В
6 дəруменнің үш түрі де қышқылдар мен сілтілердің əсеріне тұрақты. Əсіресе бейтарап жəне сілтілік ортада ультракүлгін сəулесінің əсерінен тез бұзылады.
Табиғатта таралуы. В
6 дəруменін жасыл өсімдіктермен көптеген микроорга- низмдер синтездеп шығарады. Жануарлар ұлпасында жəне азық-түлікте бұл дəрумен негізінде придоксал, пиридоксамин түрінде жəне олардың фосфорлы эфирлері түрінде кездеседі.
В
6 дəрумені жұмыртқаның сары уызында,
жануарлар бауырында, сəбізде, бидайда, қара бидайда, ашытқыда көп.
В
6 дəруменін ересек адамдар тəулігіне 1,5-2мг , балаларға 0,4 мг-нан қабыл- дап тұру қажет.
Емге қолдану. Пиродоксинді əртүрлі ауруда қолданады. В
6 авитаминозда, екіқабат əйелдер токсикозында,
анемияда, радикулитте, невритте, невралгияда,
сусамыр ауруында, атеросклерозда, қатты жəне созылмалы гепаттитте, нейродермитте, псориазда жəне басқа ауруларда пайдаланылады.
Авитаминоз
кезінде тері қабынып, дерматит ауруына ұшырайды, тері қыза- рады. Қан құрамындағы эритроциттердің саны азаяды, олардың түйіршіктер көлемі кішірейеді. Бірақ зат алмасу процесіне фосфорланған түрлері қатысады.