Кіріспе Пәннің қысқаша мазмұны



бет14/45
Дата02.06.2024
өлшемі1.78 Mb.
#502220
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
УМКД хим анализ растений

Емге қолдану. Цианкобаламин өте биологиялық белсенді дəрумен, ол қан түзілуін, эритроциттер құралуын дамытады. Анемияның əр түрінде, орталық жүйке жүйенің дерттеріне, гепатитте, бауыр циррозында, балалар дистрофия- сында, Даун ауруында, церебральдық параличке қолданылады.


Вс дəрумені, В9 дəрумені (фолий қышқылы, фолацин)
1938 жылы ауыстырылмайтын заттарға саумалдақ жапырақтар бай болатын, өзін де сол жапырақтардан бөліп алынған, «фолий қьшқылы» (латынның folium – жапырақ деген сөзінен шыққан) Вс дəрумені деп аталды. Шөжелердің жақсы өсуі үшін ашытқыда, жоңышқада жəне басқа да жасыл өсімдіктерде кездесетін бір қажетті зат екені анықталды. Фолий қышқылы В тобындағы витаминдерге жатады жəне Вс (chicken – шөже деген мaғына береді) дəрумені деп белгіленді. Бұлай аталу себебі алғаш жасанды азықпен қоректендірілген шөжеде байқалған еді.
Химиялық құрылымы жəне қасиеттері. Фолий қышқылының молекуласы птерин мен пара-аминобензой қышқылының (Н1 дəрумені) сақиналарынан жəне глутамин қышқылынан тұрады. Птерин мен п-аминобензой қышқылынан құралған қосылыс птepoe қышқылы деп аталды, ол қосылыс глутамин қышқылымен əрекеттеседі де, фолий қышқылы Вс дəруменін (птeроилглyтaмин қышқылын) берді.


OH O





H2N
N CH2 NH C N
N N
NH CH COOH

CH2
CH2 COOH



Птерин n-Аминобензой қышқылды Глутамин қышқылы


Фолий қышқылы – ақшыл-сары түсті ұнтақ, жапырақшаланып, үшкiрлене кристалданады. Сілтілік ерітінділерде жəне қышқыл су ерітінділерінде жақсы ериді, бейтарап суда еруі шамалы. Табиғи өнімдерде фолий қышқылы жарықтың əсеріне төзімді келеді.
Фолий қышқылына тотығу-тотықсыздану реакциясы тəн, фермент əсері ар- қылы сутегі атомдарымен тотықсыздандырған кезде ең алдымен дигидрофолий қышқылына айналады, одан кейін тетрагидрофолий қышқылына (ТГФК) айналады, ол қышқыл ауадағы оттегімен оңай тотығaды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет