Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігі


Жазадан босату түсінігі мен түрлері



бет7/12
Дата22.04.2023
өлшемі184.84 Kb.
#472591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қылмыстық жауаптылық

3 Жазадан босату түсінігі мен түрлері
3.1 Жаза және оның мақсаты
Жаза проблемасы сандаған ғасырлар бойына тек заңгерлерді ғана емес, философтар мен саясаткерлерді, мемлекет басшылары мен жалпы қоғамды толғандырып келе жатқан өзекті мәселе екендігі талассыз. Бұл құқық қорғау органдарының қызметінде де басты мәеселелердің бірі.
Жазаны жеке даралауды қарамас бұрын біз жаза түсінігі мен оның мақсаттарына тоқталуымыз қажет. Қылмыстан сақтандыру кезінде әлеуметтік – ұйымдастырушылық және мәдени – тәрбиелік шаралардың шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз [32, 149 б.].
2011 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 38 –бабында: «Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады», -делінген.
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған – туыстарына ) таралмайды.
Жаза қашанда қылмыс істеген адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты, оған белгілі бір моральдық жапа әкеп шегуге соқтырады және белгілі бір игіліктерінен (құқықтары мен бостандықтарынан, мүліктік игілігінен және т.б.) айырады. Жазаның жазалау элементтері үрейлендіру, қорқыту қасиеттері мен көрінеді. Қылмыс неғұрлым қауіпті, ауыр болса, жазалау соғұрлым қаттырақ болады да, қылмыскер шектеулер мен айыруға көбірек ұшырайды.
Жаза қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік арнайы мәжбүрлеу шарасы ретінде қылмыстық қудалаумен шектелмейді, сонымен қатар, ол қылмыскерлерге тәрбиелік ықпал етуді көздейді.
«Жаза» араб тілінен аударғанда «азаптау, азап беру» деген ұғымды беретін сөз болғанымен, Қазақстан Республикасында жазалау – сорын қайнату, өш алу емес [33, 10 б.].
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы» (1948 ж) және «Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық фактісі» (1966 ж) мен БҰҰ Бас Ассамблеясының «Құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі лауазымды тұлғалардың мінез – құлық Кодексінде» (1979 ж) көрсетілгендей: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық – зомбылық жасауға, басқа да қатыгездік немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға жол берілмейді», - деп ерекше атап көрсетілген.
Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазасыз қылмыс ұғымы және сол сияқты қылмыссыз қылмыстық жаза болуы мүмкін емес, деген А.И. Трайниннің ғылыми көзқарасын жоққа шығаруға болмайды [34, 363 б.] .
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: бас бостандығанан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос – туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр – жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән – жайларға байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК – тің 38 – бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК – терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А. Беляев былай деп жазады: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз қылмыс үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» [35, 25 – 26 б].
Жаза мәселелеріне қылмыстық құқық теориясында үлкен мән берілген. Өйткені жаза тағайындау қылмыстардың алдын алуды, олардың жасалуын ескерту функцияларын жүзеге асырады. Ал біздерге белгілі болғандай қылмыстардың алдын алу қылмыстылықпен күресуде жетекші бағыттардың бірі бола алады. Осы айтылған пікірді қолдай отырып профессор Л.Ч. Сыдыкова, жазаның өзіндік жеке мәнін ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік мәнін және де қоғам мен қылмыскерге жалпы танылған әсер етуші құрал деп тануымызды айтады [36, 168 б.].
Қазақстан Республикасының бұрынғы Қылмыстық кодекстерінде жаза түсінігіне анықтама берілмегендігі белгілі. Ол қылмыстық құқық теориясында қарастырылған болатын. М.Д. Шаргородский «Жаза дегеніміз – қылмыскерді оған тиесілі қандайда бір игіліктен айыру, оны және оның әрекеттерін мемлекеттің теріске шығаруы» деп санайды [37, 12-13 бб.]. Сол сияқты , С.И. Дементьевтің пікірі басқаша, ол «жаза дегеніміз айыпкер басынан кешіруге тиісті, алдын ала ойластырылған, заңда белгіленген тән азаптар мен тапшылықтар» деп санайды [38, 45 б.].
Ғылым – криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот арқылы қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады.
Біз С.И. Дементьевтің пікірімен келісе алмаймыз, себебі жазаның мәнін айыпкерге келетін тән азаптары мен тапшылықтарды алдын ала көздеу деп санау жазаның мазмұнына және мақсатына қайшы келеді. Сонымен бірге мұндай пікір Қазақстан Республикасы Қылымыстық кодексінің гуманизм принципіне қайшы келеді, ал онда «Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді», - делінген [39, 55 б.]. Біздің пікірімізше, И.И. Карпецтің қылмыстылықпен күрес құралдарының бірі болып табылатын жазаның мазмұнында сендіру мен мәжбүрлеу бірдей көрініс тапқан деген пікірі қолдауға тұрарлық [ 40,155 б.]. Н.А. Стручков жазаның мазмұнына мынадай анықтама береді «Жаза дегеніміз – қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс – әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқықтық шектеу жүйесін құрайды» [41, 156 б.].
Бұрынғы кезде жаза қорқыныш пен үрей тудырған, сонымен қатар, жаза өте қатаң түрде қолданылған. М.Д. Шаргородскидің жазуы бойынша «Қылмыстық құқықтағы жаза феодализм кезінде (ХVI – XVIII ғғ.) мынадай болған: оның қатаңдығы, қылмыс пен жазаның сәйкес келмеуі, ең ауыр жаза дінге қарсы шығу, мемлекетке соның ішінде королге, заң алдында адамдардың тең болмауы яғни, олардың шыққан тектеріне байланысты бөлінуі, осының нәтижесінде соттың үкім шығарған кезде берілетін жазаның түріне жасалған қылмысына қарай мән бермеуі». [42, 49 б.]. Сол кезде класстарға бөлініп ең төменгі классты қанап отырған. Сондықтан жазаның ең басты бағыты: бағынбаған адамды құрту немесе оны қандайда бір мүшелерінен айырып өмірге бейімделіп кетуіне жол бермеу, сондай жазаны қолданып басқа адамдарды қорқыту, үрей туғызу, бағындыруды көздеген. Қорқыту мен тым қаталдылық сол кездегі қоғамның ұстанған ұрандары мен мақсаты.
Жаза туралы ең көп талас тудыратын мәселелерінің бірі – жазалаудағы қылмыскердің сазайын тартқызудың рөлі мен мағынасы туралы мәселе. Бірқатар ғалымдар сазайын тартқызуды жазаның жеке бір мақсаты болып саналады деген пікір келтірді. Заңгерлердің басым көпшілігі бұл пікірмен келіспейді. Көптеген зерттеушілер жазада ондай мақсат жоқ деп есептейді. А.Л. Ремонсонның пікірінше «Сазайын тартқызу қылмыстық жазаның мақсаты бола алмайды. Сазайын тартқызуды жазаның мақсаты деп тану – жазалауды мақсат тұту деп мойындау деген сөз» [43, 115-125 бб.].
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша да жазалау өш алу бағытында қолданылмайды. Онда қандай да бір тәрбиелік мән бар. Жаза:
1) біріншіден, қоғамға қауіпті іс – әрекет жасағандарды түзеу;
2) екіншіден, жазаны өтеп жатқан адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысуын мақсат тұтады;
3) үшіншіден, белгілі бір жаза тағайындау мен байланысты қоғамға қауіпті іс – әрекетті заң арқылы айыптау – яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі жөнінде ықпал етуге тиіс.
Қазақстандық заңгерлердің арасында да жазаны қылмыскерге сазайын тартқызу болып табылады деген көзқарасты ұстанатындар бар сияқты. Себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасында жаза дегеніміз жасалған қылмысы үшін сазайын тартқызу деген бағыт келтірілген болатын. Біздің пікірімізше, мазмұны жағынан жақын келетін бұл сөз онша сәтті алынбаған. Себебі, «сазайын тартқызу» немесе орыс тіліндегі «кара» деген сөз құқықтық әдебиетте дау туғызуда. Орыс тілі сөздігінде сазай тартқызу сөзіне синонимдер арасында мынадай анықтама берілген: «Сазайын тартқызу – жазалау – өш алу» [44, 10 – 11 б].
Сонымен, жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты нысанасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жазаның өзіндік басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан ерекшелігі ол қылмыс жасаған адамдарға қатысты сотпен тағайындалады.
Әрбір мемлекет мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Қылмыстық құқық теориясында, жалпы басқада аранаулы әдебиетте сонау Кеңес заманынан бастап, қазіргі кезге дейін жазаның мақсаты төңірегіндегі әртүрлі пікірлер туғаны белгілі. Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының мазмұнына қатысты туса, бірде ондай пікірдің тууына жаза мақсатының саны негіз болып келеді. Мысалы, орыс заңгер – ғалымы С.В. Познышев «жазада тек қана бір мақсат болуы керек» дегенді айтса, қазақстандық белгілі заңгер профессор Р.Т. Нұртаев жазаның мақсаты «үш бірлік» деп айтады [45, 91 б.].
«Жазаның мақсаты мына үш түрлі нәрсе: біріншіден, қылмыс істеген адамды қайта тәрбиелеу, екіншіден, қайта тәрбиелеу арқылы қылмыс істеген адамды қайтадан қылмыс істемеуге бет бұрғызып, тұрақты қалыпқа түсіру, үшіншіден, қылмыс істеген адамның сазайын тарттыру арқылы басқа адамдарға да қылмыс істеуден бас тартуға ықпал жасау» [46, 129 б.] дей келіп, профессор А. Мамытов жазаның алдына үш мақсатты қояды. Алайда, осы уақытқа дейін жазаның мақсаттары жөніндегі әдебиеттерді талдай келсек, негізгі тұжырым жазаның айрықша мақсаты қылмыскерді түзеу және оны қайта тәрбиелеу деген қағида боп келгенің байқаймыз. Ал соңғы кезде «қайта тәрбиелеу» мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек қана «сотталған адамды түзеу» деп жүрміз. Бұл көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Біздіңше профессор Б.Ж. Жүнісовтың: «Қайта тәрбиелеу мақсатын қылмыстық құқық құрлымдарымен байланыстырудың тіпте қажеті жоқ. Өйткені қайта тәрбиелеу дегеніміз мәжбүрлеу болып саналатын шектеулердің комплексі, яғни жиынтығы» деп тұжырымдауы өте орынды [47, 9 б.]. Тәжірибеде бұл амал өзінің нәтижелігін бермегендіктен жаңа қылмыстық заңда «қайта тәрбиелеу» теринінен бас тартуға тура келеді.
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиісті. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру – жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі – арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты , Қылмыстық кодекстің 38 – бабының 2 - бөлігінде былай көрсетілген «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай - ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру – жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасағн қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құықтары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінде ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттілікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезімімен қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты – сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз – адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез – құлқын, іс – әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет – салты жақсы жаққа қарай өзгерсе – түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандай да бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды [48, 5 б].
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әр түрлі жаза шаралары түзеудің әр түрлі тәсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қолданылуға тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық – пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық – орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған.
Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ол өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес.
Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірінтигізеді, себебі жазықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза – кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты – арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәніде, мазмұны да – сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні – «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеу» және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге болады [49, 24 – 25 б.].
Ал, И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл – күйіне ықпал жасау; үрейлендіру [50, 156 – 157 б.].
Аранайы сақтандыру мақсаты қылмыс жасап кінәлі деп танылған адамға бағытталған Е.И. Қайыржановтың пікірінше, оған екі жолмен қол жеткізуге болады: сотталған адамды жаңадан қайталап қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру және сотталған адамға жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау арқылы оны жазамен қорқыту [51, 198 б.].
Аранайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, достарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындағына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтының мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталанып жасалған қылмыс үшін заңда қатаң жаза қарастырылған (ҚК - тің 54 - бабының 1 - бөлігінің «а» тармағы). Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл – күйіне ізігі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына себеп болады.
Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы – мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқада нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылымстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында; үшіншіден, тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп жазады М.Д. Шаргородский. Сонымен қатар, М.Д. Шаргородскийдің пікірі бойынша жазаның мақсаты қылмыстан арнайы және жалпы сақтандыру болады деп көрсетеді [52, 49 б].
С.В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары, тар мағнада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағнада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі. Сондай ақ С.В. Полубинская жаза мақсаты қылмыстан сақтандыру бұл жазаның басқа мақсаттарына қарағанда өте маңыздысы деп есптейді [53, 161 б.].
Ал, И.Я Фойницкий жаза мақсаты кейінгі қылмыстық әрекеттерді болдырмау десе. Н.С. Таганцев жаза бұл қылмыспен келтірілген моральдық зиянды мүмкіндігінше түзеу деп жорамалдады [54, 412 б.]. М.Ю. Козловскийдің пікірінше жаза бір ғана мақсатты, ол адамдардың өзін қорғауын немесе қоғам өміріне озбырлық жасаудан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады [55,13 б.]. Көріп отырғанымыздай жаза мақсаты қоғамның әлеуметтік құрылысының өзгерімен айқындалып отырған.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақтандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз. Тағы бір мысал келтіріп кетсек, бірнеше рет сотталған, аса ауыр қылмыс жасаған, адамға ең үлкен жаза беріледі, ол ұзақ жылдар бойы өз жазасын өтейді. Бірақ мұндай қылмыскердің қылмысты қайта жасамауына және түзеліп кетуіне ешкім кепіл бере алмайды. Н.А. Беляевтің айтуы бойынша «қылмыскерді жазалауға болады, бірақ оның түзелуі мен қайта тәрбелеуіне қол жеткізе алмауымыз мүмкін» [56, 36 б.]. Біздің оймызша бұл айтылған сөз өте орынды және дұрыс себебі қылмыскерлердің толық барлығы түзеліп, қайта тәрбиеленіп енді қылмыс жасамауына ешкім кепіл бере алмайды.
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі — жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат - адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялык құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір - бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз —қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат - адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау [57, 7 б.]
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір- бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз —қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықгама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады [58, 17 б.].
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган — сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады [59, 156 б.]. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды [60, 7 б.].
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза — өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады [61, 155 б.].
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты [62, 7 б.].
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК-терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған кылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» [63, 17 б.].
И.И Карпец пен А.Н.Тарбагаевтың еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК- тің 13-бабы). Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді (ҚК-тің 48-бабы). Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол — қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен катар моральдық тұрғыдан теріс баға береді [64, 49 б.].
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға. Сонымен қылмыстық жаза — қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау — жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақыта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міңдеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу — заңсыз, делелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін [65, 78 б.]
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру — жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі — арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады [66, 67 б.].
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру — жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді [67, 48 б.].Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс [68, 39 б.]. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықгары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді [69, 54 б.]. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықган сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды [70, 59 б.]. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты — сотталғанды түзеу. Ондай максаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз — адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік-пайдалы касиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады [71, 49 б.]. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаңы орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе - түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орыңдалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлі тәсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қолданылуға тиіс [72, 35 б.].
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған.
Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаңың мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаңың нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міңдеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаңың мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақгы адамға қатысты жазаңың түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаңың заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу — заңсыз, делелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаңың мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру — жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі — арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаңың мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әдолеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынай сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни, жазаңың мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру — жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге өрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықгары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаңы көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаңың мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, совдықган сот тек ғана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаңың әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі жазықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты — арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да — сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады [73, 125 б.].
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні — «қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде» және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады [74, 325 б.].
Ал, И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау; зәресін алу [75, 59 б.].
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.
Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына кандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін заңда катаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің «а» тармағы). Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.
Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты [76, 49 б.].
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы — мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қауіпі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады [77, 24 б.].
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында, үшіншіден — тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп жазады М.Д.Шаргородский [78, 256 б.].
С.В. Полубинская жалпы аддын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі [79, 45.].
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақтандырудағы мақсатқа қол жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол жеткізе алмаймыз.
3.2 Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы
Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1 бөлігінде орналасқан.
Әділ қазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар [80, 48.
Оның методологиялық маңызы сол — әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол — онда жазаның түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де үғымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда — ол арқылы кай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықгай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек [81, 7 б.]
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлігі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау — жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс [82, 69 б.].
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықгы байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды — ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
1532 жылы қабылданған Карл Ү-нің қылмыстық жинағы «Каролина» (Constiturio csriminalis Carolina) сол кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды: «Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалакқа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды» [83, 75 б.].
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат — «зиянкес» адамның көзін жою немесе оны адам сияқгы өмір сүру кабілетінен айыру. Ол кездің ұраны — үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да, алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды [83, 16 б.].
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаңың орыны, бәрінен бұрын, адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын мойыңдау керек.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орнына — арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына — түзеу жұмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған [84, 13 б.].
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған кылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппұл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана құқынан айыру. Мұның бөрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.
Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері) жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл қылмыстық заң принципімен сәйкестігін табады — қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін, оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР Конституциясының 17-бабында былай делінген: «1. Адамның қадір-касиетіне қол сұғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай катыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды». Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған [85, 8 б.].
Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дәл тізімі берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Заңда қарастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі және ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және тәртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нәтижесінде жазаның әділдігін, лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға, жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жағдай жасалады.
Осы күшіндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықтан оған жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек. Сонымен қатар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Біздің пікірімізше, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі ретіңде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі — қателік.
Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар, себебі бас бостандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы бас бостаңдығынан айыру — мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптардың санкцияларыңда ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2 бөлігі).
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады.
Жазаларды негізгі және қосымша деп бөлудің практикалық маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану — жазаны жеке даралау принципін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қай түрі негізгі, қайсысы қосымша екендігін дәл көрсету заңдылық талабына толық сай келеді [86, 61 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет