Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет27/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
утетілуова эльмира

Ақан қиылып: Өмірде саған деген бір ғана тілегім болсын, тыңдашы менің айтқанымды. (М.Иманжанов. «Менің махаббатым»).
- Не деген масқара, осы сен қашан айтқанымды тыңдайсың? (ауызекі диалог)
Көркем диалогте стильаралық бірқұрамды ой-пікірлер көптеп кездеседі. Бұл жалпылама-жақты сөйлемдер ауызекі сөйлеу диалогінде жауап репликасында диалогтің тез аяқталуына әкеп соғады. Көркем әдебиеттегі бұл диалог ауызекі диалогтің жасанды түрі.
- Өздігіңнен ойланар кезің жеткен сияқты. (М.Иманжанов. «Менің махаббатым»).
- Маған да тіпті ажарлары бек ұнамайды.(М.Әуезов. «Алма бағында»).
Көркем диалогтегі стильаралық дара компонентті сөйлем топтарына атаулы сөйлемдер де енген. Жалпы атаулы сөйлемдер ауызекі диалогте қысқа жауап қайтаруда қолданылады.
-Бала болма.
- Неге?
- Бері кел.
- Қазір. (М.Иманжанов.«Менің махаббатым»).
- Қайдан келдің?
- Көшеден. Бұл диалогтен көшеге шығып келдім деген сөздің бір ғана сөзбен жауап қайтаруынан көруге болады.
Сонымен қатар, көркем диалогте де ауызекі диалогте де жақты, жақсыз сөйлемдер көрініс тапқан. Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Егер ой екпіні түсірілсе, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады.

  1. Сен қайдан жүрсің?- деді Асқар сабырсызданып. (С.Мұқанов «Ботагөз»).

  2. Мен бала емеспін, - деді Ботагөз даусын ширатып, -мен ауылдың ауылдың надан қызы емеспін. (С. Мұқанов «Ботагөз»).

Көркем диалогте күрделі стильаралық синтаксистік құрылымдар кеңінен қолданылады. Ауызекі диалогте құрмалас сөйлемдер көп жағдайда бір нәрсені хабарлау немесе телефон арқылы тілдесім кезінде көрінеді. Төмендегі мысалда стильаралық құрмалас сөйлемдер келтірілген:
- Сен қанша көлеңке десең де, мен өзімше бірдеңелерді білемін ғой. (М.Иманжанов. «Менің махаббатым»).
Көркем диалогте стильаралық шылаусыз күрделі сөйлемдер де қолданыс табады. Көркем диалогтегі ауызекі сөйлеудің қосарланған лингвистикалық табиғаты бір жағынан кітаби-жазбаша стильге, екінші жағынан ауызекі сөйлеуге бейім келеді. Сонымен қатар, өзінің құрылымында трансформаторлық стильаралық құрылымның ерекше тобының пайда болуына мүмкіндік береді.
Көркем диалог үшін екі түрлі стильаралық құрылымды трансформация тән:

  1. кітаби-жазбаша стильдің әсер етуімен;

  2. көркем диалогтің ауызша сөйлеміне байланысты.
    Кітаби-жазбаша стильдің әсер етуі түрлі жүктемелермен

күрделендірілген трансформацияланған құрылымның пайда болуына әкеліп соғады.
Қайталауды қоса алғанда синтаксистік құрылымның ерекше тобы көркем сөзде қайталау қосымша өнертапқыштық функция қызметін атқаратындығын көрсетеді.
Қайталау стилистикалық синтаксистің кең тараған түрі болып табылады, оның функцияларының бірі қобалжу сезімдерін, қайғыны тудыру болып табылады.
- Тоқтатыңдар дейім!... Тоқтатыңдар (С Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).
- Ой, алла-ай, ой, алла-ай!...
Сонымен қатар, қайталау ирониялық әсерді дүниеге әкелуге үлес қосады.

  1. А, қалай? Қалай? (С Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).

Қайталау ауызекі сөйлеуде -не,не? -не үшін? -айтшы,айтшы, -қойшы,қойшы т.б. деген сөздерден көруге болады.
Көркем диалогтің кітаби-жазбаша құрылымының әсерінен трансформацияланған стильаралық құрылым пайда болады. Оның құрылымында ерекше анықтамалар кездесіп отырады.
- Қой, Ақан, тым ірі кеттің! Кімнің қате болып жүргенін кезінде көрерміз оны мен айтып отырған. (М.Иманжанов. «Менің махаббатым»).
Трансформацияланған стильаралық сөйлемнің тобына бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер, кейде бірыңғай мүшелердің толық қатары бар сөйлемдер жатқызылады. Ол сөйлемнің стильаралық құрылымына кітаби-жазбаша стилистикалық нышан береді.
Ауызша сөйлеудің әсері басқа типтегі стильаралық сөйлемдердің трансформациясын стильаралық құрылымында қаратпа белгілердің, кідірме-қортынды жасаулардың, сөйлем ішіндегі кідіріс-тербелістерінің көп мөлшерде пайда болуына әкеп соғады; аяқталмаған ойдың ерекше интонациясы бар толық стильаралық құрылымның пайда болуына, ерекше интонациялы сөйлемдердің пайда болуына әкеп соғады.
Ғылыми әдебиеттерде қаратпа белгілерді қолдану сөйлесудің қандай да бір атрибуттарының қызметін атқаруы мүмкін деген ой-пікірлер талқыға түскен болатын. Қаратпа сөз көркем әдебиет тілінде кеңінен қолданылады, оларды сөйлемнің айрықша белгілеріне жатқызуға ешқандай негіз жоқ. Алайда олар сөйлемнің стильаралық құрылымына едәуір өзгерістер енгізеді, сөйлемнің диалогтілігін атап өтеді, сөйлемнің бейайрықшылық белгісін күшейтеді. Ауызекі диалогте қаратпа сөз басты қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет