Кіріспе жұмыстың жалпы сипаты


Едіге мен Тоқтамыс арасында жасалған араздықты да әңгімеде бұрып



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата11.05.2023
өлшемі0.57 Mb.
#473523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кіріспе ж мысты жалпы сипаты

Едіге мен Тоқтамыс арасында жасалған араздықты да әңгімеде бұрып 
айтады. Тарихы Едіге түріктің қоңырат руынан шыққан, Тоқтамыс 
байтағының сол жақтағы ұлыстарын билеген әмірлерінің бірі болған. Араб 
тарихшыларының сөзіне қарағанда, Тоқтамыс бен Ақсақ темірдің арасындағы 
жанжалға о баста Едіге себепші болса кеерк. Едігенің сүйегені Орыс ханның 
баласы Құтылұқ Темір дейтін сұлтан болып, екеуі қосылып Тоқтамысбен он 
бес рет қайтара шеп құрып соғысыпты. Кейбір соғыста Тоқтамыс да жеңіліп 
жүрген. Сөйтсе де 1399 жылы болған соғыста Тоқтамыс бас көтерместей 
болып жеңілген соң Темір мен Едігенің табанына шыдамай, елінен безіп, бір 
жола Литваға қашқан. 1406 жылы Тоқтамыс өлген соң оны тамысын жоқташы 
баласы Қадірберді болып шыққан. 1419 жылы Едіге оны да өлтіріп, артынан 
өзі де кешіпей Сырдарияның суына кетіп өліпті дейді.


44 
Едіге мен Тоқтамыс тартысының тарихы жайлы осы. Алдымыздағы 
әңгімеде істің баяны басқа түрде сөйлеп отыр. Бұл табиғи нәрсе. 
Өйткені Едіге әңгімесі Арқадағы түрік қауымдарының ең ескі, ең ертекті 
әңгімелерінің бірі. Бұл ертектің бірі шеті Алтайдағы төлеңгіттер мен 
қырғыздарда, бір шеті қазақ, бір шеті қырым ноғайларының ауызында 
шұбытылып жүр. Қай жұрт да болсын барған сайын басқы сөзге өз тұсынан 
түрлі жалғаулар қосып отырмақшы.
Екінші жақтан келгенде ел ауызындағы ескі сөз көпшіліктің ар-иманының 
айнасы деуге болады. Жабайы көптен сытылып үздік шығатын алғыр батыр, 
шешен би сияқтыларға көпшіліктің қай көзбен қарап, қандай баға беретіні
олардың қандай мінез-қылықтарын сүйіп, қандайына күйетіндігінің бәрі де ел 
ауызындағы ескі сөзде қашан да мықты із қалдырып отырады.
Енді ел қиялындағы Едіге батыр қандай адам соған келейік. Бұл сұрауды 
«ел сынында шын ер қандай болуы керек екен?» деп өзгертіп қоюға да мүкін, 
өйткені ел қиялының шын әлпештеген, шын сүйген ерінің бірі Едіге болса, бұл 
сұраудың толық зерттеуі көп орын, көп уақыт керек қылады; сондықтан 
ықшамды жағын қолданып біз төменде оны тек жалпыша шолып қана 
өткізбекшіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет