Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы


«Қуаныш» және «қайғы» концептілерінің оппозициялық қатынасы



бет11/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
ДИПЛОМ

2.2 «Қуаныш» және «қайғы» концептілерінің оппозициялық қатынасы


Қуаныш пен қайғы адам өмірінде араласып жүретін екі түрлі, біріншісі «+», екіншісі «-» таңбаға ие, біреуі жағымды қасиет болып қуанышқа кенелтетін, біреуі жағымсыз қасиетке ие болып мұңға батыратын күрделі эмоциялар. Сондықтан бұлар қарама-қарсы табиғатқа ие болып есептеледі. Кез келген адам танымында олар белгілі бір дәрежеде өзгешеліктері бар ассоциацияларды тудырады. Ассоциация дегеніміз адам психикасының, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін байланыстыра алуы. Яғни негіз ретінде берілетін құбылыс ассоцияциялары болып оның түрлі қасиеттері, сипаттары, белгілері, сыртқы көріністері, ішкі әлемі табылады. «Қуаныш» пен «қайғы» түрлі жағынан өзгешеліктерге, қарама-қарсылықтарға ие болғандықтан оларды оппозициялық қатынаста қарастыруды жөн көрдік. Сондықтан оларды оппозиция ретінде қарастыру үшін, сөзіміз дәлелді болу үшін қуаныш пен қайғы сөзін айтқанда әркімде туындайтын ассоцияциялардың жиынтығына сүйенуді жөн көрдік. Анкета кіші, орта, үлкен жастағыларға жүргізілді. 



 ТУЫНДАЙТЫН АССОЦИЯЦИЯЛАР

Орта жастағы адамдар

Аты-жөні, жасы


Жынысы

Қуанышқа байланысты

Қайғыға байланысты


1.Айткалиева Серікгүл (23жаста)


әйел

көздің ойнақтауы;

ақ түсті, жылы, жеңіл, тәтті, жас балаға тән;

ақ жауын, көктем

жүректің лүпілі;

қоңыр түсті, ауыр, ащы, қарияларға тән;

түнерген аспан, қыс


2.Есенгелдиева Ляйля

(22жаста)

әйел

қорқу, жылау;

ақ түсті, ыстық, тәтті, жас балаға тән;

жарқыраған күн, жаз

күлу, көңіл көтеру;

қара түсті, салқын, ащы, жастарға тән;

сұр бұлт, жаз


3.Әбішева Аида

(22жаста) 

әйел

күлкі;

ақ түс, жеңіл, ыстық, тәтті, жас таңдамайды;



күн, жаз

жылау;


қара, ауыр, суық, ащы, 

бұлт, қыс


4.Дарханов Айбек

(25 жаста)

ер

Жымию, ән айту; 

ашық түс, жеңіл, ыстық, тәтті, кішкентай балаға тән;

күн сәулесі, көктем

зарлау; мұңаю

қара түс, ауыр, ызғарлы, улы, егде адамдарға тән;

боран, суық қыс


5.Сағиев Қанат 

(27 жаста)

ер

асыр салу, алақайлау 

ақ пен жасыл түс, жеңіл, жылы, сәбиге тән;

ашық аспан, наурыз айы

өксіп жылау;

қара, сұр түс, ауыр, суық, қарияларға тән;

дауыл, боран, қыс


6.Қалмақанова Гүлбаршын

(22 жаста)

әйел

күлкі, секіру;

ашық қызыл түс, орташа, балаға тән;

жылы күн, көктем

жоқтау айту, көз жасы;

сары түс, қарттарға тән;

күз, көктем


7. Кеңес Мадина 

(21 жаста)

әйел

алақайлау, секіру;

ақ түс, жылы, жеңіл, тәтті, жас таңдамайды;

самал жел, көктем

көз жасы, уайымдау;

қара түс, ауыр, ащы;

дауыл, күз


8. Жақанов Ағыбай

(20 жаста)

ер

шаттану, билеу;

ашық түс, жылы, тәтті, орташа;

кемпірқосақ, жаз

көңіл-күйдің болмауы;

сары түс, суық, улы,;

үскірік, аяз, қыс


9. Кенжалин Нұрлан

(18 жаста)

ер

жадырау, құлпыру;

таза ақ түс, ыстық, дәмі балдай, жеңіл;

күннің ашылуы, көктем

өлім, о дүниеге кету;

қара түс, суық, ащы, ауыр, зілдей;

бұлт, қар, қыс



Қариялар

10 .Оразақов 

Мыңжасар

(60 жаста)


ер

сәбидің дүниеге келуі, 

жасыл түс, ыстық, салмағы орташа;

жарқыраған күн, жаз

біреуден айырылу;

қара, сары түстер, суық, улы, ауыр;

тұман, дауыл, қыс


11. Ерманова Әлиза

(69 жаста)

әйел

тойлау, немере сүйу;

ақ түс, ыстық, салмағы жеңіл;

ашық аспан, жаз

жоқшылық, аштық;

қара, суық, улы, ауыр;

қара дауыл, ызғарлы қыс


12. Аманқұлов

Жонысбай

(70 жаста)


ер

қыз ұзату, келін түсіру;

ақ түс, жылы;

көк аспан, күн, көктем

қаралы той, өлім;

сары, қара түстер, ауыр;

қатты жауын, аяз, қыс


13.Шағарина

Зияда

(75 жаста)


әйел

бейбітшілік, дені саулық

ақ түс, ыстық; 

күн нұры, жаз 

ауру, мұңға бату;

қызыл, қара түстер, ауыр;

боран, қақаған қыс


14. Молдашева Айша

(61 жаста)

әйел

үлкен той-думан, шаттыққа бөлену;

ақ түс, жеңіл; көктем 


жалғыздық, жетімдік;

қара түс, өте ауыр;

боран, қараңғылық


15. Сарыбалаев Шоқан

(55 жаста)

ер

халықпен көрген той;

ақ түс, тәтті, жылы;

ақ жауын, көктем

жақын адамнан айырылу, қапалану;

қара түс, ауыр; 

ызғарлы қыс



Кішкентай балалар

16.Таубаев Айдар

(5 жаста)

ұл

билеу, ойнау

алтын түсті, сүттей; тәтті, жылы;


далаға жібермеу, 

жылау; 

17. Қойшин Бауыржан

(7 жаста)

ұл

қыдыру, туған күнге бару;

тәтті, жылы;

жаз

анамның ұрысуы, екі алу; жылау; 


18.Нұралиева Алия

(15 жаста)

қыз

әдемі киім алу, күлу;

тәтті, жылы;

жаз

достарыммен ұрысып қалу, адамның өлімі;

ыстық, қара түсті

20.Әшімова Ақерке

(13 жаста)

қыз 

жазғы демалыстар, ауылға бару; 

балмұздақтай тәтті;

жаз

сұрағанымды әпермеу, адамның өлімі


21.Қанатпаев Әлім

(10 жаста)

ұл

достарыммен ойнау, күлу; 

тәтті, жылы;


балалардың мені ұруы, туыстарымның ауыруы;





Осы жүргізілген анкетадан қуаныш пен қайғының өзіне тән қасиеттерінің бар екенін көреміз. Оның өзі кішкентай баланың, орта жастағы адамның және қариялардың ойында, танымында түрліше көрініс табады. Мәселен, кішкентай балада қуаныш және қайғы сезімдерімен байланысты туындайтын ассоцияциялар нақты, анық емес, көмескел, ал орта жастағы және қарт адамдарда туындайтын ассоцияциялар анығырақ, нақтырақ көрініс табады. Кішкентай балаларда қуаныш сезімі ойынмен, демалыстармен байланысты көрінеді, ал орта жастағыларда сыртқы әлем арқылы көрінетін (билеу, ән салу, асыр салу, секіру) құбылыстармен байланысты ашылады. Қарт адамдарда ол немере сүюмен, қыз ұзатумен, келін түсіру сияқты той-думандармен байланысты. Қайғы кішкентай балаларда түсінігінде дұрыс ашыла алмайды, себебі олар әлі толық өмірді көрмеген, өмір жолына енді-енді қадам жасаған таза кейпінде болады. Орта жастағыларда біршама жақсы көрініс табады. Қарттардың ойындағы қайғы аурумен (сол жасқа тән), жақын адамдардан айырылумен, соған байланысты жасалатын кәделермен байланысты ашылады.
Осының негізінде олардың оппозициялық қатынасы жасалды. 
«Қуаныш» және «қайғы» концептілерінің ассоциативтік өрісіне енетін сөздердің оппозияцилық қатынасы:

Құбылыстар 

Қуаныш

Қайғы

1 өткінші эмоциялар


күлу/жымию


жылау/зарлау


2 күрделі эмоциялар


көңіл-күйдің көтеріңкілігі


көңіл-күйдің болмауы


3 психикалық күй


шаттану, жадырау, 

асыр салу

мұңаю, уайымдау,күйзелу, жабығу


4 табиғи болмыс


адамның дүниеге келуі (өмір)


адамның дүниеден өтуі

(өлім)

5 үлкен шара


той-думан, мейрам


қаралы той


6 физикалық параметрлері мен қасиеттері:

символ, түс

температура

салмағы

дыбыстық қасиет

дәмдік қасиет

оптикалық қасиет


ақ, ашық түстер

жылы

жеңіл


шу

тәтті


ашық

қара, сары

суық, ызғарлы

ауыр


тыныштық

ащы, улы


тұманды

7 жас мөлшері


жас балаға тән


қарт, егде адамдарға тән


8 физикалық күй


дені саулық,

семіру

ауру/дерт/індет,

азу/жүдеу

9 әлемдік құбылыс


бейбітшілік


соғыс

10 белгілі бір сенімділікке негізделген дүниетану түсінігі 


оптимизм


өмір сүргің келу

писсимизм

өмір сүргің келмеу

11 соңғы бір күйге бағытталған мақсаттың нәтижесі



жеңіс


жеңіліс

12 хабар 


жақсы хабар

сүйінші сұрау

қаралы хабар

көңіл айту

13 әлеуметтік күй


көпшілік

жалғыздық/жетімдік/жесірлік

14 географиялық орта


өз туған жерің


жат жер

15 хал-жағдай

молшылық, тоқтық


жоқтық, аштық


16 эволюциялық даму


өсу, өркендеу


қуару, солу


17 ауа райы


Күн, күн сәулесі 


түн, бұлт, дауыл, боран, аяз


18 жыл мезгілі


көктем, наурыз айы


Күз, қыс


1) Қуанышқа кенелген адам күледі, жымияды, қайғырған адам жылайды, зарлайды. Бұл адам танымындағы жағымды және жағымсыз құбылыстарға байланысты туындайтын сыртқы өткінші эмоциялары.
2) Қуанған адамның көңілі көтеріледі, қайғырғанның көңілі болмайды.
3) Екеуіне де психикалық күйлер тән: біріншісіне шаттану, жадырау, асыр салу, екіншісіне мұңаю, уайымдау, қобалжу, жабығу тән. 
4) Әлемнің бейнесінде өлім мен өмір қарама –қарсы, кейде бірінен кейін бірі жүретін үрдіс ретінде есептеледі. Сондықтан да бірі қуанышпен, бірі қайғымен байланысты.
5) Қуанышты халық той-думан, мейрам жасаса, қайғырған адам өлікті шығарады, қаралы той жасайды.
6) Қуаныш түсі ақ (себебі ақ түс– тазалықтың, пәктіктің символы, ана сүті), көгілдір (көк , ашық аспанның символы) болып табылады. Қайғы қара түсті. Қара – қайғырған адамның киетін киімі (орыстарда: похоронное платье, қазақтарда қара жамылды деп айтады), жоқтау айтқанда жайлып тұратын шаштың түсі, қараңғылық пен қорқыныштың түсі.
Қуаныш жылы, кейде ыстық болады, қайғы салқын, суық. 
Қуаныштың дәмі балдай тәтті, қайғының дәмі ащы және улы. 
7) Қуаныш пен қайғыны жалпы шартты түрде алғанда белгілі бір жас мөлшеріне тән деп айта аламасақ та, халқымыздың ұғымында қуаныш балалықпен байланысты болса, қайғы кәрілікпен байланысты. 
8) «Денсаулық – ең басты байлық» болғандықтан еш жері ауырмайтындар қуанышқа жақын болады, ал жазылмас ауру – ең үлкен қасірет болып табылады. Қуаныштан, шаттықтан адам семірсе, қайғы мен уайымнан арықтайды.
9) Ауқымды түрде алатын болсақ, қуаныш ол әлемде орнаған бейбітшілік, ал қайғы соғыс.
10) Қуаныш адамды алға қарай ұмтылдырады, алдында жарқын болашақ күтіп тұрғандығы туралы сенімді қалыптастырады. Ал қайғы, керісінше, өмірден түңілдіреді, болашаққа деген сенімділікті жояды.
11) Жеңгендер қуанады, жеңілгендер қайғыруы мүмкін.
12) Жақсы хабар, сүйінші сұрау қуантады, қаралы хабар, көңіл айту мұңайтады.
13) Қазақ халқы: «көппен көрген – ұлы той» деп, бекерге айтпаған, қуаныш, той-думандар көпшілікпен бірге қарсы алынады. Ал қайғы, әсіресе, жалғыздықта қатты жанға батады. Жалғыздық, жетімдік, жесірлік – жақын адамнан айрылуды білдіреді.
14) Өз туған жерінде жүрген адам қуанады, жат жерде жүрген елін аңсап қапаланады, қайғырады.
15) Қуаныш молшылықты, тоқтықты білдірсе, қайғы жоқтықты аштықты білдіреді.
16) Қуаныш адамды өсіреді, өркендетеді, қайғы керсінше, солдырады, қуартады.
17) Күннің жарқырауы, аспанның ашықтығы қуантады. Ал ауа райының бұзылуы, бұлттың қаптауы, дауыл, боран, аяз қайғыға тән. 
18) Қуаныш көктемнің, жаздың келуімен, көктің шығуымен байланысты да, қайғы аязды қыспен, сарғайған күзбен байланысты ассоцияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет