Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет33/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

9– ТАҚЫРЫП.


ӨЛШЕМДІК ТІЗБЕКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Дәріс жоспары:


    1. Өлшем тiзбектерiнiң жіктелуі

    2. Өлшем тiзбектерiн есептеу әдiстерi

9.3.Толық өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ететiн өлшемдік тiзбектерді есептеу әдiсi
9.4. Реттеу, қиылыстыру және топтық өзара ауыстырымдылық әдiстерi.
    1. Өлшем тiзбектерiнiң жіктелуі


Берiлген есептi шешуге қатысатын, бiр немесе бiрнеше тетiкбөлшектердiң беттерiнiң (өстерiнiң) өзара орналасуын анықтайтын және тұйық жиек құрайтын, өзара байланысты өлшемдер жинағын өлшем тiзбегi деп атайды.
Өлшем тiзбегiнiң тұйықтығы Өлшем тiзбегiн құрастыруда және талдауда негiзгi шарт болып есептеледi.
Өлшем тiзбегiн құрайтын Өлшемдердi Өлшем тiзбегiнiң буындары деп атайды. Өлшем тiзбегiн латынның А,В,С әрiптерiмен, ал буындарды А1, В1 белгiлейдi.
Өлшем тiзбектерiнiң түрлерi:

  1. сызықтық Өлшем тiзбегi

  2. бұрыштық Өлшем тiзбегi

  3. буындары параллель Өлшем тiзбегi

  4. жазық тегiс Өлшем тiзбегi

  5. кеңiстiк Өлшем тiзбегi

Өлшем тiзбегiнiң буындарының түрлерi:

  1. Берiлген (бастапқы, алғашқы) буын А0 немесе А  - тапсырма шарты бойынша алынатын, есептi шешу үшiн қолданылатын Өлшем тiзбегiнiң буыны

  2. Тұйықтаушы буын - бӨлшектi Өңдегенде немесе машинаның түйiнiн құрастырғанда ең соңынан алынатын Өлшем тiзбегiнiң буыны.

  3. Құраушы буын –Өзгерiсi тұйықтаушы буынның Өзгеруiн тудыратын буын. Құраушы буын: ұлғайтқыш немесе Өршiтушi және кiшiрейткiш немесе кемiтушi буын болып екiге бӨлiнедi.

Егер Өлшем тiзбегiнiң қандай да бiр буынын үлкейткенде, тұйықтаушы немесе бастапқы буынның Өлшемi Өссе, онда ол буын ұлғайтқыш буын деп аталады.
Егер Өлшем тiзбегiнiң қандай да бiр буынын үлкейткенде, тұйықтаушы немесе бастапқы буынның Өлшемi кiшiрейсе, онда ол буын кiшiрейткiш буын деп аталады.
Ұлғайтқыш буын оң мәндi болып есептеледi және +АJ деп белгiлейдi. Кiшiрейткiш буын терiс мәндi және -АJ деп белгiлейдi.
Тұйықтаушы буын оң мәндi, терiс мәндi және нӨлге тең болуы мүмкiн.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет