Кіріспе жұмыстың жалпы сипаты


Жалпы бұл аталаған еңбектер негізінен орыс тілінде жазылған



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата11.05.2023
өлшемі0.57 Mb.
#473523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кіріспе ж мысты жалпы сипаты

Жалпы бұл аталаған еңбектер негізінен орыс тілінде жазылған 
«Жирмунский В М. П.М. Мелиоранский и изучение эпоса «Едигей».
Тюркологический сборник» еңбек нұсқасында қарастырылды. Ендігі 
жерде Қаныш Сәтбаевтың 1927 жылы жазылған «Ер Едіге» атты еңбегіне 
(Төте жазумен жазылған еңбек) үңіліп көрсек. 100 беттен асатын бұл 
еңбектерде де бізге зерделеу керек мәселелер бар.  
Едіге батырдың әңгімесін Шоқан Уәлиханов бірінші рет 1841 жылы 
Аман-Қарағай өңіріндегі қыпшақ табынан шыққан Жұмағұл дейтін ақынның 
ауызынан естіпті. Осы Жұмағұлдың сөздерінен тағы да заты қыпшақ 
Арыстанбай дейтін ақынның сөзі мен салыстырып, әкесі Шыңғыс пен Шоқан 


41 
екеуі 1842 жылы Едіге батырдың әңгімесін қағаз бетіне түсіріпті. Артынан бұл 
әңгімені Шоқан орыс тіліне аударған.
Шоқан 
өлгеннен 
кейін 
артындағы 
қағаздарын 
қарастырған 
Мелиоранский (жоғарыдағы еңбектерді атап көрсеткен автор) дейтін бір әпсер 
(автор) 1905 жылы «Едіге бидың» әңгімесін қазақ тілінде бастырыпты. Бірақ 
Мелиорнасикй бастырған еңбекте Едігенің аты қазақша болса да, заты 
ноғайшаға жуықтап кеткен түрі бар. Оның үстіне әңгіме ішінде келетұғын 
түрлі толғаулардың да, аяқалысы тасырқаған малдың тұяғынша, сандыраққа 
айналдырған көрінеді. Бұған айыпты әрине Шоқан да, біз айтып отырған автор 
да емес. Әңгімені бірінші рет аққа түсірген Ахмет дейтін ноғайменен өтен 
ғасырдағы қазақ жақсыларының бойындағы «кітапша жазу», «ноғайша 
сөйлеуді» сән көретін әдет қана болуы керек. Ел аузындағы ескі сөздер 
ғылымға үш негізден маңызды деп білеміз: 
1) 
Олардың ішінде қазіргі буынға мүлде жат көрініп ұмытылып 
жатқан қазақтың ескі сөздері көбі кездесіп отырады. Бұл – «тіл сақтау», «тіл 
байыту» жақтарынан үлкен бағалы нәрсе.
2) 
Ескі сөздердің ішінде келетұғын толғаулар көбінесе шебер, 
кестелі түрмен жасалады. Бейнешілдік, кеңдік, суретшілдік жақтарынан 
алғанда қазақ ескі толғауларының кейбіреулері әлі күнге дейін жаңа 
ақындардың көбіне үлгі болуға жарамды. Бұл әдебиет жағынан маңызды нәрсе 
және де осы күндерде «әдебиет қай жолмен баруына керек?» деп қойылып 
жүрген сұрау да ел аузындағы ескі сөздер қағаз бетіне түсіне түсіп, қазақ 
әдебиетінің тарихы табиғаты бағыттары әбден айқындалмай көмескі тұрған 
кезінде дұрыс шешілмеуі қисынсыз деп айтуға болады. 
3) 
Ескі сөздердің ішінде қазақ жұртының өткен кездегі тұрмысы, 
салт-санасы, әдеттері көп суреттеліп отырады. бұл тарих жағынан қымбат 
нәрселер. Бірақ әзіргі кезде ел көпшілігінің жалпы салт-санасының өзгеруімен 
қатар, ескі сөздің көбі де елеусізденіп, көбі ауызында үмыт болып бара жатқан 
сияқты. Сондықтан осы кездегі әр жерде жасалып жатқан «аймақ тану» 
ұйымдарының қазақ ішіндегі істейтұғын нысаналы жұмыстарының ең алды 
елдің ауыз әдебиетін жинап алудың шаралары болуына керек. әйтпесе қазақ 
жұрты да, әзіргі татарлар сияқты, енді бір азда әдебиеттің керектерін «Орхон 
жазуларына» іздеп жүруі мүмкін. Шоқан бастап жиған осы Едіге батрдың 
әңгімесінде тарихы, тіл, әдебиет жақтарынан қарағанда қазақ ескі сөздерінің 
ішінде маңызды орын алуға лайық деп білетіндігін үшін, оның жыр 
толғауларыын түзеп, жазу түрін қазақшаландыруды дұрыс деп тапты.
Мұның үстіне Әубакір ақсақал Диуайұлының жинап бастырған «Едіге 
мырзаның батырың» жалпы сорабы, әсіресе аяқ жағы араб ертегілеріне де 
ұқсап кеткендігін де жаңағы ойдың орынды екендігіне демесін болып отыр.
Ел аузында тарап жүрген Едіге туралы тағы да сораптар бар шығар. 
Солардың бәрі де тегіс жиналып қағаз бетіне түссе Едіге батырдың толық 


42 
сыны сонда айқындалар еді. Әзірше тек төмендегі аз сөзбен тоқтауға тура 
келеді.
Едіге әңгімесі қазақтың нағыз ескі, жалпақ тілімен жазылған. Сондықтан 
ішіндегі әзіргі буынға жұмбақ көрінерлік жат сөздері де жоқ емес. Мысалы: 
«Кет-Құдай» деген «Күйеу» деген сөз, жыға, кіреуке, бартал сияқтылар.
Өзінің беретін сынында Шоқан: «Бұл әңгімеде бірауыз бөтен жұрттан 
алынған кірме сөз жоқ» дейді. Онысын рас деуге де болады, өйткені әңгіме 
ішіндегі кездесетұғын кірме сөздердің бәрі де пішімдерін бұзып, 
қазақшаланып кеткен. Мысалы: Шатемір – Cатемір; Бай Тақыт, байтақ 
сияқтылар. 
Тарих жағынан алғанда Едіге батырдың әңгімесі XIV ғасырдың ішінде 
басталуы керек. Ол кез «қазақ» елі өз бетіне жеке отау тігіп, «қазақ» атын киіп, 
айдар тақпаған мезгіл. Бір шеті Алтай мен Алатау, екінші шеті Балқан 
тауларының шығы бөктерінің аралығында ұлан байтақ жерде түрлі түрік 
қауымдарының ерікті, бұлаңды, көшпелі өмірімен ерсілі-қарсылы жөңкіліп 
жүретін мезгілі. Бұл қауым үлкен үш ордаға бөлінеді: Ақ Орда, Көк Орда, 
Алтын орда. Ұлы хан Алтын Ордада тұратын. Әңгімеде келетұғын Тоқтамыс 
осы Алтын Орданың ең соңғы ханы. «Сатемір» хан әлемді қанға бояған атақты 
Ақсақ темір. Оны орыстар кейде «Тимур» кейде «Тамерлан» деп атайды. 
Ақсақ Темір мен Тоқтамыс басында артық дос болыпты. Достықтарының 
себебі былай: XIV ғасырдың аяқ шенінде Көк Орданы билейтұғын Орыс 
дейтін хан болған. оның қол астына қарайтын «Толой» дейтін сұлтан Орыс хан 
мен күндес болып, қыпшақ жұртын ыдырата береді екен. Осы Толойдың 
баласы Тоқтамыс әкесі өлгеннен кейін Орыс ханнан есесін алу үшін өз еркімен 
Ақсақ Темірге бағынып, күш әрі көмек алады. Орыс ханды жеңіп Көк Орданы 
иемденеді. Осыдан кейін 1380 жылы Колику соғысында Алтын Орданың 
батыры Мамай Орыс жұртының князі Дмитрий Донской дейтіннен жеңіліп 
қалған соң Мамайдың әлсіздігін пайдаланып Тоқтамыс Алтын Орданы да 
өзіне қаратқан. Сонымен Тоқтамыс ханның тұсында бүкіл «Дешті Қыпшақ» 
түгелімен бір адамның уысына кірген. Екі орданы жеке иемденген.
Тоқтамыс таққа мастанып Ақсақ Темірді мұқату үшін әскер жинап 1388 
жылы Түркістан жағына қарата шеру тартады. Сол жолында 1389 жылы жаз 
Темірдің қолымен соғысып, жеңілгеннен кейін еліне қайтқан. Тоқтамыс 
сынды «өзі қойған текешігінің» көрсеткен мұндай қоқанын көтере алмай
ашуына мінген Ақсақ Темір 1391 жылы жер қайысқан қолымен Алтын Ордаға 
жөнеледі. Сол жылы Еділ жиегіндегі Сарай қаласының жанында Тоқтамыспен 
кездесіп, жасалған үлкен соғыстан кейін Тоқтамыс байтағын тастап бас 
арашалап қашқан. 1392-1394 жылдары Темір қызыл бастармен соғысып 
жүрген мезгілінде Тоқтамыс қайта қол жинап Түркістанға баруға бет алады. 
Бірақ жолшыбай 1395 жылы кавказ тауларының етегінде Терек өзенінің 


43 
бойында Қандырша деген жерде Темірге жолығып, тағы да жеңіліп еліне 
қашқан.
Ақсақ темір бұл жолында Тоқтамысты хандығынан біржола түсіріп, 
Алтын Орданы басқа ханға сыйға тарту еткен.
Тоқтамыстан кейін Алтын орда көп кешікпей Қазан, Астрахан, Қырым, 
Тоғайлы, Өзбек атты жеке хандықтарға бөлінген. Әңгіме Тоқтамысты жалғыз 
Ноғайлы жұртының қаны істейді. Бұл тарихи қателік. Тоқтамыс Едігеден 
қашып байтағы мен қоштасқандағы сөзін: 
Ормамбет би өлгенде, 
Он сан ноңай өнгенде 
Саназар батыр жауынан 
Жаралы болып келгенде, 
Алашты Алаш болғанда, 
Алаша хан болғанда... деп бастайды. Бұл жердегі тарихи қателік бар. 
Бірінші, сөз ішінде келіп отырған Ормамбет Хан Тоқтамыстан көп кейін туған 
адам. Бұл Ормамбет заманында ноғайлыдан басқа да Дешті Қыпшақтағы түрік 
қауымдарына хандығын жүргізіп 1449 жылы өлген. Екінші, Саназар (қазақша 
аты «Ақ Назар») дейтін хан XVI ғасырда болған қазақ жұртының ханы. Бұл 
Тоқтамыстан кемі 150 жыл бертінде шыққан адам болуы керек еді. Өйткені 
Семен Малыстп дейтін орыс елшісі 1569 жылы орыстың батасына берген 
баяндамасында «осы жылы Ташкен қаласын қазақ жұртының ханы Ақ Назар 
қамап жатыр еді» дейді. Үшінші, Тоқтамыстың соңы сөздерінде қарағанда 
«қазақтан» гөрі «алаш» ұраны ертерек шығуына керек және де «Алаш» ұраны 
қазақ емес, онан басқа, мысалы өзбек, ноғай, башқұрт сияқты Дешті 
Қыпшақтан шыққан басқа түрік қауымдарына да ортақ ұран болуына лайық.
Әңгіме қара қымшақ Қобыланды, арғын қара Қожа батырды Едігемен 
замандас етіп отыр. олай болса соңғы батырларда дербес қазақ жұртына емес, 
Дешті Қымшақтағы басқа түрік қауымдарына жалпы ортақ батырлар болуына 
керек. Мұнда қанша шындық бар? Ол жағы әлі көмескі тартып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет