Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Сызбаларда тербелу подшипниктерінің дәрежесін және



бет29/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

7.3 Сызбаларда тербелу подшипниктерінің дәрежесін және


қондырмаларын белгілеу
Тербелу ішпегігінің сақинасын білікпен және корпуспен біріктіру үшін сақиналардың шекті ауытқуларын МЕСТ 520-70, ал білік пен корпустың шекті ауытқуларын МЕСТ 25347-82 бойынша алады.
Ішкі сақинаны білікпен қосу үшін тесік жүйесі және сыртқы сақинаны корпустың тесігімен қосу үшін білік жүйесіне сай болуы міндетті болғандықтан, біріккен сызбада тербелу ішпегінің сақиналарының қондырмасы тек бір ғана дәлдік Өріспен белгіленеді. Мысалы, 40k6, 90H7.
Яғни, тетікбӨлшектің сызбасында және құрастыру сызбасында номинал Өлшемнің қасына тербелу подшипнигімен қабысып тұрған беттің ғана шақтама Өрісінің шартты белгісін кӨрсетеді (21 суретті қараңыз).


Сурет 21 – Тербелу подшипниктерінің қондырмаларын және шақтама Өрістерін біріккен сызбада (а) және тетікбӨлшек сызбаларында (б) белгілеу:
1 – білік; 2 – күпшек; 3 – корпус; 4 – қақпақ; 5 – дӨңгелек

7.4 Жүктеме қарқындылығын есептеу және тербелу подшипниктерін


бақылау
Iшпектiң айналымды жүктеу кезiндегi сақинасының қондырғысын қондыру бетiнiң шабақтық жүктелуiнiң қарқындылығы бойынша таңдайды. Жүктеменiң қарқындылығын мына кейiптеме бойынша анықтауға болады:


РR = Fr . k1. k2 . k3 / b (26)
мұндағы Fr - тiрекке түсетiн шабақты жүктеме; k1, k2, k3 – еселiктер;
b – жергiлiктi қондырудың жұмыстық енi b=B-2r (B - iшпектiң енi, r - iшпектiң iшкi немесе сыртқы сақиналарының құрастыру жүзiнiң мекендiгi).
k1 – қондырудың қозғалым еселiгi, жүктеме сипатына байланысты: егер асқын жүктеме 150%, итеру мен дiрiл жай мӨлшермен болса k1 =1, егер асқын жүктеме 300%, қатты соққы мен дiрiлде k2 =1.8
k2 – ортасы қуыс бiлiктiң немесе жұқа қабырғалы қабықтың қондыру керiлiсiнiң әлсiреу дәрежесiн есептейдi; тұтас бiлiкте k2 =1
k3 – екi қатарлы конустық шығыршықты iшпектердiң шығыршық қатарларының немесе тiрекке Өстiк жүктеме түскен кездегi қосарланған шариктi iшпектердiң арасындағы шабақтық жүктемелердiң әркелкi бӨлiнуiн есептейдi. Бiр сыртқы немесе iшкi сақиналы шабақтық және шабақты тiреуiштi iшпектер үшiн k3 =1.
Iшпектiң теңселу жолағы мен теңселу денелерiнiң арасында шабақты жұмыстық саңылау болуы керек, себебi ол iшпектiң ұзақ жұмыс жасауына әсер етедi және әсер ететiн жүктемеге, жұмыс температурасына,бастапқы және қондыру саңылауларына байланысты болады. Бастапқы шабақты саңылау жаңа iшпекте болады. Қондыру саңылауы iшпектi құрастырғаннан кейiн сақинаның пiшiн Өзгеруiнен пайда болады және жұмыстық саңылауға әсер етедi.
Iшпекте жұмыстық саңылау Өте қажет, ол белгiлi бiр температурада жұмыс жасап тұрған iшпектiң теңселу жолағы мен теңселу денелерiнiң арасындағы саңылау. Теңселу саңылауы неғұрлым нӨлге жақынырақ болған сайын, жүктеме неғұрлым кӨп шариктерге берiледi де, iшпектiң жұмыс жасау ұзақтылығы артады.
Тербелу ішпектерінің сақиналарының жарамдалығын және білік пен корпустың тесіктерінің жарамдығын жаппай және кӨпсериялы Өндірісте шекті калибрлермен бақылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет