Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет25/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
утетілуова эльмира

А. ... сондай тамаша демалыс болды.
Визуалды – сезімді айтылған ойдың синтаксистік ерекшеліктері суреттерді көріп, талқылап отырған, сөйлеушілердің айтылған ойларымен байланысты. Немесе:
Иә, мен сонда да ойлаймын// -(үнтаспадан көшірме).
Құрылымында араласпаған синтаксистік ұстанымы бар ойларда етістік болмайды, іс-әрекетті көрсететін етістікті (әңгіме бұйымды қайта қою жайында) – визуалды – сезімді деп те атауға болады, оны түсіну үшін орынды көрсететін визуальды қатар өте маңызды рөлге ие болады, таңдалған орын айтарлықтай қолайлы болуы керек.
Сөйлеушінің бірінші айтылған ойының туындауы, оның қарым-қатынас жасап тұрған тұлғаны түсінуі сөйлеп тұрған тұлғалардың жалпы апперцепционалды базасының әрекет етуімен қамтамасыз етіледі
Ауызекі диалогте контекстік эллипсис өте кең тараған. Мысалы:
Сізге кім келеді?
Көп келеді// Профессорлардың өзі тоғыз// -;(үнтаспадан көшірме).
Келтірілген контекстің соңғы репликасы контекстуалды эклиптикалық құрам болып табылады, бұл жерде баяндауыш түсіп қалады. Немесе:
Ол бәрін жіберген/ бірақ ғылыми Кеңеске жібермепті// -.
Бастауыштың жіберілуі арқылы айтылған ойда контекстік эллипсистің туындауына шарттастырылады. Мәселен:
Біздің Айман қалай! бізге оны үлгі ететін/ өмір сүруді білетін// -;
Жағдай эллипсисі ауызекі диалог үшін сипаттық құбылыс болып табылады.
Бірақ/ ол көйлек үшін бұл көп// -(үнтаспадан көшірме).
Аталмыш ой жағдайлық шарттастырылған сипатқа ие, шарттастырылу ауызекі құрылымды біртұтас ұғымға біріктіріп рәсімдейді.
Шайтан/ сап-сау// -:(үнтаспадан көшірме).
Тікелей қарым-қатынас жағдайы жағдайлық эллипсистік құрылымдардың қызметін атқаруды қамтамасыз етеді.
Сөйлемнің құрамына кіретін сөз тіркес эллипсисі контексті толықтауыштың бір түрі болып табылады, ол ауызекі диалогте өте кең тараған. Мысалы:
Оқушылар болмады ма?
Иә/ оқушылар болмады/ және де олар сырттай бөлім туралы айтпайды// -.
Сөз тіркес эллипсисі сырттай бөлім сөз тіркесінің толымсыз құрамынан көрініс табады.
Сөйлем тақырыбы, сөйлемнің жалпы жағдайы тілді зерттеу сөз тіркесі эллипсисінің жүзеге асу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

  • Үшінші таңба қайда?

  • Ана кітапты, қара//-. (үнтаспадан көшірме). Түсіндірме сөздікте жасырын атауы эллипсистеледі.

Қайталама репликалар да ауызекі стилистикалық белгі болып табылады, өйткені ол әр түрлі толық мағынадағы сөздерді біріктіреді:
Бұл бөлмеге келіңкіремейді/ мұнда қоюға болмайды//.
Соңғы айтылған ой бөлшектеп қайталаумен түсіндіріледі:
Мен оған қарап-қарап...ойланудамын// -;(үнтаспадан көшірме).
Сөздердің шылаусыз тіркесуі қазақ тілінің синтаксистік, ауызекі қызметті атқаратын түрі болып табылады.
Фразеологияланған сипатта айтылған ойлар зерттеу әдебиеттерінде стилистикалық сөздік түрінде кездесіп отырады:
Сен оны ескертуге ұмытпа/ ол ескертсін/ менің келетінімді//-;
Дараланған синтаксистік құрылымдар еріксіз лексикалық
толықтауышқа ие және есептік мүшеленуге бағынбайтын фразеологияланған болып табылады.
Ауызекі диалог үшін бөлшекті, модель сөздері бар, оқшау сөздермен синтаксистік құралу сипаты тән.
Бірақ/ әрине/ бәріне көнесің/ ал оның істеп жүргені/ мен ойлаймын/ дұрыс еместігі// -;
Өмір сүру өте қиын болып кетті/ бірақ/ түсінесің бе/ тепе-теңдік жоқ қой//;(үнтаспадан көшірме).
Тұтыну аймағы стилистикалық шектелген синтаксистік құрылымдарға ауызекі құрылымдар жатады, олар экспрессивті бояуға ие субъективті-модальді сөйлемдер үшін арнайы арналған. Мысалы:
Ой/ ол дегенің / жиырма, отыз//-.
Бұны біреу айтқан/ бұны әрине айту керек/ әркім өз бетінше//. Маған... -.
Екінші айтылған ой бұны сөзінен басталады.
Кафедра ойынша? -(үнтаспадан көшірме).
Сөйлеуші айтқан ой - өзінің құрылысы бойынша өте қарапайым болып табылады, ол полипредикативті етіп өзгеруі мүмкін. Кафедра мүшелері әртүрлі ғылыми көзқараспен қарайды, және де олардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына кедергі келтірмейді. Берілген синтаксистік құрылымның бүғып жатқан сипаты ауызекі диалогтегі сигментті құралдарды үнемдеу тенденциясымен байланысты...
Аталған қарапайым конситуативті ойлардың әр қайсысы қарапайым ойды жүзеге асыру болып табылады: «Менің қолымда «Республика» газеті, дүйсенбі күні шыққан»
Стилистикалық ауызекі бояу ерекше позицияда тұрып, қолданылуда жүзеге асады.
Менің шашым онша емес/ ал кескінім қалай болса солай// -Анықтауыш орнын қалай болса және солай деген нақты сөздер алмастырған. Мысалы: Мен олардан қорықпаймыні бірақ ана өлеңдер/ ана өлеңдер баяндауыш орнын бұл жерде ана релятиві ауыстырып тұр. Өзара жеке жай ауызекі құрылымымен қатар, күрделі синтаксистік қатар көрінеді. Күрделі құрылысты жеңілдетеді немесе жарты предикативтік ойларды жеткізеді. Ауызекі диалогінде әртүрлі жеңілдетілген күрделі құрылымдар қолданылады: біртекті байланысқан салалас сөйлемдер, созылмалы түрде, бағыныңқы жеке және басыңқы жеке ойлар. Салалас сөйлемдегі жеке ойдың жүйеленуі де ерекшеленеді.
Ауызекі диалогінде жеке басыңқы сөздер бөлек ойды жүйелейді:
Кей жұмыстарда... орындалады/ бірақ ол/ ана...//-;
Ауызекі диалогтегі мінездес сөйлемдер, синкротизм, басыңқы мен бағыныңқы сөйлемнің кез келуі ерекше құрылым береді. Мысалы:
Қайда кеткені белгісіз// -.
Ауызекі диалогке тағы да бағыныңқы позициясы бөліктенген толық емес қосылған ой, әңгімелер жатады.
Жартылай предикаттық ауызекі диалогінде кең тараған, кітаби синтаксистік қатардан айырмашылығы, кірме ойлардың байланысының қосымшасыз немесе қосымшасыз сөздер көмегінсіз құрылымда көрініс табады. Ауызекі диалогінде жарты предикаттық ойы жабық және ашық құрылады. Сөйлем жарты предикаттық жабық құрылымдық қатарда болады. Мысалы:
– Білесің бе біз оны күттік/ таза ауада жүрмекші болып/ ал ол болса/ бізді үйде күтіпті/ біз ерте шыққан болатынбыз//-(үнтаспадан көшірме).
Ауызекі диалогіне жақын және предикаттық ашық құрылымға қатар тән:
Бас кезінде ол ақ жейдеде/ кейін сүрғылт/ ал қазір/ айтпақшы костюм киіп жүр/ бірақ жеңі үлкендеу ме/ әйтеуір көзге дәу болып көрінеді... (үнтаспадан көшірме).
Стилистикалық мәндегі синтаксистік қатарды толық айқындау үшін арнайы зерттеу қажет. Синтаксистік сөйлемдік құбылыстарының көп тарағандарына шолу жасау біздің алға қойған мақсатымыз еді. Стилистикалық айтылымдар аз көркемделген синтаксистік қатар, тұрақты қатар, әңгіменің үлкен тобы, дәстүрлі түрде ауызекі әңгімемен байланысты предикаттық нақты емес ой құрылымы. Қорыта келгенде, стильаралық және стилистикалық реңкі бар синтаксистік бірліктердің ауызекі диалогіндегі жүйесінің басты ерекшеліктері мынадай: кең тараған түрлері синтаксистік ауызекі қатар түзейді. Кітаби сөздерге диалогте шектеу жоқ. Ауызекі және стильаралық элементтер ұштасуы – трансфорленген топтарға қатар пайда болуына жол ашады. Сөйлеу лексикасы ауызекі диалогінде жиі кездеспегенімен, ол оған біршама қажет, ол диалогті көркемдете, еркіндете және жандандыра түседі.
Диалогте тақырыптық байланыс монологте қолданатын лексемалардың, синтаксистік құрылымдардың қайталануы түрінде тілдік бірліктер арқылы көрінуімен қатар, прагматикалық көрсеткіштердің қатысуы арқылы да жүзеге асады. Бұл, біріншіден, шағылыстың қалыптасуы болса, екіншіден, ынтымақтастық принципін сақтаумен байланысты астармалардың, пресуппозиция көрсеткіштерінің сөйлеу актілерін де байланыстырушы, дамытушы қызмет атқаруы. Диалог құрамында дайын қалпында прагматикалық мақсатта жұмсалатын сөйлесім түрлері бар, олар өзара жұмсалу мақсатының түріне қарай ажыратылады. Сөйлеу жағдайын бірнеше шарттар анықтайды. Оған сөйлеушінің сезім мүшелері арқылы прагматикалық, референтті көрсеткіштер ғана емес, сөйлеушіге оған дейін белгілі білім қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттар да енеді.
Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикасы өте бай, себебі, ол мәселе эмоциямен, экспрессиямен байланысты; диалогтің осы түрінің (ауызекі стиль) стильаралық екенімен байланысты.
Жалпы тіл біліміндегі стилистика мамандарының зерттеулеріне сүйенетін болсақ, онда эмоционалды – экспрессивтік, стилистикалық реңктер анықталған.
Біздің ізденісіміздің нәтижесінде қазақ тіліндегі эмоционалдық, экспрессиялық стилистикалық бояулардың (реңктер) бар екендігін анықтап тұр. Сол стилистикалық реңктердің барлығы да қазақ тілінің ауызекі сөйлеу диалогінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет