а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3ʹ ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді
а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3ʹ ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
Т-РНҚ құрылысының ерекшеліктері. Т-РНҚ-ның алғашқы, екінші реттік, 3-реттік құрылымы.
Т-РНҚ құрылысының ерекшеліктері. Т-РНҚ-ның алғашқы, екінші реттік, 3-реттік құрылымы.
Т-РНҚ жалпы саны 40-қа жуық, яғни әр-бір АҚ 1-ден 5-6 ға дейін, Т-РНҚ –лар болады, олар Т-РНҚала; Т-РНҚфен; Т-РНҚлей; т.б деп бейнелейді, ал инициаторлық т-РНҚ –т-РНҚимет.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүзшақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі-13-15 % , олар:
-гидроуридин (гУ) және псевдоуридин (пУ) ;
-инозин (И)
-метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин (мГ)
-диметилуридин (м2У)
Бұдан басқа т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмешіктер» пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беденін үшқұлақты жапырағына ұқсас болады.
19-сурет Тасымалдаушы РНҚ (Т-РНҚ) молекуласының құрылысы (Гинтерден, 2003)
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Т-РНҚ молекуласының 31 ұшында 4 нуклеотидтерден (АЦЦА) құрылған акцепторлық орын болады, оның ең соңғы А мен АҚ ковалентті байланысады. Т-РНҚ молекуласының ортасында 7 нуклеотидтен құрылған антикодон ілмешегі орналасқан, оның 3 нуклеотиді антикодон деп аталады және ол а-РНҚ-ның кодонымен комплементарлы байланысады.
Бұлардан басқа т-РНҚ молекуласында дигидроуридил , псевдоуридил, қосымша ілмешіктер болады, олар тек т-РНҚ-ларға ғана тән ерекше 3 құрылымын қалыптастырады.
Р-РНҚ –рибосома бөлшектерінің (кіші бөлшегі, үлкен бөлшегі) құралуына қатынасады.
Р-РНҚ-ның 4 түрі белгілі: 5S –р-РНҚ; 5,8 S р-РНҚ; 18 S р-РНҚ; 28 S р-РНҚ.
Рибосоманың кіші бөлшегі 18 S р-РНҚ-ның 2 молекуласынан және 30 әртүрлі ақуыз молекулаларынан тұрады; ал үлкен бөлшегі-3 әртүрлі р-РНҚ-дан (5 S р-РНҚ; 5,8 S р-РНҚ) және 45ақуыз молекулаларынан құрылған.