Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы


) «Қайғы» концептісі от стихиясымен



бет18/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
ДИПЛОМ

9) «Қайғы» концептісі от стихиясымен байланысты. Қайғы туралы көптеп кездесетін фразеологизмдердің өзі осыған куә: жүрегі от [өрт] боп жану; іші бауыры өртену; іші оттай күю [жану]; кеудесі өртену т.б.
Мысалы: Не десем саған еп, 
Ғашығың да қайғы жеп.
Өртенген жүрекке,
Бір көрген болар сеп (Абай).
Мысалы: Соңғы алты ай ішінде, барлық жалын атқан қайғысы жалғыз баласы Құтжан жайы (М.Ә.Абай жолы). Мынау үлкен балам жазылмай, тағы да қайталап жазым боп кетсе, әйелім мен шешем обадан бұрын қайғы- қасіреттен өртеніп өлетін (М.Ә.Абай жолы). Қайғы болды күйгендей ол қуатым еді рас (Абай).
Қуаныштың да біршама отпен байланысы мынадай фразеологизмдерден көрінеді: қуаныш оты жарқ етті; көзі шырадай жанды; өлгені тіріліп, өшкені жанды т.б.
Осы көрсетілген мысалдардан шығатыны: қайғыға кенелген адамның оттай күйуі, өртенуі, жануы ұзақ процесс ретінде сипатталса, қуанышты адамның қуаныш оты жарқ етуі, көзі шырадай жануы, өлгені тіріліп, өшкені жануы қайғыдағыдай ұзақ процесс емес, тез күтпеген кезде болатын құбылыс. Сонымен қатар осындағы қайғы сезімімен бірге жүретін от, жану сөздері көбінесе адамның ішкі әлемімен, көзге бірден көрінбейтін ішкі сырымен (жүрегімен, іші бауырымен, кеудесімен) байланысты болса, қуаныш сезімімен бірге жүретін осы сөздер адамның сыртқы бет-бейнесінен көріне алады. 
10) Қазақ халқының танымында қайғы сұйықтық ретінде ұғынылуы мен елестетілуі орын алған. 
1) ҚАН. Қайғымен қан жұту; қасіретпен қан жұту; қан жұту (фраз.). Мысалы: Бетінен осылар үшін қан ағып, жүзіне таңба түскенде « қаным да бұлардың қайғысына араласты, текке кетпесін!..» деп бекіген (М.Ә. Абай жолы). Ал Абай қайғысы үшін қан жылауға бар (М.Ә. Абай жолы).
2) Осы топқа енген «қайғыға» қатысы бар етістіктер көбінесе сұйық заттарды білдіретін сөздермен бірге айтылғандықтан, «қайғының» бойында сұйықтыққа тән қасиет барын көреміз. Мысалы: Көкірегі шерге толу; шер жұту (фраз.). Кемпір бәрін айтып жылап, қызы мен келіні ішінен тынып, қайғы жұтып отырған күйін ойлағанда, азырақ сілкінгендей болды (М.Ә.Қорғансыздың күні). 
3) «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» – деп Абай атамыз айтқан. Шыныменен -ақ, қатты қайғырған адам зарлап, аңырап, ағылып кеп жылайды. Оның бәрі көзден жас болып ағады. (Ол туралы жоғарыда айтылды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет