Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы


) «Қайғы» концептісінің сындық, сапалық белгілерін



бет16/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
ДИПЛОМ

3) «Қайғы» концептісінің сындық, сапалық белгілерін білдіретін тобы: қалың, ауыр, ащы, улы, бұрынғы, жаңа, неше түрлі, шын, қапалық. Мысалы: Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар (М.Ә.Жетім). Нелер ауыр қайғы, қажытқан уайым, шаршатқан қасірет, жаулықың да талай-талай уланған қастығы еске түседі (М.Ә.Абай жолы). Бірақ бәрінен ауыр, бәрінен ащы, бәрінен улы қайғы не?. (М.Ә.Абай жолы). Бұрынғы қайғының бәрінен жаңа қайғы күшті болды. Неше түрлі қайғы бар, бишараның басында(М.Ә.Абай жолы). Бұрынғы бала – бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді (М.Ә.Жетім). Арамызда екеуімізді қоспай тұрған ауыр сырым, қапалық қайғым, қатал тағдырым сол дедім ғой (М.Ә.Абай жолы).
Сонда қайғының тығыздығы қалың, салмағы ауыр, дәмі ащы, улы, шын, қапалық. 
«Қуаныш» концептісінің сындық, сапалық белгілерін білдіретін тобы: ыстық, көп, шын.
Мысалы: Әр өңірге сәл тоқтаса, нелер ыстық қуанышты елес береді (М.Ә.Абай жолы). Сол ретте Әбіш пен Мағаш арасындағы ойда жоқ күйден туып ұлғайған мол махаббат жайын Дәрмен көп қуаныш етіп тамашалайтын (М.Ә.Абай жолы). Көп бөтен жұрт арасында, іздеген Абайларын жаңа тапқан екі қарт, шын қуанышты сияқты (М.Ә.Абай жолы). 
Сонда қуаныштың температурасы ыстық, саны көп, шынайы.
4) Эмоцоиналдық күй туралы сыртқы келбет хабардар ете алады. Адамның жүзіне, көзіне, бет- ажарына қарап- ақ дәл қазір қандай күйде отырғанын айтуға болады. Ол оның басына түскен қайғысын немесе қуанышын білдіре, көрсете алады. Қуанған адамның «көзі шырадай жанып», бет- жүзі жадырып «екі езуі құлағына жетеді». Ал мұңайған қайғы азабын шеккен адамның бетінде бейнет пен азаптың ізі іспетті әжімдер пайда болады, жылай- жылай көзінің оты сөніп үлкен уайымда болады. 
Адамның бет-ажарынан көрінетін қуаныш сезімі: «Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға» – деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады(М.Ә.Абай жолы).. Туыстары Абайды жарқын жүзбен, қуанып қарсы алды. «Жетеріне жеткен шығар- ау» деп қуанып қарайтын еді өзіме (М.Ә.Абай жолы).Қуаныш, бақыт араласқан жарқын жүзбен қатты күрсінді (М.Ә.Абай жолы). Өзінің ішінде жүрген бір қуанышын ірке алмай, жасыра алмай, жарқырап білдірді (М.Ә.Абай жолы). Осы күйі, бір ғана сәт жалт еткен, сәл қуаныш жүзі екен. Олардың кейіске, ренішке толы ажымды жүздеріне қазір бір сәтке ашық сәуле түскендей, қуанышқа сүйсінген елес білінеді (М.Ә.Абай жолы). Бірақ оқыған жігіт жүзінде бұндай қуаныш жоқ (М.Ә.Абай жолы).
Ресей психологы Е.П.Ильин К.Г.Ланге зерттеуіне сілтеме беріп, қуанышқа сипаттама береді: «Она сопровождается возбуждением двигательных центров, приводящим к разряду моторного возбуждения (жестикуляция, подпрыгивания, хлопанье в ладоши), усилением кровотока в мелких сосудах (капиллярах), вследствие чего кожа тела краснеет и становится теплее, а внутренние ткани и органы начинают лучше снабжаться кислородом и обмен веществ в них начинает происходить интенсивнее» [45, 162 б.]. Қуаныштың объективті симптомы– терінің қызаруы. Л. Иорданской и С.Паперно ойынша, бұл өзге эмоциялармен қатар қуанышты да білдіреді. Мысалы: Нұрлы қызыл жүзі іш қуанышымен, шын рақатымен жадырағандай, жайнай түседі (М.Ә.Абай жолы). Оның жүзінде шапақ атқан, ақ- қызыл қуаныш ажары бар (М.Ә.Абай жолы). Молда пішін, мүләйім боп отырса да, Тәкежан қып-қызыл боп қуанып кетті (М.Ә.Абай жолы). 
Э.Изард Кэррол «Эмоциялардың психологиясы» еңбегінде: «Жымию мен күлкі сияқты көріністер оңай түрде ашылады және әрқашанда қуаныш эмоциясы екендігін куәлендіреді» – дейді [46, 150 б.]. Мысалы: Екі езуі құлағында <екі езуі құлағына жету> (фраз.). Ел жүзінде, қазіргі ақын түсіндегі, ән үстінде езу тартқан жарастық күлкідей боп, шат қуаныш күлкі көрінеді Абай көзіне. Сыпайы күліп, қуаныш ете қарап отыр (М.Ә. Абай жолы).
Қуаныш эмоциясының активті «локализаторы» – көз. Қатты қуаныштан адам тек қатты күліп қана қоймайды, жылауы да мүмкін. Қуанған адамды «көзі шырадай жанды» деп айтады. «Көз қуаныш» деген де түсінік бар. Орыс тілінде: глаза сияют/светятся/блестят от радости.
Қайғының белгілері де адамның қас-қабағынан, көзінен, әжімдерінен белгілі болады. Мысалы: Мұңлы кемпірдің шер-уайыммен сарғайған жүзі, қайғымен түксиген қабағы бір қалыпты қатқандай, тасқа түскен таңба секілді (М.Ә. Оқыған азамиат). Сендердей жандар жұбату айта келгенде , Әбішті жоқтай келгенде, мен алғыс айтпасам, астарыңды бірге ішіп, қайғылы қабағымды ашпасам аруақ ырза болмас еді (М.Ә.Абай жолы). Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ (М.Ә. Қорғансыздың күні). Оның да жұп- жұқа сұлу майда жүзінен ауыр қайғы, улы жас көріп тұрса да: «Жұбата алмаймын, қымбаттым, жалған айта алмаймын сізге көгершінім! Ғабдрахимнің саушылығы қуантпайды, не шара, не шара!?» дейді (М.Ә.Абай жолы) . Күз күніндей жабырқап жүдеп, қабағы қатқан қайғыда (М.Ә.Абай жолы) . Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр (М,Ә, Жетім). Маңдайы мен екі ұртына түскен қатпары, қалың терең әжімдері өмірінің талай қайғы, талай бейнетіне куә (М.Ә, Қорғансыздың күні).
Көз – адамның эмоционалдық күйін, оның барлық ішкі болмысында болып жатқан процестерді көрсете алатын қасиетке ие орган. Көзінен ыршып шығатын көз жасы – қайғының символындай. Тіпті, қатты қайғырған адамның жылап көз жасын төгетіні соншалық, ол тіпті екі көзінен айырылып қалатындығы туралы өмірде болған шынайы оқиғалар да кездеседі. Жақыны о дүниеге аттанғанда, жазылмас дертке ұшырағанда, қайғылы оқиғаларға тап болғанда көз жасын төгу – мұңға батудың, қайғыға ортақтасудың, аяушылықтың белгісі .
Мысалы: Көкірегі қайғылы, көзі жасты (фраз.). Бұрынғы бала – бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді (Ж). Ал Абай қайғысы үшін қан жылауға бар (М.Ә.Абай жолы) . Оның да жұп- жұқа сұлу майда жүзінен ауыр қайғы, улы жас көріп тұрса да: «Жұбата алмаймын, қымбаттым, жалған айта алмаймын сізге көгершінім! Ғабдрахимнің саушылығы қуантпайды, не шара, не шара!?» дейді (М.Ә.Абай жолы) . Мал ұсталғалы басында қайғыртып жылатып, кішкене сорлы жетімнің ішіне у болып жиналып жүрсе де, әрі- беріден соң ол қайғы бөлек қалды (М,Ә, Жетім).
Сонда қуанған кезде адамның жүзі жарқырап, езу тартып, көзі шырадай жанса, қайғылы кезде бетінде әжім пайда болып, қабағы түсіп ағылып кеп жылайды. Яғни қуаныш пен қайғы сезімдері адамның сыртқы келбетінен көріне алады.
  5) «Қайғы» концептісіндегі ауа райының белгілерін білдіретін топ: аяз, жауу, дауылдың қара бұлты.
Мысалы: Жамбасына аяздай бату (фраз.). Жетім-жесірге ес болып отырған кемпір, басынан қара тұман айықпай үсті- үстіне қайғы жауып, қабат қаза көрген соң, Құдайға, тағдырға нанған көңілмен бір уақыт шын жалбарынып, назаланып: «Құдай- ау, не күнә сұмдығымнан осындай қаза душар қылдың? Не жазығым бар еді?»– деп меңіреу дүниеге сұрақ қоюшы еді (М.Ә. Қорғансыздың күні). Дауылдың қара бұлтындай болып, әдейі басына арналып келе жатқан қайғы – қасіретті көріп, соның алдынан айласыз- әлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің жүзінде үлкен сабыр бар (М.Ә. Қорғансыздың күні). 
«Қуаныш» концептіндегі ауа-райының белгілерін білдіретін топ: саябырлап басылмау, бұлттың аспан арасынан тууы.
Мысалы: Әзір саябырлап басылмаған қуаныш бар тәрізді (М.Ә. Абай жолы). Бұлтты аспан арасынан, қуаныш, сәулелі, күлкілі, жүзі бар Абайдың жалғыз ғашығы – Тоғжан жүзі туды (М.Ә. Абай жолы). Жаңағы жалтыраған күншуақты қуаныш сәулесін енді күдік пен дерттей, соңғы ойлар бұлттары бүркеп басып барады (М.Ә. Абай жолы).Павлов әкелген осындай үмітке толы ойларын Абай көңілінің ендігі жүдеу күйіне алыс та болса, өте жарық қуаныш сәулесін салғандай болады (М.Ә. Абай жолы).
Қайғы суық аяз, даыулдың қара бұлт, жауған қардай болса, қуаныш керісінше, оған оппозициялық қатынаста болып, бұлтты аспан арасынан туған сәулелі күн, саябырлаған жел ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет