2.2 Қылмыстық жауаптылықтан босату негізінің түрлері және олардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза тағайындау, жаза қолдану арқылы жүзеге асады. Бірақ кейбір жағдайларда қылмыспен күресу қылмыстық жазаны қолданусыз-ақ табысты жүргізілуі мүмкін. Тәжірибеде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары едәуір кең қолданыс тауып келеді аталған институттарда қолдану негіздері босату түрінің әртүрлілігіне байланысты ерекшеленгенмен, жасалған іс-әрекеттің құқықтық сипаттамасы өзгеріссіз қалып іс-әрекет одан әрі де қылмыстық іс-әрекет ретінде бағалана береді [19, 49 б.].
Қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық заңның қылмыстық құқықтың мәжбүрлеу шараларын біртіндеп жеңілдету мен азайту тенденциясын ұсынатынын көрсетеді. Барлық қылмыстың жауаптылықтан босату түрлері индивуальді, тұлғаның жеке басын анықтайтын мән-жайларды қатаң талдау, зертеу нәтижесінде және бұл тұлғаның қылмыстық жазалау шарасын қолданбай түзеліп кетуі мүмкін жағдайда қолдану тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден ғана босатуды емес, сонымен бірге жаза тағайындаудан да босатуды қамтиды. Қылмыстық жауаптылықтан босату — ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатудан басқа жағдайларда, бұл тиісті органның құқығы болып табылады.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босату, тиісті органның міндеті болып табылады [20, 7 б.].
Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауаптылықтан босатудың келесі түрлері көрсетілген:
Шын өкінуіне байланысты (ҚК 65-бап)
Кажетті қорғаныс шегінен асу жағдайында (ҚК 66-бап)
Жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚК 67-бап)
Жағдайдың өзгеруіне байланысты (ҚК 68-бап)
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚК 69-бап)
Бұлардан басқа жауаптылықтан босатудың тағы бір түрі — рақымшылық. Бірақ, рақымшылықтың ерекше құқықтық сипатына байланысты мұндай босату бір уақытта қылмыстық жазадан босатудың бір түрі де болып табылады. Осыған байланысты рақымшылық дипломдық жұмыстың жеке тарауында дербес каралады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату автоматты түрде қылмыстық жазадан босатуға әкеледі. Бұл жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы моменті — алдын-ала тергеу кезеңі, соңғы сәті, айыптау үкімі шығарылғанға дейінгі сот талқылауы болуы тиіс. Бұл сәттен өтіп кеткеннен соң тек қылмыстық жазадан босату туралы ғана сөз қозғауға болады [21, 48 б.].
Босату - бұл, әрине, кеңістік пен уақытта белгілі бір ұзақтығы мен көлемі бар процесс. Бірақ бұл жағдайды негізге алып, қылмыстық жазадан босату институты екен деп ой тұжырымдау қате болған болар еді. Мұндай қате ой тұжырымға заң шығарушы да жол бермесе керек. " Босату " терминіне ғана сүйеніп мұндай қорытындыға келе негізсіз болары сөзсіз.
Ең алдымен " босату " терминін заң шығарушы процестің өзін анықтау үшін емес, оның қылмыстық құқықтық нәтижесін көрсету үшін қолданылады.
Сонымен қоса жазадан босату идеясының негізінде жазаны қолданудың орынсыздығы және мүмкін еместігін білдіретін ойлар жатыр.
Ары қарай қарастырайық.
Іс — әрекеттің жазаланушылығын жоятын жағдайлар заң актілерінде тікелей көрсетілген. Ал, сот сотталған адамды қылмыстық заңда көрсетілмеген жағдайлармен қылмыстық жазадан босатуға күзіретті емес.
Жекелеген жағдайларда қылмыстық жазалардан босату қылмыстық жауаптылықтан босатуға себеп болатындығы белгілі.
Мұндай жағдайлар да бірінші босату, екінші босатудың орындылығын көрсетіп тұрады. Бұл қорытындыға келуімізге мынадай талас тудырмайтын, маңызды екі жағдай негіз болады. Біріншіден, қылмыстық жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың көптеген формаларының бірі ғана болып табылатындықтан, қылмыстық жауаптылық өзінің негізгі әлеуметтік — құқықтық функциясын кінәліге жаза тағайындамай-ақ жүзеге асыра береді. Екіншіден, егер қылмыс жасаған тұлға белгілі бір себептермен қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, оған жаза тағайындау ойға қонымсыз, әрі жол берілмеуі тиіс іс-әрекет болатыны айқын. Себебі, жаза тек қылмыстық жауаптылықка тартылудың нәтижесі болуы ғана мүмкін.
Бірақ бұл аталған қылмыстық жауаптылықтан босату институттарын мәні бойынша толық сәйкес келетін, біртұтас деп есептесек өте кате пікірге бой алдырған болар едік. Бұл екі институтта өзінің кайталанбастығымен, ерекше индивидуальдығымен ерекшеленіп, бұларды жеке дара автономды қылмыстық — құқықтық ақиқаты деп тануға алғы шарттар қалыптастырады. Бұл тұжырымды қылмыстық жазалаудан босатылған тұлғаның автоматты түрде қылмыстық жауаптылықтан да босатылып кете алмайтындығы дәлелдей түседі. Бұдан бөлек, қылмыстық жауаптылықтан босатқан қатынастар өз іс-әрекетін тоқтатады. Ал қылмыстық жазадан босатқанда, олар сақталып қалуы мүмкін (мысалы, соттылық жойылған немесе алынғанға дейін). Қылмыстық құқықтың бұл институттарының шекарасын белгілеуде олардың әртүрлі қылмыстық-процессуалдық формасын да ескеру керек: қылмыстық жазадан босату қылмыстықтық жауаптылықпен салыстырғанда тек сотпен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған карап отырып қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесін шешуді де сот органдарының құзіретіне беру ойға қонымды болар еді.
Қылмыстық жауаптылықтан шын жүректен өкінуіне байланысты босату
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабыңда қылмыстық жауаптылықтан босатудың жаңа түрі — шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату көзделген, яғни бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін және жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Аталған жауаптылықтан босату түріне негіздер мыналар болады:
Қылмыскердің алғаш рет қылмыс жасауы;
Жасалған қылмыс онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар қатарына жатуы;
Өз кінәсін мойындап келу;
Қылмысты ашуға көмектесу;
Келтірілген залалдың орнын толтыру.
Өз кінәсін мойындап келу заңда басты шарттардың бірі ретінде көрсетілген.
Өз кінәсін мойындап келу деп — қылмыс жасаушының құқық қорғау органдарына өзі жасаған қылмыс туралы арыз жазып, өз еркімен келуін айтамыз [22, 14 б.].
Қылмысты ашуға көмектесу, жағдай жасау деп жасалынған қылмыстық іс-әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға, қылмысқа қатысушыларды әшкерелеуге, қылмысты жасау қаруы мен қылмыстық жолмен алынған заттарды табуға тергеу органдарына белсенді түрде көмектесуді айтамыз.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың кажетті шарттарының тағы бір түрі келтірілген залалдың орнын толтыру. Келтірілген шығындарды өтеу ерікті сипатта, кінәлі адамның өз ұсынысымен жасалуы тиіс. Шығынның орнын толтыру бүлінген мүлікті жөндеп беру, калпына келтіру немесе ақшалай өтем ақы төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Өтелуі тиіс залалға тек материалдық шығын ғана емес, сонымен бірге моральдық шығын кіреді. Моральдық шығын әртүрлі тәсілмен өтелуі мүмкін: Қорлау мен жалған мәлімет таратуды жәбірленушіден жария түрде кешірім сұрау, т.б.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабының екінші тармағында тұлғаға қарсы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамды, егер бұл адам ұйымдасқан топпен, қылмыстық бірлестікпен, басқа да қылмыстық құрылымдармен жасалған қылмыстардың алдын алуға ашу үшін және тергеуге, басқа қатысушыларын әшкерлеуге белсенді қатысса, қылмыстық жауаптылықтан босатылу мүмкіндігі айтылған. Заң қылмыстық жауаптылықтан босату туралы мәселе қойылып отырған адам мен нақты қылмыстық іс-әрекетке қатысты босатудың сақталынуы тиіс шартарын белгілейді. "Белсенділік" деп ұйымдаскан топ немесе басқа да қылмыстық құрылыммен жасалған қылмысты ішкі сенім мен ұмтылыс нәтижесінде ерікті түрде ашуға көмектесуді ұғуымыз керек [24, 15 б.]. Басқа дәрежедегі қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатуға тек Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы көрсетілген жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қажетті қорғану жағдайында зиян келтіру қоғамдық тиімді іс-әрекеттің қылмыстық сипатын жоятын жағдай деп қарастырылады. Бірақ, заңда қажетті қорғану шегінен асып кеткенде жауаптылық белгіленуі мүмкін екендігі көрсетілмеген Қылмыстық кодекстің 32-бабына сәйкес қажетті қорғану шегінен шығу деп — "қорғанудың қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық кауіптілік деңгейіне айқын сәйкес келмеуі нәтижесінде қылмыстық қол сұғушыға анық шектен тыс залал келтірілуі" танылады. Кез-келген қылмыстық қол сұғушылық, әсіресе ол кенеттен жасалса, адамның психикасына қатты әсер етіп, оны тепе-тендіктен шығарып толқу туғызады [26, 55 б.]. Нәтижесінде шабуылға тап болған бұл адам тұлғаның қауіптілік деңгейін жоғарылатып түсінуіне алып келеді. Мұндай жағдайда қорғанушының жағдайды дұрыс түсінуі қиындайды, сондықтан оның қорғану сезімінің күшейуі артады.
Осы жағдайды ескере отырып Қылмыстық Кодекстегі 62-бапта тұлға қажетті қорғаныс шегінен қоғамға кауіпті қол сұғушылық салдарына қорқыныш немесе шатасу, кателесу нәтижесінде шығып кеткен жағдайда соттың тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көрсетілген. Бұл аталған босату түрін қолдану қорғанушының қылмыстық қауіпті іс-әрекеттен қорғанудағы мінез-құлқын ерекше жетік бағалауды қажет етеді.
Шабуылға тап болған адамдар нерв жүйесінің типіне, жасына байланысты бір жағдайды әртүрлі бағалайды. Жастың ұлғайуына байланысты зейіннің ауыспалығы төмендейді және шабуыл қорғанушы үшін барлық уақытта кенеттен, күтпеген жағдай болып табылады. Бұл себептердің салдарынан қылмыстық қол сұғушылыққа жауап беру барлық уақытта жылдам болмауы мүмкін. Басқа жағдайларда шабуылдаушыға қарсы шара қолдану адамның есінде сақталған өмірге кауіпті ұқсас жағдайлар тәжірибесінің нәтижесі болуы мүмкін, яғни қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл жаңа түрінің енгізілуі, кажетті қорғану үшін жасалған әрекеттер барлық уақытта оң қабылданып, әркімнің өзінің ажырамас құқықтарын белсенді қорғауға ұмтылысы барлық уақытта қолдау табатындығының тағы бір дәлелі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты босату
Тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болатын жағдайлардың бірі жәбірленушімен кінәлінің татуласуы. Мұндай жауаптылықтан босатудың міндетті шарттары қылмыстың ауыр емес және орташа ауырлық дәрежесінде болуы, жәбірленушімен татуласып, келтірілген шығынның орнын толтыруы болуы керек (ҚР ҚК-не түсіндірме).
Бұрынғы уақытта қылмыстық істер жәбірленушімен кінәлінің татуласуына байланысты тек жеке айыптау істері бойынша ғана (жеңіл жарақат салу, ұрып-соғу, азаптау, жалған мәлімет тарату) қысқартуға жататын. Қазіргі қылмыстық заң актілері тиісті шаттардың болуына байланысты тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуға болатын іс-әрекеттер шеңберін біршама кеңейтті.
Заң мұндай әрекеттер қатарына Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 34-бабында көрсетілген жеке-жария айыптау істері болып саналатын қылмыстарды, қасақана істеген, жаза мөлшері 2 жылдан аспайтын қылмыстар немесе кінәнің абайсыздық формасымен істелген (онша ауыр емес) жаза мөлшері 5 жылдан аспайтын қылмыстарды, сондай-ақ жазалау мөлшері 5 жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана және жазалау мөлшері 5 жылдан жоғары абайсызда жасалған (орташа ауырлықтағы) қылмыстарды жатқызады.
Қылмыстық кодекстің 67-бабына сәйкес жауаптылықтан босату мәселесін қарастыруда міндетті түрде татуласудың түпкі мотивтерін анықтау қажет, себебі қорқыту, шантаж жасау нәтижесінде берілген жәбірленушінің қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы арызы қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз бола алмайды [27, 18 б.]Тиісті шешім қабылдауда кінәлі адамның тұлғасын, оның қылмыстан кейінгі мінез-құлқын сипаттайтын фактілік мәліметтер маңызды орын алуы тиіс. Жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу де ерікті сипатта жүзеге асырылуы тиіс, яғни жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай жағдайларда көзделеді: бірінші - ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруімен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады, екінші – орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптан босатылуы мүмкін.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыстық кодекстің 67-бабында істің сотта қаралуы уақтысында жағдайдың өзгеруіне байланысты іс-әрекеттің немесе тұлғаның қоғамға қауіптілік сипатының жоюылуына байланысты тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көзделген. Бұл өзгерістердің ерекшілігі мынада. Өзгерістер кінәлі адамның еркі мен тілегінен тыс, тәуелсіз пайда болуы немесе керісінше тек субьективтік шарттар нәтижесінде пайда болуы мүмкін [28, 59 б.].
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-тармағына сәйкес, егер жағдайдың өзгеруі нәтижесінде, жасалған іс-әрекет өзінің қоғамдық кауіптілігін жоғалтты деп танылса, осы іс-әрекетті жасаған кінәлі адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Жағдайдың өзгеруі локальды (жергілікті) және кең масштабты (кең ауқымды) болуы мүмкін. Мысалы, ағаштарды заңсыз кесу қылмысы жасалған территориядан, біраз уақыт өткен соң автотрасса салынуы жағдайдың өзгеруіне мысал бола алады.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының 2-тармағында қылмыс жасағаннан кейінгі өзінің мінсіз мінез-кұлқының нәтижесінде кінәлі адам қоғамға қауіпсіз деп танылса, бұл адамды қылмыстық жауаптылықтан босатады. Бірақ бұл жағдайда заң тағы бір шарт қояды. Яғни, істелген қылмыстың дәрежесі онша ауыр емес немесе орташа ауырлықта болуы тиіс. Бұл баптың 2-тармағын қолдануда басты маңызды мән қылмыскердің қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқына беріледі. Бірқатар обьективтік және субьективтік себептерге байланысты қылмыс жасаған тұлға басқа әдептік бағаға ие болады. Кінәлінің тұлғасының өзгеруіне ықпал ететін жағдайлар әскери қызметке шақыру, қылмыс жасағанға дейін істеген қызмет орнынан босатылу, жазылмайтын ауруға ұшырау т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 68-бабының тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғаға ешбір шарт қойылмайды. Кінәліге жауаптылықтан босатуға байланысты ешқандай талап қойылмайды, міндеттер жүктелмейді, қоғам тарапынан бақылау, қадағалау жүргізілмейді, шешім шығарылған соң жасалған теріс мінез-құлықтар қабылданған шешімге кері әсерін тигізбейді.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көрсетілген. Ескіру — деп қылмыс жасағаннан кейінгі белгіленген мерзімнің өтуін айтамыз, бұл жағдай тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату міндетін жүктейді.
Ескіру мерзімі институтының енгізілуінің мәні мынада. Қылмыстың жасалу сәті мен жаза тағайындау сәті арасындағы уақыт ұзақтығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жазаның тиімділігі төмендей береді, соның салдары ретінде жаза мақсаты тұрғысынан қарағанда соғұрлым орынсыз бола береді [29, 29 б.].
Заңда келесі ескіру мерзімдері көрсетілген: 2 жыл, 5 жыл, 10 жыл, 15 жыл. Бұлардың ұзақтығы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне тікелей тәуелді.
Заңға сәйкес тұлға қылмыс жасалған күннен келесі мерзімдер өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
Онша ауыр емес қылмыс жасалған күннен 2 жыл өткен соң;
Ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде 5 жыл мерзім өтуіне орай;
Ауыр қылмыс жасаған жағдайда 10 жыл мерзім өтуіне байланысты;
Аса ауыр қылмыстан соң 15 жылдан кейін.
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін есептеу
барысында мерзімнің бастапқы және соңғы сәтін дұрыс анықтау өте маңызды.
Қылмыстық кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, ескіру мерзімі қылмыстың жасалған күнінен бастап, соттың үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі. Жалғаспалы қылмыстардың ескіру мерзімінің өтуі жалғаспалы қылмыстың құрамына кіретін соңғы іс-әрекетің жасалған күнінен басталады. Созылмалы қылмыстардың ескіру мерзімі оның үздіксіз жасалуы тоқтау сәтінен (қылмыскерді ұстау, өз кінәсін мойындап келу) бастап есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуі үзілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Ескеру мерзімі қылмыс жасаған тұлға тергеу мен соттан бой тасалап жүрсе (ҚК-ң 69-бап 3-тармақ) уақытша тоқтатылып, кінәлінің ұсталған немесе кінәсін мойындап келген сәтінен ары жалғасады. Егер бұл жағдайда қылмыс істелу сәтінен 25 жыл мерзім өтіп, осы мерзім ішінде ескіру мерзімі үзілмесе, қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Ескіру мерзімінің өтуі бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаның ескіру мерзімінің өтеп болмай, жаңа қасақана қылмыс істеуіне байланысты үзіледі. Бұдан ары ескіру мерзімін есептеу жаңа істелген қылмыстың істеу сәтінен басталып есептеледі. Бұл алғашқы істеген қылмыстың ескіру мерзімі екінші жасалған қылмыстың ескіру мерзімімен қатар жүріп отырады деген сөз. Басқа жағдайларда ескіру мерзімінің бітуіне дейін тағы бір қылмыс жасаған адамдардың әр қылмысы үшін ескіру мерзімі өз алдына жеке есептеледі. Бұлар ескіру мерзімінің өтуі барысында абайсыздықпен қылмыс жасау немесе онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстардың ескіру мерзімі бітпей тұрып жаңа қасақана қылмыс жасау болып табылады. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5-тармағында жазалау шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыс жасаған адамға катысты жасаған адамға қатысты ескіру мерзімін қолдану мәселесін қарау сот кұзіретіне берілгендігі айтылған.
Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім жазасы тағайындала алмайды, ол 25 жылға дейін бас бостаңдығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады [30, 15 б.]. Адамзаттың кауіпсіздігі мен бейбітшілікке карсы қылмыстар — агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау және жүргізу (ҚК 156-бап), жалдамалылық (ҚК 162-бап), геноцид (ҚК 160-бап) қылмыстарын жасаған тұлғаларға қатысты ескіру мерзімдері қолданылмайды.
"Коментарий к Уголовному Кодексу" – деген кітапта қылмыс жасаған адамға қатысты ескіру мерзімін қолдану мәселесін қарау сот кұзіретіне берілгендігі айтылған.
Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда өлім жазасы тағайындала алмайды, ол 25 жылға дейін бас бостаңдығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.
Адамзаттың кауіпсіздігі мен бейбітшілікке карсы қылмыстар — агрессиялық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау және жүргізу (ҚК 156-бап), жалдамалылық (ҚК 162-бап), геноцид (ҚК 160-бап) қылмыстарын жасаған тұлғаларға қатысты ескіру мерзімдері қолданылмайды [31, 7 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |