Кіріспе жұмыстың жалпы сипаты



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата11.05.2023
өлшемі0.57 Mb.
#473523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кіріспе ж мысты жалпы сипаты

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, 
өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір 
немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын 
қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, 
кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі 
де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында 
көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы – шығарма сыртында – баяндаудан 
да, суреттеуден де тыс; авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен 
штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму 
үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; 
композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ. 
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта 
болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – миф, одан 
кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.[5, 296-297]. 
Ал,орта көлемді эпикалық жанрдың түлеріне: повесть, поэма т.б. 
жатса, кең көлемді эпикалық түрге роман,эпопея т.б. жатқызуға болады. 
Эпикалық жанрлардың анықтамасын беріп,оның түрлеріне тоқталдық. 
Енді эпикалық жанрдың табиғатын ашу үшін өзіндік ерекшеліктерін 
сипаттауға, басқа жанрлармен өзара салыстыруға кірісеміз. 
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық 
шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, 
олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы 
ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең 
психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне 
адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына – түрліше тағдырлар 
тартысына құрылатыны мәлім. 
Сөйтіп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан 
жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде 
бейнелеу өнерінің үш түрімен салыстыруға да болады: мәселен, эпос – 
живопись, лирика – орнамент секілді болса, «бір ғана диалогтан тұратын драма 
бір түсті графика тәрізді» (В.Кожинов) екені де рас. 
Эпикалық және лирикалық жанрлар – өмірдің екі арнасы, бір-біріне мүлде 
ұқсамайтын екі көрініс; драмалық жанр – сол екеуінің өзара жымдасып, 
дербесті тұтас бір тұлғаға айналуы. 
Эпостық туындыда бейтараптық, объективтік басым. Ол автордан да, 
оқушы қауымнан да тыс оқшау, бөлек тұрған дүние. Эпикалық жанр табиғат 
пен өмірді еш нәрсеге телімей, оқшау, өздеріне де өздерінен өзгенің бәріне де 
бейтарап қалпында қарастырады. 
Ал лирикалық жанрда керісінше, субъективтік басым жүреді, автордың 
өз басының жай-жапсары басым келеді. Жан-Поль Рихтердің айтуы бойынша: 
«Лирикалық жанрда суретші өзінің салған суретіне, ақын өзінің өлеңіне 


12 
айналып кетеді». Эпосты сәулет, сурет, мүсін өнерлері тәрізді білімдар 
өнерлермен салыстыруға болатын болса, лириканы тек музыка өнерімен ғана 
салыстыру мүмкін. 
Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін 
драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, 
әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық 
суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары – эпостық баяндауды 
жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Мұны Горький де айтқан-
ды. Ал Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, 
мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе – оқиға 
екенін ескертеді. Бұдан шығатын түйін – эпос жан-жақты жанр: эпикалық 
шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен 
тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан 
суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, сайып келгенде, 
адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі. 
Эпикалық шығармаларда қоғамдық өмір шындығы мен адамдар 
тағдырының жекелеген сәттері мен кезеңі де, сондай-ақ тұтас дәуір, бірнеше 
ұрпақ ғұмыры да кеңінен қамтылып, жан-жақты көрініс таба алады. Сөйтіп, 
эпикалық туындыларда уақыт пен кеңістік тұрғысынан ешқандай шектеулік 
болмайды. 
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский айтқандай, эпостың айрықша 
ерекшелігі – онда оқиғаның үстемдік құруы, яғни, «эпостың геройы – оқиға» 
болуы. Алайда «Жазушының оқиғаның тарихын жазбайтынын, адамның нағыз 
тарихын жазатынын» (М.Горький) ескерсек, оқиғаның атқаратын рөлі де өз-
өзінен айқындалып қалады. Оқиға, түрлі жағдаяттарды әңгімелеу-баяндау 
автор үшін түптеп келгенде сол оқиғалар ортасында көрінетін кейіпкерлерді, 
олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу арқылы мінездерін даралау, 
тартысты таныту үшін қажет. 
Эпикалық шығарманың және бір айырмашылығы, мәселен, лирикадан, 
баяндаудың байыптылығы, яғни автордың өзі әңгімелеп суреттеп отырған 
өмір құбылыстары мен кейіпкерлер хақында сезімге берілмей, оқиғалар дамуы 
мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты объективті, байсалды, жүйелі 
әңгімелеп беруі. Авторлық позиция немесе шығарма идеясы оқиғалардың 
табиғи өрбуі, аяқталуы, тартыстың шешімі, кейіпкерлер тағдыры арқылы 
танылуға 
тиісті. 
Міне 
осы 
себепті 
де 
Белинский 
эпикалық 
поэзияны объективті поэзия деп атаған. Бұл сөздің (эпос – объективті поэзия) 
төркіні Гегельде жатыр. 
А.Байтұрсынұлының әдебиетші-ғалымдық еңбегінің жемісті бір бағыты – 
оның ұлттық әдебиеттану терминдерін қалыптастыру жолындағы зор 
нәтижелі ізденістері. Ахаң қалыптастырған көптеген термин-ұғымдар әдебиет, 
әдебиеттану саласына әбден сіңісті болып кетті. Алайда Ахаңның әдебиеттің 


13 
үш тегіне қатысты атаулары (әуезе, толғау, айтыс-тартыс) сәтті деу қиын, бұл 
жөнінде акад. З.Қабдоловтың байыпты пікіріне ден қоямыз.Үш тектің де 
бейнелеу тәсілдеріне тән өзіндік ерекшеліктерді А.Байтұрсынұлы өте 
орнықты түрде сипаттап берген. 
Мәселен, эпостық тектің бейнелеу ерекшелігіне қатысты ой-
тұжырымдарына тоқталып өтейік. «Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін 
қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады» дей келе, 
Гегель секілді ол да ішкі ғалам, тысқы ғалам ұғымдарын қолданғанын көреміз. 
Әрі қарай оқиық: « Әуезе – тысқы ғалам туралы сөз. Ақын әуезе түрінде 
сөйлегенде (яғни, оқиғаны баяндағанда - С.М.) уақиғаның ішінде өзі болып, 
бастан кешірген адамша (онда бұл лирикалық тәсіл болар еді – С.М.) 
сөйлемей, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, хатта 
біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету – 
тысқарғы түрде айту болады. Сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі 
болады» дейді. 
Эпикалық шығармалардың дені көркем қара сөзбен жазылған туындылар 
болып келеді. Алайда, сюжетті, оқиғалы, баяндауға құрылған өлеңмен 
жазылған шығармалардың кейбір түрлері де эпикаға жатады. Атап айтқанда, 
баллада, поэма, батырлар жыры, дастандар, т.б. Эпикалық және драмалық 
туындылардың басым бөлігі қара сөзбен, лирикалық шығармалардың өлеңмен 
жазылатындығы есте болуы керек. Эпиканың поэма, батырлар жыры, баллада 
т.б. түрлері (жанрлары) өлеңмен, кейбір драмалық туындылар ақ өлеңмен 
жазылатыны және шындық.[6, 110-116]. 
Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну 
дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын, баяғы бабалар 
заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып 
қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені – эпостық шығармалар. 
Олай болса, эпос – көркем творчествосының ең бір егде, етене, кең тынысты, 
кәмелетті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, 
эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын [6, 296]. 
Демек, әдебиеттің үш тегі немесе өмір-болмысты бейнелеудің үш тәсілі 
бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл бірлік-байланыс кез-келген көркем 
шығармада өмір келбеті мен адамдар тағдырын алуан қырынан қамтып 
кеңінен әрі шынайы суреттеп танытудың кепілі секілді. Эпостың, лирика мен 
драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда 
болған. Сондықтан бұл жанрлардың әрқайсысының терминдік тарихын ғана 
білу жеткіліксіз, тегін тексеріп, табиғатын тану; туу, қалыптасу, даму тарихын 
талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым сонда ғана шын мәніндегі ғылыми 
сипатта болмақ. 


14 
Батырлар жыры өткен өмірді беріп, ежелде болған бір оқиғалардың ізімен 
жазылып, белгілі бір дәуірдің тұтас көрінісін береді. Алғашында үзік-үзік өлең 
түрінде айтылған жырлар келе-келе күрделеніп, топтасып, тұтастанды.
Батырлар жыры белгілі бір дәрежеде тарихпен байланысты болғандықтан 
жырдан ежелгі қазақ елінің бастан кешірген оқиғаларының ізін көруге болады. 
Қазақ руларының халық болып қалыптасуы ХҮІ ғасырға жатады делінеді. 
Мәселен, Каспий теңізіне Тарбағатайға дейін, Ертістен Жоңғар Алатауына 
дейін кең байтақ жерді қазақ мемлекеті құраған. Осы кезде шаруашылық
этникалық, тілдік, нәсілдік, мәдени, тұрмыс-салттары бірыңғай орын тепті. 
Қазақ руларының халық болып қалыптасу дәуірінде халықтың күш 
біріктіру – басты мәселенің бірі болған. Мұндай саяси-әлеуметтік үлкен 
өзгеріс қазақ халқының сана-сезіміне, ауыз әдебиетіне әсерін тигізбей қалуы 
мүмкін емес еді. Ең алдымен, сол кездегі әлеуметтік жағдайға халықтық ортақ 
көңіл-күйін білдіретін (бірлік – елдік) шығармаларды күн тәртібіне әкелді. 
«Советтік үлкен энциклопедия»: «...бүкіл мемлекеттік, халықтық, маңызы бар 
проблемалар көтерілгенде циклизация пайда болады», - деп анықтама берген. 
Академик В.Радлов «Манас» жыры қырғыз халқының сыртқы жауға соққы 
беретін дәрежеге келген кезінде пайда болған дейді. «Манас» жыры біртұтас 
үлкен эпопеялық шығармаға айналғанға дейін, ел аузында әр алуан аңыз, ертек 
күйінде айтылып жүрген деп дәлелдейді Шоқан. Бертін келе аңыздар, ертек 
пен жырлар, ұсақ өлеңдер бір-бірімен қосылып, біртұтас шығармаға айналған. 
Сондай-ақ ХҮІ ғасырда қазақ жерінде қоғамдық күштің өсуіне байланысты, 
қазақ эпостарының бір-бірімен тұтастануы, шоғырлануы пайда бола бастады.
Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысына назар аударған 
С.Садырбаев тұтастанудың төрт шартын береді. Ауыз әдебиеті қай елде ерте 
дамып, бұрынырақ шарықтау шегіне жетсе, сол елдің эпикалық поэзиясында 
тұтастану процесі пайда болады. Тұтастану, яғни циклизация фольклорлық 
эпостарда төрт түрде көрінеді. Бірінші, бір батырдың басынан кешкен әр алуан 
оқиғалар жеке-дара (Илья Муромец пен Добрыня Никитичтің әртүрлі сапары) 
айтыла беретіндігі. Бұл – тұтастанудың алғы шарты. Екінші, батырдың 
туғаннан бастап, өлгеніне дейінгі аралықтағы (балалық шағы, үйлену, 
алғашқы сапары) іс-әрекеттері толық айтылып, мұны өмірбаяндық тұтастықта 
айтылатындығы... Үшінші, батырдан батыр туады, ол да ата жолын қуады. 
Алғашқы бабасы қалай батыр болып туса, одан туған немере-шөберелері бір-
бірінен асып түскен батыр болып суреттеледі... Төртінші, бас батырға бірнеше 
батырлар шексіз бағынса, мұны бір орталыққа тұтастану деп санаймыз. 
Ш.Ыбыраев болса, бұл айтылғандарға «біздің айтарымыз, тұтастанудың 
қай түрі болса да эпикалық дәуірді аттап кете алмайтындығы. Эпикалық дәуір 
ортақ болмайынша тұтастық жоқ. Бұған қарағанда әртүрлі шартпен 
шоғырланған жырлардың бәріне эпикалық дәуір жетекші роль атқарған» дей 


15 
келе, қазақ эпостарының эпикалық дәуірі ноғайлы дәуірмен қатар жеке рулар 
дәуірі көлемінде шоғырланғанын айтады. 
Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы жөнінде С.Қасқабасов 
зерттеу жасаған. Ғалымның айтуынша: «тұтастану құбылысын Шоқан 
Уәлиханов та аңғарған. Қырғыздардың «Манасы» туралы қысқаша сипаттама 
берген тұста ол тарихи тұтастану мен бір адамға байланысты топтау (яғни 
фольклорлық циклге түсу) әдістерін меңзейді. Шоқан былай дейді: «Манас» - 
энциклопедия, халықтың бүкіл ертегілерінің, әңгімелерінің, аңыздарының, 
географиялық, діни, ойлау дәрежесі мен білімінің, имандылық түсініктерінің 
бір уақытқа телінген, бір адамның, Манас батырдың есіміне топталған 
біртұтас жиынтығы.» Міне, тұтастану құбылысы – фольклордың заңдылығы 
екенін осыдан-ақ көруге болады.» 
Тарихи жырлардағы тұтастану құбылысын көрсеткен Б.Рахимов тарихи 
жырларға тұтастанудың төрт түрі де тәндігін айтады. «Тарихи жырлардағы 
тұтастанудың басты дәуірі қазақ-қалмақ дәуірі болса, шоғырланған тұсы 
Абылай хан дәуірі екенін көреміз. Тарихи жырларда тұтастанудың төрт шарты 
да бар. Алғашқы үшеуі қазақ қаһармандық эпосында кең таралса, тарихи 
эпоста тұтастануға тән шарттардың шарықтау шегіне жеткен деп білеміз» 
дейді. 
Сонымен, батырлық жырлардағы тұтастану құбылысы дегеніміз – белгілі 
бір эпикалық дәуір аясында пайда болған қысқа жырлардың бірте-бірте 
дамып, нәтижесінде түрлі белгілерге сай бүтін бір дастанға айналуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет