В12 дəрумені (цианкобаламин, антианемиялық дəрумен).
1926 жылға дейін қатерлі қан азаю ауруын емдей алмайтын. 1948 жылы
В 12 дəрумені кристалл түрінде бөліп алынып ол қатерлі анемия ауруына ем екені белгілі болды.
Табиғатта таралуы. Азық-түлік құрамында кобальт болса, В 12 дəруменін асқазан-ішек жолында микроорганизмдер синтездейді. Кобальт əсіресе жануар тектес өнімдерде – бауырда, бүйректе, жүректе, мида, сиыр етінде, жұмыртқа- ның сары уызында, сүтте көп болады. Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді. Ересек адамға тəулігіне 2-3 мкг, ал балаларға қажет мөлшері – 0,5-2,0мкг.
Табиғи қосылыстар химиясының негіздері
H H
H CH2OH
OH
O
O
H3C N H
H3C
O P O
N O
CH CH3 CH2
NH
C O
CH3
CH2
CH2
D
H 3C C
N N
H 3C Co
3
CH2CONH2 CH3 CH
H2NOCH2CH2C
N CN N A
B
CH2CONH2
H 2NOCH 2C
CH 3
CH3
CH 2CH 2CONH 2
Химиялық құрылымы жəне қасиеттері. В 12 дəруменнің химиялық құры- лымын Дороти Ходжкин (1956 жылы) рентген сəулелерімен дифракция жасау əдісі арқылы анықтады. В 12 дəруменінің химиялық құрылымы ең күрделі дəруменге жатады жəне құрамында метал бар дəрумен болып табылады. Оның эмпириялық формуласы: C 63H 88N 14O 14PC 0 .
В 12 дəрумені молекуласында негізгі орынды коррин сақина жүйесі алады, пиррол сақинасының жұбы өзара байланысқан, екінші жұбы, гем порфирин- дегідей, метилен көпіршесі арқылы байланысқан.
В 12 дəрумені қызыл түсті кристалл зат, суда ериді де, органикалық еріткіш- терде ерімейді. Ыстық температураға төзімділігі ерітіндінің РН көрсеткішіне байланысты. Қышқыл ортада ұзақ қыздыруға төзімді, жарықтың əсеріне өте сезімтал келеді жəне сілтілік ерітіндіде тез бұзылады.
Авитаминоз.
В12-авитаминозы кезінде қатерлі анемия ауыруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген жəне тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады, эритроциттердің саны азаяды. Жүйке жүйенің зақымдануы асқына түседі.
В12 авитаминоз сырқаты тамақта цианкобаламиннің жетіспеуінен болады, сонымен қатар асқазан-ішек жолы ауырған кезде, мысалы, қарынның шырыш қабаты зақымданған кезде де байқалады.
Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова
Цианкобаламинді сіңіру үшін гликопротеин қажет. Ол В12 дəруменімен қосы- лып комплекс түзеді. Асқазанның шырыш қабаты жойылған кезде осы аталған гли- копротеин бүлінеді де, кобаламин сіңбейді. В12 витаминін ұлпаларға жеткізу қыз- метін транскобалмидтер деп аталатын арнаулы транспорттық ақуыздар атқарады.
В12 фолий қышқылымен өзара əрекеттесіп, эритроцитттердің дамып жеті- луін тездетеді, организмде қан түзілу қызметін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |