, тағы бір жерде ойын былай сабақтайды: «Ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, яғни көркем проза. Оның мақсаты тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшеліктері осы екі функциядан шығады... Ертегі арнайы айтылған, белгілі бір композициялық схема бойынша баяндалады, яғни мұнда идеялық, көркемдік тұтастық бар. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады. Ол – композицияның және эстетикалық мұраттың тұрақтылығы, бас-аяғы оралымдалған «тұйық уақыттың» болуы, көркем шарттылық т.б.» [34, 185]
М.Томанов, С.Исаев, Ә.Ибатов «Фольклор... тілдің көркемдеуші жүйесінің қалыптасқан көрігі... болды» десе [36, 185], Е.Жұбанов «Фольклорды жалпы халықтық тілді эстетикалық образ түрінде трансформациялаудың айрықша бір жолы» екендігін атап өтеді [45, 185].
Р.Сыздықова ауыз әдебиеті тілі мен ауызша поэзия тілі арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді, әрқайсысына тән белгілерді көрсете отырып, алғашқысының көркем әдебиеттің тілін қалыптастырудағы рөлін, арадағы жалғастықты нақты мысалдармен дәлелдейді: «XV-XVIІІ ғасырлардағы, тіпті кейбірі одан да арғы дәуірлердегі жеке образдардың (поэтикалық жүк арқалаған сөздер мен тіркестердің) өміршеңдігінен, тұрақтылығынан, олар бір дәуір аясында қалмай, кейінге ұласа берген» [35, 60].
Е.Жанпейісов: «Қазақ прозасының алғашқы үлгілері ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен былай көріне бастады. Олардың тілінен, стилінен ауыз әдебиетінің элементі біраз байқалады» дей отырып, алғашқы прозаүлгілеріндегі фольклор элементтерін айқындайды. Оның пікірінше, олар бірнешеу: алдымен, «өлеңдік сөз қиюы мен прозаның үзік-үзік болып аралас келіп отыруы». Екіншіден, фольклордің әсерін «сөздердің өзара байланысынан, сондай-ақкейбір морфологиялық формалардың өолданылу ыңғайынан да байқауға болады». Үшіншіден, ертегілердегі сияқты кейіпкерлердің «бір-біріне тіл қатуы ара-тұра өлең түрінде келіп отырады». Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің, фольклорға тән басқа да көріктеу құралдарының (мыс., теңеу) жиі қолданылуы алғашқы прозалық шығармаларға тән қасиеттер болып келеді.
Бір жазушыда тілдің синтаксистік, құрылымдық құралдарының көркемдік қызметі айтарлықтай мәнге ие де, енді бірінде метафоралық көркемдеу құралы шынында да, ол жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады. Тілдің лексика-семантикалық және грамматикалық бейнелеу құралдары шығарманың көркем құрылысын жасауға бірдей дәрежеде қатыспайды. Белгілі бір шығарма құрылысында бір тілдік категорияның конструктивтік рөлі өте жоғары болады да, басқа тілдік мәнбілерде төмен болуы мүмкін. Тілдің қандай құбылыстары болмасын, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Осы орайда кейбір зерттеушілердің шығармада ондай қызметтен тыс, бейтарап тілдік мәнбілер де болады дегеніне келісуге болмайды. Әртүрлі жазушылардың сөз қолданыстарының түрліше болатындықтарын көрсетеді. Тіпті, бір жазушының өзі творчестволық өсу дәуірінің кезеңіне сай өзгеше тілдік құралдарды пайдаланып отыруы мүмкін. Бұл құбылыс сол жазушының стильдік эволюциясымен тығыз байланысты. [35, 24].
Н.И.Формановская қарым-қатынас түрлерін жіктеу барысында ауызша және жазбаша қатынас түрлерінің ерекшеліктерін былайша анықтайды: ауызша қатынас контактілі және тікелей қатынаспен байланысты, ал жазбаша қатынас-дистантілі, жанама қатынаспен байланысты. Жазбаша мәтінді бірнеше рет өзгертіп, лексикалық, семантикалық сұрыптаудан өткізуге болады. Мәтіннің ұйымдасуы тұрғысынан алғанда, мен-сөйлеуші мен сен-тыңдаушының тұрақты/ауыспалы коммуникативті қызметіне байланысты диалогті және монологті қатынас түрлері болады. Монологті әңгіме немесе диалог құру тұрғысынан келгенде, композициялық құрылым тілдің нарративті және коммуникативті режимі болып жіктеледі [36, 52].
Шығармалардың дискурсі тілдік модельдің иррационалды негізін құрайтын болады [36, 62].
Кез-келген көркем шығармада автор сөзі (автордың сөйлеу аясы) кейіпкер сөзіне қарағанда өте көп көлемді алады және де әдеби тілдің) лингвистикалық және стилистикалық құралдарына сүйенеді [36, 56]. Әдеби тіл – бұл нормаланған тіл, олардың межелері диалектке және жай сөйлемге қарама-қарсы қойылады. Көркем мәтінде автор сөзі де, кейіпкер сөзі де өзіндік айрықша лингвистикалық ерекшеліктерге және конструктивті белгілерге ие болады, олар интонация түрінде, сөз тәртібінің қатынасы, лексика мен синтаксистік конструкцияның сипаты түрінде беріледі. Автор сөзі өзінің сан алуандығымен және кейіпкер сөзі коммуникациялық көзқарас тұрғысынан сипатталуы мүмкін, яғни адами қызмет аспектілерінде, себебі тіл белгілері жүйесі ғана емес, сонымен қатар спецификалық адами қызмет болып табылады. Прагматиканың астарында мынадай мағына жатыр: «жеке түлғаға немесе тұлғаларға қатысты тілдерді зерттеу жоспарларының немесе аспектілерінің бірі. Сөйлем қай мөлшерде лексикалық, морфологиялық және синтаксистік жоспарда түзетпелі болып келеді. Қандай себепте қандай коммуникативті жағдайларда, қандай қосалқы арналулармен және қандай оймен берілген сөйлемдер айтылады және олар бұл жағдайда коммуникативті мақсатқа жете ала ма? Прагмалингвистика пайдалану жоспарында тілдер фактын суреттейді, сонымен қатар, берілген жағдайда адам қандай жағдайда және қандай мақсатта сөйлеп түрғандығын ашып беруге тырысады» [12, 36].
Лингвистикалық прагматиканың қызығушылық танытатын саласына сөйлеуші мен тыңдаушы субьекттердің байланысы мен қатынасы арасындағы мәселелер мен сұрақтар, сөйлеу стратегиясы және сөйлеушінің тәсілі, сөйлемнің өзіндік тәсілі және оның түрлері, сөйлеушінің интенциясы, прагматикалық пресуппозициялары және адресат саласына кіретін коммунативтік сипаттардың толық қатары кіреді: оның жалпы білімділік және мәдени деңгейі, психология, сипат, түсінік деңгейі және субьектінің бағасы, айтылатын фактке қатынасы т.с.с.
Қазақ тіл білімінде көркем мәтін прагматикасы Г.Әзімжанованың монографиясында зерттелген, онда «тіл-, сөйлем-, субьект» үштік прагматикалық тұтастықта және байланыста қарастырылады [42, 8], көркем мәтіннің тұтастығы мен эмотивтілігі семантикалық, синтаксистік және прагматикалық құрылымдары және мәтін сипаты бар изоморфты және адекватты аспекттерде көрсетілген.
Тарихи-публистикалық драма, мысалы, кітаби лексика-стилистикалық құралдардың басым мөлшерде қолданғанын қалайды. Тұрмыстық тақырыптағы пьесаларда сөйлеу, жай сөйлемді және жаргондық лексика-стилистикалық элементтер кездеседі.
Көркем диалогтегі кездесетін стилистикалық маркерленген лексиканың күшті топтарының ішіндегі ең көп қолданатыны ауызша лексика, бұл қасиет сөйлеу диалогіне да тән.
Е.Н. Жанпейісов: «Көркем әдебиет тілінің де, сондай-ақ әдеби тілдің де негізгі материалы – халық тілі, халық тілі байлығының барлық қат-қабаты», - деп жазса, Н.Т. Сауранбаев «әдеби тіл» мен«жалпы халықтық тіл» деген ұғымдарды ажырата сипаттап, жалпы халықтық тілдің әдеби тілге қарағанда әлдеқайда кең құбылыс екендігін айтады. Ол жалпы халықтық тілге ұлттық тіл, оның диалектілері, жергілікті говор, қарапайым сөйлеу тілі, сондай-ақ жазба әдебиет тілін жатқызады [32, 24]. Солай дей келе ол: «Шын мағынасындағы әдеби тілмен салыстырғанда жалпы халықтық әдеби тіл - көркемдік, стильдік, дәлдік, орамдылық жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп тіл», - деп, халықтық әдеби тілге сипаттама бере кетеді [32 32]. Бұл мәселе жайында Р. Әмірдің ойы төмендегідей: «Ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тіл өзара түйісуінің бастапқы кезеңінде де, бүгінгі кемелденген шағында да біріне-бірі әсерін тигізе отырып дамуда. Әдеби тіл ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық жүйесіне сүйеніп қалыптасады. Сонымен бірге образдылықты да осы ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасқан қордан алады» [33,8]. Халықтық қарапайым тіл, әлбетте, әдеби тілмен бір деңгейде бола алмайды, ол үшін олар ақын-жазушылар шығармаларынан орын алып, жазба тілдің сүзгісінен өтуі тиіс. Солардың арасынан кейде көркем туынды авторларының шеберлігінің нәтижерінде әдеби тіл деңгейіне көтеріліп, тілімізде актив қолданысқа түсіп, «бағы ашылып» кететін сөздер болады да, көпшілігі ол деңгейге жете алмай да қалып жатады. Ақын тілінде қолданылған қарапайым халық тілі элементтері ішінде әдеби тіл қолданысына «сұранып» түрған сөздер де кездеседі. Ғалым Р. Әмірдің: «Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің қатынасы тарихи жағынан аса күрделі. Бұл тұрғыдан қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі – тілдің бастапқы қалпы. Оның о баста диалектілік көрінісі басым болғаны да рас. Бірақ, жазба әдеби тілдің қалыптасуымен қатар белгілі кезеңде әдеби тілдің ауызекі түрі де жарыса пайда болады»,- деген [35,8]. Осы ойды медеу тұтсақ, онда ауызекі сөйлеу тілінің әдеби тілімізбен тығыз байланыста өрбіп отыратынына, тіпті әдеби тілдің бастапқы қалпы екендігіне, диалектілік көріністегі сөздердің әдеби норма деңгейіне көтеріле алатынына күмән келтіре алмасымыз анық.
Кейбір жеке сөздер мәнмәтінсіз экспрессивті мағынаны білдіріп тұрады, себебі ол мағына сол сөздер бойына бұрыннан-ақ қалыптасқан, мысалы, қанішерлер! патшағар! - десек, шынында, мәнмәтінді керек етпейді. Тұрақты сөз тіркестері мәнмәтінді де керек етпейді, себебі тұрақты сөз тіркестерінің экспрессивтігі күшті келеді.
Көркем диалогтің синтаксистік негізін стильаралық сөйлемдер құрайды. Қосқұрамды тараған синтаксистік құрылымдар көркем диалогтің әдеби-нормаланған айқындамасын бейнелейді. Ал, ауызекі сөйлеу диалогте стильаралық сөйлемдер негізгі құрылым болып есептеледі. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет