Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диплдом жұмысының мазмұны 7-кестеден, 2- карто-схемамен және 3- суретпен жабдықталған.
І ТАРАУ. ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жаңа технологиялардың білім сапасына және оқушының үздіксіз дамуына ықпалы
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал мұғалімнің мақсаты – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Жаңа технологиялардың оқу - тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру.
Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды [4].
Теориялық ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынандай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда. Мысалы физика, химия пәндерінде. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық-педагогикалық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым-қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім мен оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.
Компьютерлік оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау – оқу-тәрбие процесін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
Методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау, әдістері мен формаларын ұйымдастыру.
Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту.
Оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау, өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру.
Информациялық – оқу, эксиперименттік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру.
Тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.
Білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой-еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Оның негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Жаңа ақпараттық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді [5].
Бүгінгі күні мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:
1. Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік – жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйені түсініп, әлеуметтік жағдайларға баға беру.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – өз халқының және әлемдік мәдениетті түсініп, рухани келісім жүргізе алу.
3. Когнитивтік құзыреттілік – зерттеушілік дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайтын өз әрекетіне талдау, қорытынды жасай алу.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – байланыстың түрлі обьектілерін қолдана отырып, түрлі әлеуметтік топта қарым-қатынас жасай алу, мемлекеттік және шет тілдерді меңгеру.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – білім мен ақпаратты ақпараттық-технологиялар көмегімен жүзеге асыра білу.
6. Әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық өмірде кәсіби бағдарын дұрыс таңдай алу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – әлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сай шешім қабылдауды қарастырады.
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.
Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-иллюстративті технологиясы үш маңызды құраушыдан тұратыны белгілі. Олар: үйретуші, үйренуші және оқу материалы. Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті педагогикалық үрдісті айқындайтын болса, оның негізіне осы жүйедегі үш құраушының арасындағы ақпаратпен алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны жедел түрде басқара алмайды. Себебі мұндай педагогикалық жүйеде құраушылар арасындағы кері байланыс өте әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.
АКТ мынадай өзара байланысты құраушылардан тұрады: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші және оқу материалы.
Мұндай жүйеде бірнеше құраушылардың өзара әрекеті (ақпаратпен алмасу) жүзеге асырылад.
Педагогтардың АКТ пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:
- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.
- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үрдісін өзбетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)
- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде АКТ-ны кешенді пайдалану.
Оқытуды компьютерлендіру оқыту қызметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да компьютерді пайдалануды қалыптастыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді. Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекі түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.
Оқытудың компьютерлік технологиясы көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Оқушының және мұғалімнің оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және эксперименттік – зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында оқушылар білім алып, оны іс-жүзінде қолданып ғана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздерімен қажетті деген құралдарын өздері таңдап ала алады.
Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.
Ағарту саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп отырған ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі қажет [6].
Осы орайда Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «… ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » делінген болатын. Ал бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютерлендіру, білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушының үздіксіз дамуына ықпал ету.
Елбасымыздың: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген қағидасы өте орынды айтылған. Сондай- ақ Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңының 8 - тарауында көрсетілгендей « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінгені де менің ізденісіме, жауапкершілігіме жол сілтеді дей аламын.
Алайда психологтар В. Давыдов пен В. Рубцов «Жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек» деген қағидасында естен шығармай компьютерлік технологияларды қолдануда оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізуді қолға алдым. Ол оқушылардың мәселе есептерді шығару барысында ойлау, қабылдау, сезіну сияқты әрекеттерінен туындады.
Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі- бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, егжей - тегжейлі көріністер қабылдау, сөздік- логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылды.
Бұл жүйелі жетістік электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуде, оқу барысында компьютерді пайдалануда, модельдеуде, электрондық оқулықтарды қолдануда, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуде, интернет жүйесіне кіруде жүзеге асырылды.
Осы негізде оқушылар тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттіліктерін тудырды.
Осы мәселелердің жүзеге асу жолдарына себепкер ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың әрқайсысының өзіндік оқушыға беретін ықпалына тоқтала кетейін.
Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу барысында оқушы материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды, білім - білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ал мұғалім оқушылардың зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра отырып зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері- мұғалімнің тиімді құралы болып табылады. Бұл оқушылардың танымдық қызметін белсендіру амалы болмақ. Өйткені , адам бізді қоршаған ортада өзіне керекті нәрсені алады, олай болса, білім беруде мәнді де мағыналы нәрсені оқушыларға қызықты түрде ұсыну да компьютердің еншісінде екені де ақиқат..
Білімді игеру дегеніміз-оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Білімді игеру- бұл алғашқы оқу материалын меңгеретін, білімді бекітетін, бақылау және оқу жұмыстарының нәтижесін бағалайтын, сондай - ақ, дидактикалық міндеттерді шешетін күрделі жүйе. Мұғалімнің негізгі проблемасы - осы дидактикалық міндеттерді шешу болса ол да компьютерді игеру арқылы жүзеге асады.
Мектеп оқушыларының жеке - дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде білімді бақылау мен тексеруді ұйымдастыруда компьютерді екі формада қолдануға болады.
1. Материалды меңгеруді талап ететін деңгейі мен теориялық ойлаудың қалыптастыру сатысына жеткеннен кейін білім алушының материалды меңгеру деңгейін есепке алу негізінде компьютер көмегімен тексеру жұмыстарының нұсқалары қалыптасады.
Оқушылардың жұмысына тексеру және оқытылатын мәселені меңгерудің соңғы деңгейін анықтау мұғалімге жүктеледі.
2. Нұсқаларды қалыптастырумен қатар компьютер жұмыстарды тексеруді де жүзеге асырады. Мұның екі нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тапсырмалардың дұрыс орындалуы тексеріледі және оқушыға нәтижесіне байланыссыз келесі жоспарланған тапсырмалар ұсынылады. Жұмыс соңында жіберілген қателерге талдама жасалады [8].
Ал электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықпен жұмыс жүргізгенімде төмендегідей тиімділіктері байқалды: жедел кері байланыс, анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі, демонстрациялық мысалдар мен модулдер, бақылау (тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау).
Ақпараттандыру – бұл ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және тиімді пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай құру.
Ақпаратық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез-келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.
Білім беру мекемелерін компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселесі соңына дейін толық шешілген жоқ, күн тәртібінде қазіргі уақытта басқа мәселе тұр - ол компьютерлік техниканы қалай дұрыс пайдалану керек деген мәселе.
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім.
Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.
Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.
Біріншіден, Ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды.
Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс - тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.
Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.
Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы , мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек (Сызба 1):
Достарыңызбен бөлісу: |