2.5 Оқыту үрдісінде көрнекілік құралдарды пайдалану мүмкіндіктері
Көрнекілік құралдары немесе оқыту құралдары (білім беру көздері) табиғат пен қоғам туралы ғылыми білімнің қалыптасуына оқытуы мен тәрбиелеудің негізгі мақсатын жетілдіруге керек. Көрнекілік құралдарының негізгі бір функциясы білім беруі барысында оларды көрсете алу. Бұлар әсіресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курсын оқыған кезде, көптеген объектілер мен құбылыстарды шын түрде көре алмаған жағдайда маңызды болып табылады. Сонымен қатар, табиғатта кездесетін заттарда кейде көзге көрінбейтін нақты көрсеткіштерді байқау қиынға түседі. Сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер және т.б. арқылы көрсетуге болады. Көрнекілік құралдар білімнің негізгі көзі болып келеді. Олармен жұмыс істеу барысында оқушылардың білім, қабілеттері ойлары тілдері, дамиды, және көрнекілік құралдар арқылы олар ғылыми зерттеулердің қарапайым түрлерін және тағы басқа біліктерін игереді.
Көрнекілік құралдар географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдістемесіне қазіргі қойылатын талаптармен байланысты. Олар мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен сәйкес келуі керек. Сонымен қатар білім мен біліктілердің жақсы игерілуіне көмектесу керек. Көрнекілік құралдарды дұрыс пайдалану үшін, оларды жүйелеген дұрыс. Жұйелеудің негізі болып географиялық объектілермен құбылыстардың бейнелері алынады. Себебі географияның оқу пәні болып нақты заттармен құбылыстар саналады. Сонымен, барлық көрнекілік құралдарды 4 топқа бөлуге болады:
Табиғи объектілер: а) оқу барысында танысатын табиғи және шаруашылық объектілер (коллекциялары, гербарийлер және т.б.) б) экскурсияда танысатын табиғи объектілер және табиғи ортадағы шаруашылық өндірістің өнімдері;
Табиғи географиялық объекті мен құбылыстардың суреттелуі. А) көлемді модельдер, шаруашылық объектілер және т.б. б) қабырғаға ілінетін илюстративті құралдар (суреттер, фото суреттер, порттреттер, кино филимдер және т.б.)
Заттар мен құбылыстардың шартты құралдар арқылы сүйреттелуі (сөздер, белгілер, сандар): а) Вербальді (оқулықтар, жұмыс дәптерлері, мәтіндегі кестелер және т.б.) б) картаграфиялық құралдар ілінетін карталар, атластар, кесте және т.б. в) графикалық-статистикалық құралдары (графиктер, диаграмма, кестелер)
Табиғаттағы құбылыстарды елестетуге арналған заттар: а) аймақтағы өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған құралдар. б) табиғаттағы құбылыстардың көлемді және сапалы көрсеткішін анықтау үшін арналған құралдар. в) картометриялық жұмыстарға арналған құралдар. Г) жердің жылдық және бір күндік қозғалысын анықтайтын құралдар.
2. География карталары оқушыларға жер бетіндегі елдер, басқа да территорияларды зерттеуге және оларды көз алдына елестетуге көмектеседі. Бұл жағдайда, оқушылар кеңістікті елестету қабылеті дамиды. Картамен жұмыс істеу қабылетін оқушылар мектеп бітірген соң кортаграфия әдісі бойынша құбылыстарды зерттеуге көмектеседі. Картаны талдай және салыстыра отырып оқушылар логикалық сезім қабылеттерін пайдаланып дамытады: құбылыстарды байланыстырады, салыстырады. Себеп салдар байланыстар анықтайды және т.б. оқушылардың көптеген өзіндік, сондай ақ шығармашылық жұмыстары картамен байланысты.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметік географиясы курсын оқыту барысында Жамбыл облысының химия өнеркәсібіне қатысты экономиикалық көрсеткіштерге негізделген диаграммалар мен электронды карталарды пайдалануға болады.
Жамбыл облысының химия өнеркәсібіне арналған географиялық карталарды, оқыту барысында функциясы бойынша бөлуге болады. Бұл жүйе тек қана оқу географиялық карталарына тән жүйе бойынша, карталар екіге бөлінеді: қабырғаға ілінетін және күнделікті қолданылатын. Ал кесте карталары оқу процесінде ерекше орын алады. Қабырғаға ілінетін карталар бұл кабинетте ілініп мазмұны бірнеше метірден көрініп, барлық оқушылар қабылдай алатын карталар. Сондықтан қабырғадағы карталардың шартты белгілері жеке жұмыстарға арналған картадан ірі болып келеді. Бұл карталар үлкен көлемді болған соң оларға көптеген белгілерді енгізуге болады. Олардың әрқайсысы бір ғана сабақта емес, бүкіл тарауды өткенде қолданылады. Сондықтан олардың арасында көптеген карталары мазмұны да күрделі болып келеді: жалпы географиялық, физикалық, жалпы экономикалық және географиялық т.б. Күнделікті қолданатын карталарды оқушы жеке жұмысты орындаған да қолданады, сондықтан әр оқушының өз картасы болуы керек. Мектеп бағдарламасы бойынша мұндай карталар көп емес. Олардың көпшілігі оқулықтың ішінде және оқу атластарында жиналған. Барлық карта түрінің ортақ ерекшеліктері бар. Олардың көпшілігі оқулықтың ішінде және оқу атластарында жинақталған. Барлық карта түрінің ортақ ерекшелігі бар. Олардың тақырыбы мен маңыздары мектептегі география пәнінің бағдарламасына сай келеді. Басқа карталарға қарағанда кесте карталары көбінесе практикалық, бақылау сабақтарында пайдаланады. Бұл карталар бойынша оқушылардың білімдерін тексеруге болады. Географияны оқыту әдістемесінде географиялық картамен жұмыс істеу барысында үш мақсат қойылады: картаны түсіну, оқу, білу.
Картаны түсіну деген географиялық картаның негізгі қасиеттерін, маңызын игеру түрлерін білу.
Картаны оқу – картада географиялық объектілерді бейнелері бойынша анықтай білу. Мысалы, картадағы тұрғын мекендердің пунсоны арқылы халық санын және әріптің өлшемі мен шрифтердің ерекшеліктеріне байланысты түрі мен саяси әкімшілік мағынасын анықтау.
Картаны білу деген георафия курсында зерттеу объектілерің, салыстырмалы өлшемін пішінін оның орналасу орнын есте сақтау, елестету. Әрине, картаны жақсы білу үшін, оны бірінші жақсы түсіну, екінші жақсы оқи алу керек. Картаның зерттеу негізгі мақсаты болып картографиялық қабілетінің қалыптасуы саналады. Картографиялық қабілеттің бірнеше түрі болады:
6 сыныпта физикалық география курсымен танысуда оқушылар: жердің планын, бағытын жақсы білу, ара - қашықтықты өлшеу (адыммен, рулеткамен), азимуттың бағытын, карта бойынша географиялық координаттарды анықтау білу және физикалық карта бойынша рельеф пен су көздерін оқи алу.
7 сыныпта материктер географиясын оқу барысында: тақырыптық, карталар бойынша, климат және табиғаттың басқа компоненттеріне сипаттама беру, екі ауданның табиғи компоненттерінің ерекшеліктерін салыстыру, жалпы географиялық және тақырыптық карталарды айыра білу.
8 сыныпта Қазақстанның физикалық-географияны оқу негізінде: дүние жүзінің, жер шары және құрлықтар карталарының масштабының айырмашылығын білу, табиғи карталарды талдау, олар бойынша табиғи компоненттердің байланысын көрсету, типографиялық карталарды оқи білу, абсалюттік және салыстырмалы беткейлердің кеңістігін анықтау және кіші масштабты карталар бойынша көлденеңнен қима жасауды үйрену.
9 және 10 сыныптарында экономикалық география курсында: әлеуметтік-экономикалық карталарды талдай және оқи білу, кешенді тақырыпты карталар бойынша табиғи жағдайларға байланысты шаруашылықтың орналасуын анықтау, карта бойынша экономикалық географиялық мемлекетке, аймаққа немесе қалаға сипаттама беру, кескін карталарда картограмма картодиаграмма құрастыру.
Географиялық картаны жақсы білу үшін оқушы оқулықтағы және атластағы көптеген географиялық түсініктермен танысу керек. Ең кеңінен таралған түсінік – бұл географиялық карта түсінігі. Оқушының картаны түсіну қабілеті мектептегі барлық география курсы бойынша қалыптасады.
Географиялық картаны түсіну қабілеті алғашқы 6-шы сыныпта қалыптасады. Бұл курста оқушы картаның жеке қасиеттерімен танысады. 7 сыныпта карта туралы түсінік кеңейеді: картаны территория және масштабы бойынша жүйеленумен танысады. Сондай-ақ, 8 сыныпта оқушылардың карта туралы көптеген түсініктері қалыптасады, ал 9 және 10 сыныптарда жаңа түсініктер енгізілмесе де бірақ картаны білу қабілеттері арттырады. Көптеген картографиялық түсініктерді білу үшін бөлшекті ізденіс және зерттеу әдістерін қолданған жөн сияқты.
Басқа көрнекілік құралдар сияқты география оқулығының да өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кешенді түрлеріндегі көрнекілік оқыту құрады. Онымен жұмыс істеуде оқулық мәтіні, картографиялық және статистикалық материалдар, схемалар, суреттер және т.б. пайдаланады. Оқулықты жақсы пайдалану үшін біріншіден, мұғалім өзі оқулықтың маңызын, ерекшелігін, жұмыс істеу жолын жақсы білу керек. Оқулық екі құрылымдық блокқа бөлінеді: оқулық мәтіні және мәтіннен тыс компоненттер. Олардың әр қайсысы бірнеше элементтерге бөлінеді. Мәтін оқулықтың негізі болып келеді. Ол, оқушыларға жаңа ақпарат беретін компоненттермен байланысты.
Мәтінді түсіну – бұл күрделі процес. Ол оқушының біліміне, қабілетіне байланысты. Мәтіннен тыс компоненттер сонымен қатар, оқыту және бақылау функциясын орындайды. Оқулықтағы тапсырмалар көптеген логикамен байланысты сөздермен берілген: егерде мәтін бойынша кейде мынадай тапсырмалар да кездеседі: түсіндіріп беріңіз, атап беріңіз, не үшін және т.б. Сонымнен, мәтіннің құрастырылуы, оқушының оқу мәліметтерін түсінуге, игеруге бағытталған. Оқулықпен тиімді жұмыс істеудің бір жолы – сабақта өтетін тақырыптың толық жоспарын құрастыру. Бұл жұмыс істеу әдісін мұғалімдер жақсы білсе де, көбісіне оны дұрыс құрастыру қиынға түседі. География оқулығымен жұмыс істеуде мәтінмен картаны бірге пайдаланған және мәтін бойынша суреттер, сұлбалар, кестелер жұмыс істеу процесін бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жұмыс мұғалім бақылауымен жүргізіледі. Бұл кезде оқушының, мұғалім көмегі арқылы бар біліктілігі бекітіліп жаңа қабілеттері пайда болады. Екінші кезеңде мұғалім тек қана оқулықтар қалай жұмыс істеу бағытын көрсетеді. Оқушы жұмысты жартылай өзі орындайды, мұғалім тек түсініксіз жерінде көрсетеді. Соңғы, үшінші кезеңде, оқушы өзі, арнайы берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді. Мұғалім оқушының үйге берілген тапсырмасына да түсінік беру керек. Оқулықпен жұмыс істеу әр сыныпта әр түрлі жүреді. Сыныптан сыныпқа қарай, әсіресе физикалық география экономикалық география курсына көшкен кезде, жұмыс күрделене келеді. 9,10 сыныптарда оқулықпен жұмыс істеу жаңа тәсілдері болып оқулық мәтіні бойынша тезистер және конспектілер жазу әдістерін саналады. Жоғарғы сыныптарда оқушының оқулықпен жұмыс істеу қабілеттері барлық төмендегі сыныптарда қалыптасқан біліктілеріне негізделеді. Жалпы оқулықпен жұмыс істеуге қойылған әдістемелік талап мынадай болып келеді:
1) Оқулықты оқытудың барлық кезеңінде кеңінен пайдалану, жаңа тақырыппен танысқанда, білімдерін тексергенде, бекіткенде, қорытындағанда.
2) Оқушыларды күнделікте оқулықтың элементтерімен жұмыс істеуге үйрету.
3) Кезең бойынша оқулықпен жұмыс істеу әдісін қиындату.
4) Оқулықты басқа оқыту құралдармен байланыстыра пайдалану, суреттермен және т.б. Оқулықпен жұмыс істеу, оқушының міндетті түрде еңбегі болып саналу керек.
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, Жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әрбір география мұғалімінің міндеті. Әрине Жамбыл облысының химия өнеркәсібіне қатысты мәліметтерді электрондық оқулықтарды қолданудың әсері мол. Қазірше, электрондық оқыту процесі жоғары және үздіксіз білім беру жүйесінде іске асырылуда және барынша дамуда. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұп- жазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың география сабағында Жамбыл облысының химия өнеркәсібі және оны дамытудың болашағы туралы қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын бролса көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |