11) Сананың қуанышқа, қайғығы реакциясы – «есі кету» (көп мағыналы фразеологизм) ретінде көрінеді. Адамның қуаныштан да, қайғыдан да есі кетеді. Осыған байланысты орыс тіліндегі фразеологизмдер: обезуметь от радости, обалдеть от радости, не помнить себя от радости, потерять рассудок, потерять голову (ср. головокружительная радость). «Санамен сарғаю» деген де фразеологизм бар.
12) Жүрек – эмоциялар орын табатын орган. Қайғырған адамның «жүрегі қарс айырылады», «жүрегіне ине шаншылады», «жүрегі қысылады». Қуанған адамның «жүрегі атша тулайды», «қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды» (орыс тілінде: сердце затрепетало, сердце готово выскочить из груди, сердце вырывается из груди, сердце бьется / стучит / колотится, сердце подпрыгивает). Субъектінің барлық эмоцияларының жиынтығы сондықтан да жүрек пен жан ішіне орналасады. Мысалы, жүрегі от болып жанды, жүрегіне ине шаншылды, жүрегі атша тулады, жанына батты, жаны қалмады т.б. (мысал жаз-идиома).
Қуанған кезде қуаныш адамның жүрегінде паналайды: Мысалы: Жүрегін толтырған қуаныш та, назды мұң мен толқынды ыстық ой да – барлық пердесіз, қалтқысыз шынын осы әнге табыс еткен (М.Ә. Абай жолы).
13) Қайғы да, қуаныш та аудиалды (вербалды) тәсілмен беріледі. Себебі адам өзінің физикалық кейіпі мен ішкі сезімін, қайғысы мен қуаныш сезімін тіл арқылы жеткізе алады. Қазақ халқы ертеден- ақ «қуанышты бөліссе – көбееді, қайғыны бөліссе азаяды» деп сенген. Өйткені жеке- дара табиғат аясында жүріп көрген, болмысына сіңірген әр түрлі жағымды, жағымсыз әсерлер қалайда сыртқа шығуы керектігін қазіргі медицинаның өзі дәлелдеп отыр. Елге, қауымға жетсе ғана, шаттанған, мұңайған жеке тұлғаның жан дүниесі босайды, жеңілденеді, еркіндікке сүйсінеді. Сондықтан да адам «қуанышы қойнына сыймай», «қуанышын ішіне сыйғыза алмай», «қуанышын жасыра алмай» жақсы хабарды елге жаяды. Мысалы: Енді өзім білген жақсатымды айтайын, Абай аға! – деп алып, ол Абай мен Дәрменді анық көңілдендіріп, қуантарлық хабарды бастады (М.Ә.Абай жолы).
Адам басына төнген қайғысын да өзгеге айтып босату – қайғымен қош айтысудың жалғыз және қажетті тәсілі. Мысалы: ^ Шұбар бұған келгенде: «Қиыны осы болар- ау», «Қайғысын көпке паш қып еді» (М.Ә.Абай жолы). Кейінгі әңгімеде сол жөнде, өзінің көп өлеңіне көптен араласқан ел жайындағы қайғылы ойларын таратып айтты (М.Ә.Абай жолы). Ғазиза да екі шешесімен қосылып, жүректерін жеген қайғыларын сыртына шығарып сөйлескенде, бұрынғы өткен күндерін сағынушы еді (М.Ә.Қорғансыздың күні). Осындаймен қайғыны айтам деп, қайдағыны кезетін қаңғыма сөздер көбейген (М.Ә.Абай жолы).
Вербалды түрде жеткізілетін хабардың өзі қуанышты хабар және қайғылы хабар болады. Жер бетінде өз қуанышыңды жаһанға жар салып, сүйінші сұрау сезімі тек түркі тілдес халықтардың біразына ғана тән болған. Мысалы: Айтпақшы, шүйінші, осы бір жұмадан бері біздің ауылдардың барлығы жағалай той жасап, құнан шаптырып, қуаныш етіп жатыр (М.Ә. Абай жолы).
Қайғылы хабар көбіне елді күйзелткен жағдай, кісі өлімі, ауру- індет тарағаны туралы болады. Мысалы: ^ Абай Ақшоқыдан «Оспан ауру» деген хабармен Жидебайға асығып жете бергенде, алдарынан қос атпен шыққан шапқыншы, қаза болған, қайғылы хабарын да білдірген (М.Ә.Абай жолы). Міне дәл осындай өзгеше өнімі бар, жемісі мол қоңыр күзде, тағы бір шаңқай түсте, ойда жоқ, өзгеше суық хабар жетті (М.Ә.Абай жолы).
Достарыңызбен бөлісу: |