Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Подшипниктер сақиналарының қондырмаларын және дәлдік



бет28/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

7.2 Подшипниктер сақиналарының қондырмаларын және дәлдік


дәрежелерін таңдау
Iшпектiң (подшипниктің) сапасы: 1) iшпектiң Өлшемдерiнiң (D, d, b) дәлдiгiмен; 2) iшпектiң сақиналарының кедiр-бұдырлылығы мен Өзара орналасуының дәлдiгiмен; 3) iшпектiң теңселу денелерiнiң (шариктердiң) Өлшемдерi мен кедiр-бұдырлылығының дәлдiгiмен; 4) сақинаның, сақинаның қаптал бетi мен теңселу жолағының шабақты және Өстi соғуымен сипатталатын, айналу дәлдiгiмен анықталады.
Тербелу iшпегiне арналған шақтамалар мен қондырмалардың жүйесi iшпектiң қосылу Өлшемдерiнiң Өзара алмасымдылығын қамтамасыз етедi және кейбiр ерекшелiктерi болады:

  1. D және d Өлшемдерiне берiлген шектi ауытқулардың мәндерi iшпектiң дәлдiк класы мен Өлшемдерiне байланысты болып, iшпектiң бiлiк пен қабықтың түйiндесуiнiң сипатына байланысты болмайды;

  2. сыртқы сақинаны қабыққа қондыру - бiлiк жүйесiнде, ал iшкi сақинаны бiлiкке қондыру – тесiк жүйесiнде жүзеге асырылады;

  3. тербелу iшпегiнiң сыртқы және iшкi диаметрлерiнiң дәлдiк Өрiстерi нөлдiк сызықтан төмен орналасады. Яғни iшпектiң сыртқы диаметрiнiң D дәлдiк Өрiсi негiзгi бiлiктiң дәлдiк Өрiсiндей орналасады, ал iшкi диаметрдiң d дәлдiк Өрiсi негiзгi тесiктiң дәлдiк Өрiсiмен салыстырғанда, нӨлдiк сызықтан ауысып, тӨмен орналасады;

  4. бiлiк пен қабық тесiгiнiң дәлдiк Өрiстерi iшпектiң D және d диаметрлерiнiң дәлдiк Өрiсiмен қосылып арнаулы қондырғылар құрады.

Бiлiк пен қабық 3-11 квалитеттермен, тербелу iшпектерi 2-5 квалитеттермен Өңделе алады.
Тербелу iшпегiн бiлiкке және қабыққа қондыруды iшпектiң түрi мен Өлшемiне, қолдану шартына, iшпекке әсер беретiн жүктеменiң мәнi мен сипатына (тұрақты, айнымалы, соққылы) және сақинаның жүктеме түрiне байланысты таңдайды.
Жүктеу түрi iшпекке әсер ететiн нәтижелi шабақты жүктемемен салыстырғанда қандай сақина айналатынына байланысты. Сақина жүктелуiнiң үш түрi кездеседi: жергiлiктi, айналымды және тербелiстi.
Тербелiс iшпегiнiң сақинасы жергiлiктi жүктелу кезiнде бағыты тұрақты шабақтық жүктеменi Рс теңселу жолағының шектеулi аумағымен қабылдайды және бiлiктiң немесе қабықтың қондыру беттерiнiң сәйкес шектеулi аумағына бередi.
Айналымды жүктелу кезiнде сақина шабақтық жүктеменi Рс бiртiндеп теңселу жолағының бүкiл шеңбер бойымен қабылдайды және бiлiктiң немесе корпустың барлық қондыру бетiне бередi.
Тербелiстi жүктелу кезiнде айналмайтын сақина теңәрекеттi екi шабақтық жүктеменi (Pc - бағыты бойынша тұрақты, PV - айналмалы; Pv
c
) тербелiс жолағы шеңберiнiң шектеулi аумағымен қабылдайды және бiлiктiң немесе қабықтың қондыру беттерiнiң сәйкес шектеулi аумағына бередi.
Тербелу iшпегiнде айналатын сақина бiлiкке керiлiстi қондырғымен, ал айналмайтын сақина қабыққа аз саңылаумен орналасу керек немесе керiсiнше. Яғни керiлiстi қондыру айналымды жүктелетiн сақинаға, ал саңылаумен қондыру жергiлiктi жүктелетiн сақинаға тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет