Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет27/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Қайталау сұрақтары:


  1. Кілтекті қосылыстар не үшін қажет?

  2. Оймакілтекті қосылыстар қандай мақсатта қолданылады?

  3. Оймакілтекті қосылыстардың конструкциялары мен негізгі параметрлері қандай?

  4. Оймакілтекті қосылыстардың центрлену түрлерін атаңыздар және олар қай кезде қолданылады?

  5. Призма тәріздес кілтектердің жасалу түрлерін атаңыздар.

  6. Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарда қондырманы қай жүйеде қолданған тиімді?

  7. Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарды сызбада қалай белгілеуге болады?

  8. Кілтекті және оймакілтекті қосылыстардың түлерін атаңыздар.

  9. Кілтекті қосылыстардың біліктегі және втулкадағы ойықтарын қалай бақылауға болады?

  10. Оймакілтекті қосылыстарды бақылау әдістерін атаңыздар.



7– ТАҚЫРЫП.


ТЕРБЕЛУ ПОДШИПНИКТЕРІНІҢ АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Дәріс жоспары:


    1. Тербелу подшипниктерінің жіктелуі, негізгі пайдалану және дәлдік талаптары.

    2. Подшипниктер сақиналарының қондырмаларын және дәлдік дәрежелерін таңдау

    3. Сызбаларда тербелу подшипниктерінің дәрежесін және қондырмаларын белгілеу

    4. Жүктеме қарқындылығын есептеу және тербелу подшипниктерін бақылау

7.1 Тербелу подшипниктерінің жіктелуі, негізгі пайдалану және дәлдік


талаптары
Тербелу iшпектерi (подшипниктері) айналатын Өстер мен бiлiктердi ұстап тұру үшiн қажет.
Тербелу iшпектерi (айналма тiректер) екi сақинадан – iшкi және сыртқы, тербелу денелерiнен және ажыратқыштан (сеператордан) тұрады. Тербелу iшпектерi айналатын және тербелетiн тетiкбӨлшектердiң тiрегi.
Әртүрлі жиілік пен әртүрлі жүктемемен жұмыс жасайтын тербелу ішпектері машиналар мен құралдардың қозғалу біркелкілігі мен дәлдігін, сонымен бірге ұзақ жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек.
МЕСТ 3478-79 бойынша жасау және құрастыру дәлдігігне байланысты тербелу iшпектерi 5 дәлдiк сыныбына бӨлiнедi: Р0, Р6, Р5, Р4, Р2 (дәлдігі жоғарылай береді). «Р» әрпін белгілемесе де болады.
Жалпы механизмерге 0 класы қолданылады және шартты белгiлеуiнде 0 саны кӨрсетiлмейдi. Мысалы, 301
Ал iшпектiң шартты белгiлеуiнде басқа дәлдiк кластары сызықшаның алдында кӨрсетiледi. Мысалы, 5-2057
Машина жасауда тербелу ішпектерінің 0 және 6 дәлдік сыныптары қолданылады. 5 және 4 дәлдік сыныптары айналған кездегі жоғары дәлдік қажет болған жағдайдағы үлкен жиіліктегі айналымдарда қолданылады. Мысалы, жоғары айналымдағы электродвигательдерде, ажарлай станогының шпиндельдерінде және т.б.
Бiлiктер мен тесiктердiң орналасу беттерiнiң кедiр-бұдырлылығы мен дәлдiгiне арнаулы шарттар қойылады. Мысалы, дәлдiк класына байланысты iшпектiң орналасу бетiнiң сопақтығы мен конустәрiздестiгi Өлшемнiң 0,25-0,5 дәлдiк шегiнен аспауы керек, ал кедiр-бұдырлылық 1,25-2,5 мкм.
0 және 6 класты iшпектерге қабықтың тесiгi үшiн 7 квалитеттiң, ал бiлiк үшiн 6 квалитеттiң дәлдiк Өрiстерi қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет