Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет20/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Қайталау сұрақтары:


  1. Беттің кедір-бұдырлығы дегеніміз не?

  2. Беттің кедір-бұдырлығының параметрлерін атаңыздар

  3. Сызбада кедір-бұдырлықтың шартты белгісін қойыңыздар және ол нені белгілейтінін айтыңыз

  4. Беттің толқындылығы дегеніміз не?

  5. Беттің пішінінен ауытқу дегеніміз не?

  1. Беттің пішінінен ауытқудың түрлерін атаңыздар

  2. Беттің орналасудан ауытқудың түрлерін атаңыздар

  3. Беттің пішін мен орналасудан қоса ауытқу дегеніміз не?

  4. Шабақтың ауытқу дегеніміз не?

  5. Беттің орналасуының тәуелді және тәуелсіз шақтамалары дегеніміз не?

  6. Беттің кедір-бұдырлығын қандай аспаппен анықтауға болады?




5– ТАҚЫРЫП. БҰРАНДАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ӨЗАРА

АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

Дәріс жоспары:


    1. Бұрандалардың жіктелуі мен негізгі пайдалану талаптары

    2. Метрикалық бұранданың шақтамалар мен қондырмалар жүйесі

    3. Метрикалық бұрандалардың дәлдігі мен қондырмаларын белгілеу

    4. Бұрандалы қосылыстардың дәлдігін бақылау әдістері мен құралдары



    1. Бұрандалардың жіктелуі мен негізгі пайдалану талаптары


Жазық фигураны (шаршы, ұшбұрыш, трапеция және т.б.) винттiк қозғағанда шығатын дененi бұранда деп атайды.
Бұрандалар сыртқы және iшкi бұранда болып екiге бӨлiнедi. Бұрандасы сыртында болатын тетiкбӨлшектi шартты түрде ойма Өзек (болт) деп, ал бұрандасы iшiнде болатын тетiкбӨлшектi бұрама (гайка) деп атаймыз.
Кескiнiне қарай бұрандалар үшбұрышты, тiк бұрышты, трапеция тәрiздес, тiректiк, дөңгелек болып бӨлiнедi.
Өлшеу бiрлiгiне қарай метрлiк және дюймдiк болып бӨлiнедi.
Метрлік бұрандада - бұранданың негізгі параметрлері және адымы метрдің мыңдық бӨлігі, миллиметрмен беріледі.
Дюймдік бұрандада – бұранданың барлық параметрі дюйммен, ал адымы дюймнің бӨлігімен беріледі (дюйм = 25,4 мм).
Бұрандаларды пайдалану қажеттiлiгiне қарай бекiту бұрандалары (крепежные), жүрiстiк бұрандалар (кинематические) және құбырлық бұрандалар (трубные) болып бӨлiнедi
Метрлік цилиндрлік бұрандалар негізінен диамтері 1...64 мм болатын ірі адымды және диамтері 1...600 мм болатын кіші адымды бұрандалар болып бӨлінеді және бекіту бұрандалары ретінде қолданылады.
Бұрандалардың негiзгi кӨрсеткiштерi:
d; D – бұранданың сыртқы диаметрi; d-сыртқы бұранданың (ойма Өзектiң) сыртқы диаметрi, D-iшкi бұранданың (бұраманың) сыртқы диаметрi;
d1; D1 – бұранданың iшкi диаметрi;
d2; D2 – бұранданың ортаңгы диаметрi; Р – бұранданың адымы;
- бұранда кескiнiнiң бұрышы;
Н1 – бұранда кескiнiнiң жұмыс биiктiгi;
Н = 1,866Р – бастапқы үшбұрыштың биiктiгi (кескіннің теоретикалық биіктігі).




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет