Кіріспе Кіріспе

а) фолдинг ферменттері (фолдазалар)

бет9/16
Дата28.09.2024
өлшемі59.75 Kb.
#504083
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Кіріспе Кіріспе-dereksiz.org

а) фолдинг ферменттері (фолдазалар);

б) молекулалық шаперондар.

Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. ДНҚ молекуласының қызметтері. Әртүрлі РНҚ-ның құрылысы, қызметтері

Лекция жоспары:

  • 1. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ-тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері.

  • 2. ДНҚ молекуласының құрылысы

  • - алғкашқы құрылысы (нуклеотидтердің бірізділік тізбегі);

  • - екінші реттік құрылымы (Ф. Крик, Дж. Уотсон)

  • - үшінші реттік құрылымы (хроматиннің нуклеосомалық құрылымы);

  • 3. РНҚ құрылысы

  • - а-РНҚ

  • - т-РНҚ

  • - р-РНҚ

  • 4. Нуклеотидтер модификациясы.

Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. НҚ молекуласын ХІХ ғасырдың аяғында -1868 жылы Ф. Мишер ашқан, ал олардың қызметтері, молекуласының құрылысы кейінірек белгілі болды (ХХ-ғ 40, 50 жылдары).

Қазіргі кездері нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі екендігіне ешкім шүбә келтірмейді, бірақ бұл тек 1950 жылы Х. Френкель Конрат тәжірибелері нәтижесінде ғана үзілді кесілді дәлелденген. Ал ХХ ғасырдың 20 жылдарында 1928 ж. тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ретінде ақуыз молекуласы саналып келген (Н.Кольцов).

ХХ ғасырдың 20 жылдары Т.Морган т.б ғалымдардың еңбектері арқасында тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі хромосомалар екені белгілі болды (тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы). Сонымен бірге хромосомалар ақуыз және нуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратындығы да анықталды. Ал осы екі макромолекулалардың – ақуыз және НҚ (ДНҚ) қайсысы тұқым қуалаушылыққа жауапты деген мәселе ғалымдар арасында біршама пікірталас туғызды. 1928 ж. Н.К. Кольцов ген қызметін ақуыз молекуласы атқаруы мүмкін деген болжам жасады және 1940 жылға дейін ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қуаттап келген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет