Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Цилиндрлік тісті доңғалақтардың дәлдік нормаларын таңдау



бет31/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Цилиндрлік тісті доңғалақтардың дәлдік нормаларын таңдау


МЕСТ 1643-81 бойынша эвольвентті тісті дӨңгелек пен берілістердің шақтамаларын анықтап, олардың қозғалыстарының дәлдігіне талаптар қояды. Осы талаптарға сәйкес тісті дӨңгелектердің параметрлеріне ділдік мӨлшерлер бекітеді.
Негізінен 4 дәлдік талабы кӨбірек кездеседі:

  1. кинематикалық дәлдік

  2. жұмыс қалыптылығы

  3. тістің жұмыс бетінің түйісу толықтылығы

  4. бүйірлес (қапталдық) саңылау

Осы топтардың әрбіріне жеке дәлдік мөлшері кӨрсетіледі.
Алғашқы үш топқа – 12 дәлдік дәрежесіне бөлінген шақтамалар 1,2. 12
(дәлдігі нашарлай береді).
Бүйір саңылауы бойынша 6 қабысу (сопряжение) түрі енгізілген: H, E, D, C, B,A (саңылау үлкейе береді).
Рим санымен берілген I-VI өстік арақашықтығының 6 ауытқу сыныбы
бекітілген.
Қабысу түрі мен ауытқу сыныбы ең аз бүйірлік саңылаудың кепілділік мөлшерін анықтайды Jn min
Қапталдық саңылаудың шақтамасының 8 түрі - h, d, c, b, a, z, y, x
(шақтамасы Өсуде) бекітілген.
Кинематикалық дәлдік көрсеткішін - F, жұмыс қалыптылығын - f; бір штрих (/) кӨрсеткіш бір профильді, (//)- екі профильді тексеру кезінде, индекстегі (0) әрпі кӨрсеткіштің - тісті беріліске, (0) әрпі жоқ болса - тісті дөңгелекке жататынын кӨрсетеді, (r) әрпі кӨрсеткіштің нақты мәнін, (r) әрпі жоқ болса – сол кӨрсеткіштің шақтамасын кӨрсетеді.
Тісті дӨңгелек пен берілістің дәлдік дәрежесін таңдаған кезде тісті берілістің жұмыс жасау шарты мен қолданылуы, тістің Өңдеу әдісі, жүктеудің мәні мен сипаты, тісті дӨңгелектің дәл және қалыпты айналуы, т.б. эксплатациалық сипаттамаларын ескереді.
Дәлдікті 3 әдіспен:

  1. есептеу арқылы

  2. тәжірибе арқылы

  3. кестелеу арқылы алуға болады.

Стандарт бойынша бірдей тісті дӨңгелектерге қолданылуына қарай кинематикалық дәлдік, жұмыс қалыптылығы және түйісу дағына әртүрлі дәлдік мӨлшерлер таңдауға рұқсат етіледі. Бірақ:

  1. жұмыс қалыптылығының мӨлшері кинематикалық дәлдік мӨлшеріне қарағанда екі дәреже дәлірек және бір дәреже дӨрекілеу болуы мүмкін

  2. тістің түйісу мӨлшері жұмыс қалыптылығының мӨлшеріне қарағанда бір дәреже дӨрекілеу және барлық дәл дәрежелер қолдануға болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет