Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны



бет11/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
УМКД хим анализ растений

9 семинар сабағы. Табиғи витаминдер, жалпы және спецификалық химиялық қасиеттері. Бөліп алу әдісі, сапалық реакциясы. Сандық анықтау.
В2 дəрумені рибофлавин. В2 дəруменнің ашылуы В1 дəруменнің зертте- луімен байланысты. Бұл екі дəрумен табиғи өнімдерде бірге кездеседі. В2 дəруменнің құрылымы 1933 жылы Кун жəне оның əріптестері 10000 дана жұмыртқаның сары уызынан 30 мг таза дəрумен бөліп алу арқылы анықтады. Ал 1935 жылы Каррер В2 дəруменін синтездік жолмен алды.
Химиялық құрылымы мен қасиеттері. В2 дəрумені молекуласының құрылым негізінде изоаллоксазин сақинасы (өзара жалғасқан 3 сақина), оның екі метил тобы жəне көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жата- ды. Өзінің сары түсіне («флавос» сары деген сөз) жəне молекуласындағы риби- толға байланысты В2 дəрумені рибофлавин деп аталады, ал сүттен бөлініп алын- ған дəруменнің лактофлавин деген атауы бар.
Рибофлавин – сары түсті қатты зат, суда нашар ериді (25°С кезінде л/100 мг шамасындай). Спиртке судағыдан да нашар ериді. Хлороформда, ацетонда, бензолда, эфирде іс жүзінде ерімейді. Қышқыл ортада жақсы ериді.
Рибофлавин ыстық температураға төзімді, 120°С температурада бірнеше сағат қайнатады. Ал тиминді осындай жағдайда ұстаған кезде 15 минуттың ішінде бұзылып ыдырайды. Рибофлавин жарықтың əсеріне өте сезімтал, оның əсерінен түгелдей бұзылады. Азық-түлік өнімдерін сақтау кезінде бұл жағдайды ескеру қажет.


Табиғи қосылыстар химиясының негіздері

Өсу дəрумені. Ересек адамдар үшін тəуліктік мөлшері 2-4 мг. Рибофлавин молекуласындағы негізгі гетероциклды қосылыс – изоаллооксизин, онда 9- орындағы N- атомына бес атомды спирт рибитол байланысқан.


CH2 (CHOH)3 CH2OH

H2
H3C N N O

NH
H3C N O


O


CH2 (CHOH)3 CH2OH
H
H3C N N O

NH
H3C N


H
O


Бұл дəруменнің биологиялық белсенді түрі флавинмононуклеотид (ФМН) жəне флавинадениннуклеотид (ФАД). ФМН-рибофлавиннің фосфатпен түзген кешені, ал ФАД рибофлавиннің аденил қышқылымен түзген кешені болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет