Кіріспе жұмыстың өзектілігі


География сабағында мультимедиялық технологияларды пайдалану



бет6/19
Дата02.01.2022
өлшемі1.28 Mb.
#452476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Мадина ДИПЛОМ

1.2 География сабағында мультимедиялық технологияларды пайдалану

География сабағында мультимедиялық технологияларды қолданудың маңызы өте жоғары. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынасты орнатуға әсерін тигізеді. География сабағындағы мультимедиялықтехнологияларды қолданудың жолдары қөп, олардың ішіндегі негізгілері:



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында слайд-дәрістерді қолдану.

  2. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тұсаукесер бағдарламасы арқылы орындауға болады.

  3. Тақырыпқа байланысты фильмдер пайдалану. Кинодәріс (кинолекция) түріндегі сабақты тек қана бейнетаспамен көрсетіп түсіндіру ғана емес, сол бейнетаспаны көрсету сәтінде түрлі сұрақтар қойып , оқушылардың ойлау қабілетін дамытып отыру керек. Лектор ең қажетті,өз бетімен оқығанда түсінуге қиын болады - ау деген мәселелерді қамтуға күш салады.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді [10].

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады [11].

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

4.Оқушылардың білімдерін тесттер бағдарламасы арқылы бағалау

5. География сабақтарында мультимедианы қолданудың төмендегідей жолдарын атауға болады:


  • Мультимедианы мұғалімнің қолдануы кезінде дыбысты тоқтатып, оқушыға көрсетіліп тұрған үрдісті сипаттап беру тапсырмасын ұсыну немесе кадрдың басын көрсетіп, соңы не болатынына болжам жасату.

  • Оқушылардың компьютерді қолдануы: мәтіндік матералды меңгеру кезінде кесте толтыру, қысқаша конспект, сұраққа жауап жазу.

  • Білімді тексеру: өзін- өзі тексеру бағдарламасы бар тест жүйесін қолдану;

  • Оқушылардың мультимедиалық презентациямен жасалған шығармашылық жұмыстары, баяндамалары, рефераттары, ізденіс жинақтары. Мұндай жұмыс оқушының ойлау қабілетін, еске сақтауын дамытып, қорытынды жасауға, нақтылауға, негізгісін анықтауға, логикалық байланыстарды орнатуға үйретеді.

Алайда, мұндай жұмыстарды оқыту үрдісіне ендіру бірден жүзеге аспайтыны есепке алынуы тиіс.

Электронды оқулықта кітапта жоқ қосымша материалдар беріледі. Электрондық оқулық арқылы оқушы білім көзіне өзі жетеді Электрондық оқулықтар ара-қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.

Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.

Мультимедиялы энциклопедиялар электронды оқулықтар. Бұндай сабақтарды оқушылар мұғалімнің электронды оқулық тексіне сай құрастырған инструктивті карточканы алады. Онда сұрақтар көрсетіледі, электронды оқулықтан жауаптарды тауып, жұмыс дәптерлеріне жазады; сабақ тақырыбы бойынша қандай суреттерді салу керек екендігі және қандай мағлұматтарды тауып берілген таблицаларға енгізу керек екендігін көрсетеді.

Көп функционалды электрондық оқулықтар:

• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;

• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;

• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;

• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әдістеменің ерекшеліктері:

Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.

Мұғалім қызметінде компьютер:

- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);

- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде);

- дербес ақпараттық кеңістік;

- тренажер;

- диагностика және бақылау құралдары.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

5.Пәнді оқытудағы ақпараттандырудың кезеңдері:


  1. Компьютерді жазба құралы ретінде қолданып, сабаққа қажетті дидактикалық материалдар, сабақ жоспарларын дайындау.

  2. Сабақта дайын электронды оқулықтары мен электронды оқу ресурстарын көрнекілік, иллюстрация ретінде қолдану.

  3. Microsoft Power Point, Adobe Photoshop т.б. бағдарламалардың көмегімен төл оқу құралдарын шығару. Яғни, бағдарламалық ресурстарды меңгеріп, пайдалану.

  4. Оқу жобаларын жасауда қолдану, оқушылардың сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыруға пайдалану. Қашықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға, конференцияларға қатынасу.

  5. Жүйені ойластыру кезеңі. Яғни, жоғарыда аталған кезеңдердегі ең тиімді тәсілдерін сараптап, тиісті мөлшерде, ойластыра отырып, жүйелі кешен құру.

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар, әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың білімгерлердің өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор [12].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет