Диссертациялық жұмыстың пәні қылмыс құрамы қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін процесстер.
Жұмыстың теориялық және тәжірбиелік маңыздылығына еліміздегі қолданыстағы қылмыстық заңнаманың негізінде қалыптасқан қылмыстық жауаптылықтың негіздерін егжей-тегжейлі зерттелініп, оларға нақты түсініктер берілген. Жұмыстың нәтижесі бойынша берілген ұсыныстар құқық қорғау органдарының жұмыстарында елеулі көмегін тигізеді деп ойлаймын.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату түсінігі
"Қылмыс ұғымы - жалпы ұғым. Осы қылмыс туралы ұғым қай қылмыстың кұрамы болмасын, соның бәрінде де болуы қажет. Әрбір құрам қылмыс туралы ұғымды өзіне сіңіре отырып, әр қылмыстың өзіне тән өзгешелік белгілерін атап көрсетуі керек". Сонымен қылмыс құрамы дегеніміз, осы айтылып отырған мәселеге байланысты, жалпы қылмыс туралы ұғымынан әрбір қылмысқа бейімделген, оның өзгешелігін көрсететін белгілердің жиынтығы болады.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамының белгілерін төртке бөлу немесе қылмыстың төрт жағы деп атау дәстүрге айналған. Ол шынында да дұрыс шешім. Осыған байланысты мына төмендегі белгілерді бір-бірінен ажырату қажет:
1. қылмыстың объектісі;
2. қылмыстың объективтік жағы;
3. қылмыстың субъектісі;
4. қылмыстың субъективтік жағы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында [1, 2 б.] өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайтын, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, яғни барлық объектілерді танитын Қазақстан 2009 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігінің біршама уақыт өткендігін атап өтті.
Қылмыс кұрамы дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралатын белгілерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс туралы жалпы ұғымды дұрыс ұқпайынша, әрбір қылмыстың жеке кұрамын және оның белгілерін дұрыс ұғу мүмкін емес. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде әрбір қылмыс үшін оны сипаттайтын кұрамға кіретін белгілер көрсетіледі. Ол құрамға кіретін белгілерді заңда заңшығарушы беталды көрсете бермейді. Оларды заңда көрсету үшін ғылыми жолмен табылған жалпы құрамдағы белгілерге сүйену қажет болады. Сондықтан жалпы құрамды ұқпайынша, әрбір қылмыс туралы құрамдарды ұғу және оларды дұрыс қолдану мүмкін емес.
Қылмыс кұрамындағы белгілері бар әрбір әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті қылмыс және жазаланатын істің қатарына жатады. Қылмыстың кұрамы және оған кіретін барлық белгілер заңның диспозициясында тікелей көрсетіледі, көрсетілмеген жағдайда сол диспозициядағы кұрамда қандай белгілердің барлығы өздігінен көрініп, белгілі болып тұрады. Заңшығарушы кұрамға қоғам үшін қауіпті әрбір қылмыстың өзіне ғана тән өзгешелік белгілер кіргізеді. Кейде бірнеше қылмыстарға бірдей ортақ болатын белгілер де кұрам жинағына кіргізіле береді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабында "Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау",- делінген. Бұл кұрамдағы сол қылмысқа айрықша тән белгі - "азаматтардың меншігіндегі мүлкін жасырып ұралу". Бұл қылмыста басқа да белгілер болуы мүмкін, яғни мүліктің түрі, ұрлау мерзімі және ұрлық жасау жағдайы т.б. Бірақ бұлардың ешқайсысы да құрамға кірмей отыр. Бұл белгілердің әрқайсысы сол әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті болғанда немесе оның дәрежесін заңда сипаттау керек болғанда ғана енгізіледі. Мысалы, сол бабтың 2-бөліміндегі құрамдарда: бірнеше рет жасалған ұрлық, немесе бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлығы немесе жәбірленушіге едәуір зиян келтірілген ұрлық", - делінеді. Осы айтылған белгілер осы бөлімде көрсетілген қылмыстардың өздеріне ғана тән белгілері болғандықтан, олар бірінші құрамға кірмей, екінші бөлімдегі құрамдардың белгілеріне жатып отыр. Осы белгілер арқылы ғана оларды бірінші бөлімде көрсетілген құрамдағы қылмыстан ажыратуға болады. Құрам бірдей белгілерден ғана тұрмайды, ал бірнеше белгілер жиынтығынан құралады, өйтпейінше оны құрам деуге болмайды. Құрам деу үшін кұрама, жиынды, қосалқы бірнеше белгілерден кұралуы қажет.
Құрамның барлық белгілерін түгел қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардан (диспозициядан) ғана іздеуге болмайды. Құрамның көптеген белгілері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде де қаралады. Ерекше бөлімде көрсетілмеген белгі Жалпы бөлімде сөзсіз табылады. Қылмыстың ұғымына тек қана аяқталып біткен қылмыс ғана емес, бітпеген қылмыс та, кылмысты жасауға дайындалу немесе оқталу кезеңдері де жатады. Қылмыс кұрамына тек қана орындаушының әрекеті кіріп қана қоймайды, сонымен қатар көмектесушілердің әрекеті немесе әрекетсіздігі жатқызылады. Ал ерекше бөлімде тек істеліп біткен қылмыстың ғана құрамы көрсетіледі. Қылмыстың белгілері Ерекше бөлімдегі диспозицияда көрсетіледі. Көпшілігінде әрбір диспозицияда бір қылмыстың құрамды белгілері қаралады. Сөйтсе де бір бапта екі есе одан да көбірек қылмыстардың құрамдары көрсетілген жағдайлар кездесе береді. Кейбір баптарда жаза мөлшері біркелкі қаралатын екі немесе одан да көп қылмыс құрамдары бірінен кейін бірі тіркесіп келеді. Мысалы, ҚР ҚК -нің 387, 388, және 389 бабтарында екі қылмыстық құрамды тіркестіріп қарайды:
Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру;
Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру;
Әскери мүлікті жоғалту.
Бұл сияқты жағдайлар біріншіден, жаза мөлшері бірдей, екішіден, бірінші мен екіншіге қарағанда үшінші қылмыстың ешелігі болғанымен оның үшеуінде де біртекті қылмыстар отыр. Қылмыстың бір-бірінен мазмұны, түрі және қауіптілік дәрежесінде өзгешелік болғанымен, үғымы жалпы болады. Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Әрбір жеке қылмыс құрамында екі түрлі белгі болуы қажет. Бріншісі - бұл әр қылмыстың өзіне тән басқа қылмыстардан өзгешелігін көрсететін белгілер, екіншіден, жалпы қылмысқа тән қоғамға қауіптілігі, заңға қайшылығы, кінәлілігі және жазаланушылық белгілері.
Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет»[2, 3 б.].
Қылмыс құрамы заңда көрсетілгеніне немесе көрсетілмегеніне қарамастан өздігінен көрінетін белгілерден тұрады. Ол белгілердің жиынтығы қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызуға арнайы мамандардың көрсетпелері дәлелдемені анықтауға мүмкіндік толық мүмкіндік береді [3, 14б.].
Қылмыстық құрамға жататын төрт жақты таппайынша, қылмыстың кұрамы туралы сөз қозғауға болмайды. Өйтпейінше қоғамға қауіпті істі қылмыс қатарына жатқызу немесе оны қылмыс сипаттауға мүмкіндік тумайды. Сондықтан, әрбір қоғамда ол құрам болу үшін төрт белгі болуға тиіс.
Қылмыс объектісі дегеніміз - бұл заң қорғайтын, қылмыстық қол сұғушылық бет алған мүдде болып табылады. Қылмыстың обьектісіне жататын белгілер үнемі қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіле бермейді". Қылмыстың субьектісіне жататын белгілер де диспозицияда аз кездеседі. Жалпы қылмыс 16 жасқа, кейбір қылмыстар үшін 14 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адамдар жауапты болады дейді Осы жастарға толған есі дұрыс адам жасауға болмайтын қылмыстарды жасағанымен, заңшығарушы оларды жауапкершліктен босатқысы келген жағдайда,заңның диспозициясында субьектінің жасын немесе одан басқа сапасын керек екенін көрсетеді.Мысалы,әскери немесе қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған қылмыстар туралы құрамдарда бұл жағдай өзінен-өзі көрініп тұрады.
Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер диспозицияда көп жағдайларда әрекет немесе әрекетсіздік деп атап көрсетіледі. Өйткені нәтижені әрекет немесе әрекетсіздік тудырады. А.А Исаевтың пікірі бойынша құқық нормасының мазмұны өзгеріп отырады, қоғамдық қатынастардың құқық арқылы реттелмейтіні есте болу керек [3, 27б.].
Кейбір құрамдарда заң объектіні нақтылы зияннан емес, тек оған қауіп төндірушіліктен қорғайды. Объективтік жақтың басқа белгілеріне қылмысты жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралдары мен қарулары жатады.
Қылмыс құрамдарында тікелей аталып көрсетілген немесе көрсетілмеген, бірақ сол құрамда өздігінен көрініп тұрған белгілер бірдей маңызды саналады. Қылмыс құрамының белгілерінің біреуі болмаса, қылмыс құрамы да болмайды. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі бертекке жататын қылмыстарында бірнеше түрлі құрамдар кездеседі. Қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыс құрамдары, өзара қоғамға қауіптілік дәрежесінің әртүрлілігіне қарата ажыратылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамдары қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты: негізгі, ауырлататын және жеңілдететін құрам болып бөлінеді.
Біріншісі, негізгі құрам, яғни жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән – жайлар көрсетілмеген, қылмыстың тек негізгі белгілерінен құралған құрам.
Мысалы, ҚР ҚК –нің 96 бабының 1 бөлімі.
Екіншісі, қылмысты ауырлататын жағдайларды қарайтын құрам, бұл сияқты құрамға біртекті қылмыстардың ішіндегі оны жасаудың ауыр түрін сипаттайтын құрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК –нің 96 бабының 2 бөлімі.
Үшінші түріне біртекті қылмыстардың ішіндегі жеңіл түрлерін көрсететін белгілерді қарайтын кұрам жатады. Мысалы, ҚР ҚК 98-бабында көрсетілген жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру туралы кұрам қаралады. Бұлар әртүрлі қылмыс болғанымен, негіздері бір текке жататын қылмыстар. Бірақ олардың түрліше өзгешеліктерін ажырату керек. Осы өзгешеліктерге байланысты оларға санкцияда әртүрлі жаза қаралады. Бұл қылмыстардың өзгешеліктерін ажыратпай тұрып, занды қолдануға болмайды. Біртектес қылмыстар туралы тізбектелген бірнеше құрамдар бір бапта қаралады. Мысалы, 1,2,3 деген сияқты немесе "а", "б", "в" деген белгілер арқылы немесе әр құрам өз алдына бап алғанымен, оның артынан екінші немесе үшінші бөлім болып келеді. Соған қарамастан оларды біртектес деу қажет. Біртектес қылмыстарды бірнеше құрамдарға бөлушілік тек сол құрамдардағы көрсетілген қылмыстарды бір-бірімен салыстырғанда олардың қоғамға қәуіптілік дәрежелері әртүрлі болған жағдайларда ғана кездеседі. Егер олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей жағдайларда заңшығарушы оларды бірнеше құрамға бөлмей, бір қылмыс ретінде ғана қарайды [4, 71б.].
Кейбір жағдайларда қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне қарай бір текке жататын қылмыстар жоғарыда ғандай, үш түрлі кұрамға емес, екі түрлі құрамға бөлінуі де мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК 187-бабындағы қылмыстар, онда мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге жауапкершілік қаралады. Заңшығарушы сол қылмыстарды біртектес болғанымен екі құрамға бөлген. Себебі ол әрекеттің дәрежелері әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысына лайықты жазаның түрі мен мөлшерін көрсету құрамға бөлінеді. Егер де біртекті қылмыстар бірнеше болғанымен, олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі болатын болса, ондай қылмыстар бір құрамда қаралады [5, 78 б.].
Қылмыс кұрамы, оның қылмыспен байланысы туралы көптеген еңбектер жазылған. Бірақ осы күнге дейін маңызды бірыңғай көзқарастар жоқ. Ең алдымен көңіл бөлетін нәрсе - бұл байланыспайтын құбылыстарды байланыстыруға болған әрекет. Мысалы, нақты қылмысты қылмыс құрамының жалпы түсінігімен байланыстыруға ұмтылу. Біздің түсінігіміз бойынша жазықтықта жүргізу заңды сияқты. Мысалы, "тік сызық бойынша", яғни қылмысты бүкіл қатынастар бойынша, қылмыс түрін, нақты қылмысты немесе "жалпы қылмыс құрамын" - нақты кылмыс құрамын теңестіруді бірдей жазықтықта жүргізу. Мұндай теңестірудің негізінде жалпы, ерекше және бірыңғай жазықтықта жүргізудің негізінде байланыс диалектикасы жатыр. "Көлденең сызық бойынша" қылмысты және қылмыс замын, нақты қылмыс құрамын теңестіру де заңды болып етелінеді. Мұндай теңестіру негізінде мәні мен эылыстың, мазмұны мен формасының байланыс диалектикасы жатыр Қылмыс құрамы - бұл қол сұғушылықтың занды маңызды белгілерінің жиынтығы, сондай-ақ заңшығарушы заңда маңызды деп қол сұғушылықтың жалпы және міндетті белгілерін атайды. Бұл белгілер қылмыстық заңда көрсетілгендіктен қоғамға қауіпті болған қол сұғушылық қылмыс ретінде қарастырылуы қажет және тиісті болып табылады. Құрамдарды реттеу кезінде заңшығарушы қьілмыстың мәні және змұнынан қорытынды шығарады. Қылмыс белгілері құрамында. белгілі дәрежеде реттелген, заң тіліне аударылған, қылмыстық-құқықтық түсініктерде көрсетілген, сондай-ақ бір мағыналы және занды түсініктер және дәрежелер жүйесіне енгізілген. Қоғамдық қатынастардың кұқықтық көрінісінің өзінің қисыны және өзінің техникасы бар, олай болған жағдайда құқық өз-өзіне тұтас және қатар қарсы болған болар еді. Сондықтан да "бандит" қылмыстық құқықта күнделікті тұрмыста қолданылуымен сай келе бермейтін түсінік болып табылады [6, 40б.].
Қылмыс құрамының жалпы анықтамасы "қылмыстық заңшығарушы бойынша белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын белгілер жиынтығы болуы мүмкін. Бұл кұрамның жалпы анықтамасы емес, ал жалпы қылмыстық емес белгілі бір қоғамдық кауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын нақты құрамның анықтамасы. Бұған дұрыс көңіл бөлген В. С. Прохоров болды. Оның жазуы бойынша "Белгілі қылмыстық белгілердің жиынтығы нақты қылмыс кұрамын құрайды". Автор жалпы қылмыс құрамы деп қате атай отырып, қылмыс кұрамының жалпы түсінігіне анықтама беруге ұмтылды. Сонымен қатар, В. С. Прохоров "жалпы құрамның түсінігі барлық нақты қылмыс құрамдары туралы түсінік береді", - деп дұрыс атап өтеді. Қылмыс құрамының жалпы түсінігін беру үшін нақты құрамдардың барлық белгілері ішінен бүкіл кұрамдарға тиісті болған белгілерін алу қажет. Әрине, бұл белгілердің саны әрбір нақты қылмыс құрамы белгілерінің санына қарағанда аз болады. Сондай-ақ бүкіл ерекше белгілер жойылады. Сонымен, жалпы қылмыс құрамының түсінігіне бүкіл нақты қылмыс кұрамдарына жататын белгілерді жатқызамыз. Яғни, қылмыс құрамының жалпы түсінігіне қылмыстың барлық түрлері мен барлық жағдайларына жалпы болған белгілер жатады[7, 13б.].
Қылмыс түсінігіне заңшығарушы қылмыс құрамының түсінігін береді. Бұл түсінікке билеуші қатынастарға қоғамдық қауіпті қол сүғушылық ретінде қылмыстың әлеуметтік-саяси сипаттамасы және қылмыстық заңда әрекет ретінде оның заңды сипаттамасы кіреді. Біздің атап өткеніміздей қылмыстың заңшығарушылық анықтамасы толық емес, қылмыс құрамының заңшығарушылық анықтамасы туралы да осылай айтуға болады. Онда қылмыс құрамы, сондай-ақ қылмыс кұрамының мазмұны толық ашылмаған. Сонымен қатар, қылмыс құрамының міндетті белгілері аталмаған. Сонымен, қылмыс түсінігінде қол сұғушылықтың әлеуметтік және саяси сипаттамасы, оның қауіптілігінің мәні материалдық қауіптілілік) қылмыс ретінде оның заңшығарушылық бағасы кіреді. Жалпы анықтамасында қылмыстық қауіпті қол сұғушылықтың барлық қажетті белгілері, яғни қылмыс субьектісі, қылмыс объектісі, объективтік жағы және субьективтік жағы заңды тілде берілуі керек. Қылмыс пен қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамының мағынасын терең түсіну қажет. Мысалы, жасөспірім үйдің қасында қараусыз қалдырылған көршінің велисопедін ұрлайды, белгілі бір іспен айналыспайтын азамат трамвайда базарға бара жатқан зейнеткердің қалтасынан акша ұрлайды. Біздің көріп отырғанымыздай, бір-біріне ұқсамайтын ұрлықтың екі түрі, бірақ екі жағдайда да бір жалпылық бар, яғни бір адамға тиісті болған мүліктің ұрлануы. Мұндай жалпы белгілердің болуы екі жағдайда да - бапта қаралған қылмыстық жазаланатын ұрлықтың жасалғандығын білдіреді, ұрлық туралы айта отрып, біз қылмыстың түрі туралы айтамыз. Қылмыс түрінің түсінігі ойдан шығарылмайды. Шынымен де, қылмыс жасалған барлық жағдайларда кез келген ұрлық міндетті, жалпы болатын белгілер, жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілік бағасы жағынан мәні, сондай-ақ ұрлықты қылмысқа жатпайтын ұқсас әрекеттерден айыратын белгілер алынады.
Құбылыстар мәні бойынша бір-бірінен айырылады, берілген құбылыстың маңызды белгілерін көрсете отырып, біз, оның өзгеше белгілерін де көрсетеміз. Әрине, өзгеше белгі ретінде елеусіз белгіні алуымыз керек, бірақ мұндай жағдайда біз берілген құбылыстың өзгеше белгісін емес, дербес белгіні тапқан боламыз.
Қылмыстың белгілі бір түрінің анықтамасы нақты қылмыс құрамын құрастыру керек. Нақты қылмыс құрамы дегеніміз - занды белгілер жиынтығының көмегімен заңшығарушының белгілі бір түрін анықтауы, бейнелеуі болып табылады. Заңшығарушы заңда қылмыстың әрбір жағдайын бейнелеп бермейді. Ол мұны жасай алмайды, жасаудың қажеттілігі де жоқ. Берілген қылмыс белгілерінің заңда көрсетілуінің өзі жеткілікті. Нақты қылмыс кұрамының белгілері нақты қылмыстардан алынады. Бұлар әрбір нақты қылмыстарда болатын белгілер табылады. Сонымен қатар, қылмыс құрамы реттелген, белгіленген. Қылмыс кұрамының заңсыз болуы мүмкін бірақ ол қоғамдық қауіпті қол сүғушылықсыз да болмайды. Қылмыс құрамы берілген қоғамға қауіпті қол сұғушылықты деп тануға қажетті және жеткілікті белгілердің жиынтығы болып табылады. Осы белгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамы туралы және қылмыс туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай мұндай жағдай дұрыс түсініле бермейді [8, 55б.].
Жасы толмағандардың қоғамды сыйламаушылықпен байланысты қоғамдық тәртіпті бұзуы көп жағдайда қылмыс болып табылады, себебі ол заңмен қорғалатын нақты қатынастарға қол сұғушылықпен тікелей байланысты. Н. Ф. Кузнецованың айтуы бойынша, "қылмыс субъектісі қылмыс үшін де, қылмыс кұрамы үшін де міндетті". Қылмыстың заңшығарушы анықтамасында қылмыс субъектісі туралы ештеңе айтылмайды. Осыған байланысты автор түсінік береді: "Жаспен және анықталатын жалпы субъект белгілері қылмыстық-құқықтық әрекет (әрекетсіздік) және кінәнің түсінігін қамтиды". Сонымен, қылмыс құрамы Ерекше бөлім баптарының диспозициясында көрсетілген белгілерге қиюластыруға болмайды. Ерекше бөлім баптарының әрбір диспозициясында қылмыстық әрекеттің тиісті түріне толық сипаттама берілген жағдайда мүндай көзқарас дұрыс болған болар еді. Бірақ қазіргі заң мұндай қағида қолданбайды. Кейбір жағдайларда бұл ерекше бөлім нормаларын кұрастыру кезіндегі ақталған лаконизмнің нәтижесі. Мысалы, қажетсіз түсіндіру кезінде тек қана қиыншылықтар тудыратын және практикалық қолдануда диспозиция көмегімен қылмыс кұрамы толық емес заңшығарушы сипаттамасына мемлекетке сатқындық сияқты құрамды келтіруге болады. Тексте лаңкестік акт, диверсия, қастық жасау және осы топтағы басқа да қылмыстарды сипаттайтын бап диспозициясының болмауы, қылмыс субъектісіне байланысты ешқандай көрсеткіштер жоқ. Мұндай жағдайларда құрамның болуы қылмыс субъектісін қанағаттандыратын тиісті қасиеттерін анықтамай-ақ мойындалуы мүмкін. Бүл көрсетілген қыллмыстарда субъект қандай да бір ерекше, жалпылардан өзгеше белгілермен (мысалы, мемлекетке сатқындық кезінде азаматтық белгісі) сипатталмайтындығын білдіреді. Ал қылмыстық заңда жалпы қаралған қылмыстық жауаптылық белгілері Жалпыы бөлім нормаларына енгізілген және көбінесе ҚР ҚК 3 бабында сипатталады. Егер де Ерекше бөлімнің әрбір баптарының диспозицияларында заңшығарушы сәйкес қылмысты сипаттау кезінде, жауапкершілік субъектісі 16 толған адам болады десе, ондай нормаларды қолдану кезінде ешқандай практикалық қолайлылық болмаған еді, ал бұл өлшем бапта заңшығарушы құрылымының сапасын бағалауда негізгі болып табылады.Жалпы қабылданған тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына кей реттерде қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы, жазаны өтеуден босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен жетуге болады.
Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алу немесе оның сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқық бұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын-алу болып табылады. Егер аталған мақсаттарға жету үшін қатал қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары қажет болмаса заңда көрсетілген тәртіппен сотталғанның жазасын жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдетуге жол беріледі.
Жазаны өтеуден босату деп мемлекеттің кінәлі адамға заңда көзделген қылмыстық жазалау шараларын қолданудан бас тартуы деп түсінуіміз керек. Мұндай жазадан босатудың негіздері әртүрлі. Атап айтқанда, жазаны өтеуден босатуға сотталған тұлға түзелген және қайта тәрбиеленді сондықтан жаза мақсатына оны өтеусіз-ақ жетуі мүмкін деп танылса, немесе жазаны қолданудың орынсыздығын көрсететін басқа да жағдайлар (мысалы, ауыр науқастық мүгедектік) болған кездерде жол берілуі мүмкін.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға тағайындалған жазаның мөлшерін жеңілдету немесе оны өтеуден босатуды рақымшылық актісі немесе кешірім беру тәртібімен жүзеге асырылған кездерден басқа жағдайларда, заңда көзделген тәртіп пен шарттар бойынша сот қана қолдана алады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипаттамасы қылмыстық жауаптылықтың өзімен тығыз байланысты [9, 7 б.].
Сондықтан, бір жағынан қылмыстық жауаптылық ұғымы, мәні және мазмұны туралы теориялық мәселелерді шешу қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипаты жөніндегі мәселелерді шешу үшін негіз болады. Екінші жағынан, қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелерін заң актілері арқылы шешу— бізге заң шығарушының қылмыстық жауаптылық мазмұны, оны жүзеге асыру кезендері туралы пікірін білуге мүмкіндік беретін материал.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипатын анықтау процессін қылмыстық жауаптылық пен оның мәні туралы мәселеде нақты бір
пікірдің жоқтығы қиындата түседі. Бұл мәселені шешуде екі негізгі тенденция бар. Бірінші бағытты ұстанғандар бұл проблеманы қылмыстық жауаптылық пен жазаны біртұтастандыру арқылы және қылмыстық жауаптылықтан босатуды қылмыстық жазадан босатумен біріктіру арқылы шешуге тырысады. Екінші көзқарастың негізін қылмыстық жауаптылық ұғымымен қоса қылмыс жасаған адамға қатысты заңда белгіленген басқада тиімсіз салдарлар жатқызылады [10, 2 б.]. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату өтеуден босатумен шектеліп қалмай, басқа да тиімсіз салдарлардан, мысалы сотталудан да босатылуды қамтиды.
Бұл екі бағыттың да (ұстанушылар) қолданушылары өте көп. Карпушин, Курляндский сияқты ғалымдардың ойынша "қылмыстық жауаптылық — бұл кінәлі адамның жасаған қылмысының заңда көрсетілген барлық тиімсіз салдарларын өткеру міндеті".
Екінші көзқарасты ұстанушылар (Алексеев, Карнеева, Галперин) "қылмыстық жауаптылық — жазаны өтеу" деген анықтаманы дұрыс санайды.
Ал біз алғашқы көзқарасты қолдаймыз. Яғни біздің ойымызша қылмыстық жауаптылық тек жазаны өтеумен ғана шектеліп калмауы тиіс.
Ұстанған бағытымды түсіндіріп өтейін.
Біріншіден, егер басқа көзқарасты қабыл етсек, онда қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық жазадан босату ұғымдары арасында ерекшелік барын және бұл ерекшелік ешқандай негізделмегенін мойындауымызға тура келеді.
Екіншіден, бұл көзқарас бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату қай кезеңде жүзеге асырылғандығына мән берілмейді. Бірақ та қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары тұрғысынан қарағанда жауаптылықтан босатудың қылмыстық жауаптылықтан адамды айыпкер деп танығанға дейін босату мен айыпкер деп танылған соң босатуда, сотқа дейін немесе сотта айыптау үкімі шығарылғанға дейін босатумен сотталғанды айыптау үкімін шығарып жазаны өтеуден босатуда және жазаны одан әрі өтеуден босатуда құқықтық мәні мен құқықтық салдарлары бірдей емес екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жағдайларда тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының көлемі әртүрлі.
Үшіншіден, жазаны өтеуден босату тек кінәліге қатысты жаза қолданылып, орындалып, оны кінәлі адам өтеп жатса ғана мүмкін болады. Яғни, мұндай жағдайда мысалы бас бостандығынан айыруға сотталған адам бас бостандығынан іс жүзінде айырылған фактілер туралы ғана айта аламыз.
Яғни, қылмыстық жауаптылықтан босату менің пікірімше, бұл жазаны іс жүзінде атқарудан босату емес, жазаны өтеу міндетінен босату. Әрине, бұл жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кінәлі адам қорқыныштан басқа ешқандай тиімсіз салдарлар көрмейді және қылмысы үшін жауаптылық көру міндетінің мәнін жояды деп қарсылық білдіруге болар еді. Бірақ бұл міндет кінәлі адам әділсоттылықтан құтылып кететін қалыптан тыс жағдайларда каралмауы тиіс. Жалпы аталған міндет қалыпты жағдайда жазаны өтеудің бір түріне айналады. Яғни бұл процесс жазаны атқару міндетінің дамуы мен жүзеге асуы процессі болып табылады [11, 59 б.].
Сонымен, жасаған іс әрекеті үшін жауап беру міндеті жүзеге асырылуы керек және осы мақсатта әділ сот органдары қызмет етеді. Ал олардың көп жағдайда қылмыскерді жауапқа тарта алмауы қылмыстық заңның беделіне емес, осы органдардың беделіне нұқсан келтіреді.
Енді біз "қылмыстық жауаптылықтан босату" ұғымын қарастырып көруге тырысайық. "Босату" ұғымының өзі белгілі бір шектеулердің бар екендігін көрсетіп тұрса керек. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған және осы қылмысы үшін жауап беру міндеті жүктелген тұлғаға қатысты ғана қолданылуы мүмкін. Сәйкесінше міндеттерінен босату дегеніміз бұл қылмыс жасаған тұлғаға қылмысына байланысты жүкгелген міндеттерін алып тастау деген сөз. Жауаптылық дегеніміз бір нәрсе немесе әрекет үшін жауап беру қажеттілігі, міндеті.
Егер адам жауап беруге міндетті болмаса, демек ол жауаптылықтан босатуды да қажет етпейді. Егер тұлға қылмыстық іс-әрекет жасамаса оны қылмыстық жауаптылықтан босату да орынсыз болып қалады. Мұндай жағдайды дәлірек айтқанда "аталған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатпайды" деуге болады. Сәйкесінше қылмыс істеген тұлға қылмыстық жауаптылықка тартуға жатады, ал қылмыс істеген адам жатпайды.
Филимонов, Курляндский, Карпушин, Келина сияқты ғалымдар адамды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін алдымен сол тұлғаның жасаған қылмысының құрамын сараптап, анықтап алу қажеттігіне баса көңіл аударады [12, 157 б.].
Филимонов В.Д. Біздің заң актілерімізде қылмыстық жауаптылықтан босатудың әрқилы түрлерінің болуы, оларды қолданған жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше олардың қолданылғандығы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болғандығын дәлелдейді. Егер қылмыстық жауаптылықка тартуға негіздер болмаса, бұл жауаптылықтан босату туралы мәселе көтерудің өзі қисынсыз болған болар еді.
Біз қажетті қорғану мен аса кажеттілікте қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесін қоймаймыз ғой. Қоймайтын себебіміз бұл жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз жоқ немесе басқа сөзбен айтқанда "қылмыс құрамы жоқ"- дейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарын жоғарыда қарастырып өткен нюанстармен байланыстыра отырып талдасақ.
Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы 69-бабында қылмыс жасаған адам "егер қылмыс жасаған күннен келесі мерзімдер өтсе:..." қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс делінгенi. Адам қылмыс жасағаны белгілі болғандықтан қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сөз қозғағаны орынды. Сондай-ақ егер мерзімдердің өтіп кетуі сот мәжілісі уақытында анықталса қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып тек жазадан ғана босатылады [13, 69 б.].
Сондықтан жоғарыда аталған бапты "қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату" деп қайта құрса толық және нақтырақ болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |