ТетікбӨлшектің қандай элементін «тесік» немесе «білік» деп атауға болады?
Тесік жүйесіндегі қондырма қалай пайда болады?
Білік жүйесіндегі негізгі біліктің шақтама Өрісі қалай орналасады?
Квалитет дегеніміз не? Беттің Өңдеу әдісі мен квалитеттің байланысы қандай?
Негізгі ауытқу дегеніміз не?
Сызбада негізгі тесік пен негізгі біліктің дәлдік Өрісі қалай белгіленеді?
ТетікбӨлшектің сызбасында 40Н8 және 30f7 Өлшемдері нені білдіреді?
Біріккен сызбада 50Н8/е7 белгісі нені білдіреді?
Қандай Өлшеу құралдарын білесіз?
Калибр-тығын мен калибр-қапсырманың айырмашылығы қандай?
3– ТАҚЫРЫП.
КОНУСТЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ӨЗАРА
АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҒЫ, БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс жоспары:
Конусты қосылыстарға қойылатын талаптар
Бұрыштық өлшемдердің шақтамалары
Қонустық қосылыстардың шақтамалары мен қондырмалары
Бұрыштар мен конустарды бақылау әдістері мен құралдары
Салыстырмалы Өстік ығысу арқылы тетікбӨлшектердің Өздігінен центрленетіні. жоғыр мықтылығы, герметикалылығы – конусты қосылыстардың қолданылуын жиілетеді.
Станок шпиндельдерінің тесіктері, ауыспалы втулкалар, әртүрлі оправкалар, жонғыш аспаптардың конусты құйрықшаларына арналған конустарды аспапты конустар деп атайды.
МЕСТ 25557-82 бойынша оларды метрлік конустар және Морзе конусы деп ажыратады.
Метрлік конустар миллиметрмен берілген конусты қосылыстардың үлкен Өлшемі – конусты тесіктің үлкен диаметріне қарай бӨлінеді және тұрақты конустылығы С= 1:20.
4, 6, 80, 100, 120, 160, 200 сандарымен белгіленген конустар аспапты конустар ретінде қолданылады.
Морзе конусы бірнеше елде қолданылады. Олардың конустылығы жобамен С= 1:20. Олар 0,1,2,3,4,5,6 сандарымен белгіленеді. Олар жабдықтар мен аспаптарда, бейімді құралдарда қолданылады. Сонымен бірге В7, В10, В12,....В45 болып белгіленген қысқартылған Морзе конустары да кездеседі. Мұндағы сандар конусты қосылыстардың үлкен диаметрлерінің келтірілген мәндері.
Достарыңызбен бөлісу: |