Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қортындылау, тақырыптық бақылау сабақтар бойынша балл қою т.с.с.
Жеке дара қатынас. Әрбір оқушының ерекшелігін бақылау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті, т.б.) қарастырылады.
Жан-жактылықты бақылау. Оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық дағдыны, бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалды қатынас. Әрбір пәннің ерекшелігін жекелеген білімдерін, сонымен бірге, оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі, дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Зачёт (сынақ) - қортынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан - оқушылардың білімін қортынды бақылаудың арнаулы формасы. Оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойына оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. [9]
1.2. Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері.
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушының назары оқу-танымдық әрекетке, жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталады. Мұның да белгілі заңдылықтары бар. Ғалымдардың айтуынша, материалдарды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол матриалдармен түрліше жағдайда ең кемінде алты рет кездесуі керек.
Жаңа түсініктерді қалыптастырудың процесін оны меңгерту әрекет-тәсілін қалыптастыру мен дамытудан (ол сабақтың дидактикалық компонентінің екінші бөлігі) ажыратып алып қарауға болмайды.
Шын мәнінде, оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсініп, қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп, мұғалімнің айтқанын түсініп тыңдай білуі керек.
Осыдан келіп, сабақтың екінші кезеңінде коммуникативтік топтарға жататын көптеген жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Бірақ, сабақтың бұл кезеңінде тек коммуникативтік икемділіктер дамытылуы қажет деген түсінік тумайды. Мұнда, ең алдымен, логикалық икемділіктер-салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру қалыптастырылып отырады. Оқушылардың ойлау белсенділігін қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мұғалімдер оқытудың бұл кезеңде сабақ желісіне жалпы оқу шеберліктеріне есте сақтау, жаңа білімді меңгеру, мотивация сияқты іскерліктерді кірістіреді: негізгі ойды ажыратып ала білу, үлгі бойынша және творчествалықпен жұмыс істей білу, оқу материалдарын бөліктерге бөле білу, оқулықты пайдалана білу, қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп, сурет сызбалармен жұмыс істей алу, тез оқып, жақсы оқи ала білу, жылдам жаза білу, сөздерді, ережелерді есте сақтау, өлеңдерді оқи білу т.б. сияқты икемділіктерге үйретеді.
Сонымен бірге қорытындылау, жинақтау және жүйелеу - материалды жаңғырту мақсатымен қысқаша толық бейнелеп суреттеп көрсететін тапсырмалар жүйесін орындау арқылы жүзге асады.
Енді оқыту әдістеріне тоқталайық. Білім алу көзіне қарай оқыту әдістерін ғалымдар былайша топтастырады.
Оқыту әдістері сөз жүзіндегі әдістер болып бөлінеді.
Көрнекі әдістер, іс-тәжірибелік әдістер болып бөлінеді.
Сөз жүзіндегі әдістер: әңгімелеу, әңгіме дәріс, оқу - білімдік сайыс, оқулықпем жұмыс.
Көрнекі әдістер: бақылау, байқау, бейнелеу, көрнекі құралдармен, бейне, көркем - сурет, құжатты фильмдерді көрсету, эксперимент.
Іс-тәжірибелік әдістер: жаттығу, жазба жұмыстары, сызба, графиктік, машықтану жұмыстары.
Оқыту әдістерін оқушылардың ойлау әрекетінің, қызметінің тәсілдері бойынша топтастыру.
Оқыту әдістері: түсіндірмелі иллюстративтік, репродуктивтік, ділгірлік баяндау, жеке (жартылай) ізденіс эвристикалық зерттеушілік.
Оқыту әдістерін топтастыру: М.А.Данилов. В.П. Есипов.
Мұғалімнің білімді ауызша баяндау, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері:
- әңгіме, түсіндіру, дәріс, бейнелеу мен керсету;
Өтілген материалды бекіту әдістері:
- әңгіме, оқулықпен жұмыс:
Жаңа материалды меңгеру, қабылдау, түсіну саласында оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының әдістері:
- оқулықпен жұмыс, зертханалық жұмыс;
Алған білімдерін іс-жүзінде қолдану үшін дағды мен икемділігін қалыптастыру үшін оқу жұмысында қолданатын әдістері:
- жазбаша және іс-тәжірибелік жаттығулар;
Оқушылардың білімін, икемділігі мен дағдысын тексеру мен бағалау әдістері: күнделікті бақылау, оқушылар жұмысын ауызша сұрау.
Сабақтың бағалау, баға қою, тексеру, бақылау жұмысын, үй жұмысын тексеру, программалық бақылау [11.66].
Мұғалімнің білімді ауызша баяндау, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері.
Өтілген материалды бекіту әдістері.
Жаңа материалды меңгеру, қабылдау, түсіну саласында оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының әдістері.
Ал өз бетінше жұмыс дегеніміз не? Ол туралы ғалымдардың пікірі қандай?
"Өзіндік жұмыстың мәнін анықтауды оқушылардың оқу сабақтарына арналған және өзіндік дайындығына кететін қосымша уақыттарға жіктейтін жоғары оқу орындары процесінің құрылысына қарастыру керек" - дейді С.И.Архангельский.
М.А.Гарунов өзіндік жұмыс ұғымын жоғары оқу орындары оқу процесінің талабы мен ерекшеліктеріне сай, оқулық және ғылыми ілімтану түрінде қарастырады.
Р.Г.Лемберг; "Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына; оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы; жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы" — деп жазды. [12.84]
Ал Н.И.Галашвили өзіндік жұмыстармен бірге оқушылардың жауабына, сонымен қатар мәнжазбаларды орындауын да, өз бетімен дайындалу процестерін өзіндік жұмыстар қатарына жатқызады. Ол өзіндік жұмыстың негізгі бастты мәні оқушылардың өз бетімен білім
алуы, өз бетімен оқыту тәсілдерін игеруі деп көрсетті.
Н.К.Крупская "Өздігінен білім алушылардың есіне" деген тезисінде мынадай нұсқаулар береді:
-
Өздігінен білім алу үшін ең алдымен сол жұмысқа қажетті
нақты дағдылар (библиографиялық дағды, анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығанды жазып алу, т.б.)
-
Өздігінен білім алу қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті құрал,
әдебиет т.б. болуын ) керек етеді.
-
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анықтап біліп, оны
белгілі жүйемен жасау керек.
-
Алғашқы кезеңдерде тәжірибелі адамдардан кеңес алудың пайдасы бар.
-
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай
жүргізген жөн.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы оқытушының басшылығымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері - олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Жоғарыдағы авторлардың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері ықпал жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызады.
Эстондық ғалым-педагог О.А.Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай ұстанымдарға қарай топтастырады:
-
Психоглогиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты.
-
Психологиялық-дидактикалық (оқушылар жасайтын әрекетке байланысты).
-
Дидактикалық (жұмыстың атқаратын қызметіне байланысты).
-
Дидактикалық-әдістемелік (проблемалы тапсырмалардың дәрежесіне байланысты).
-
Әдістемелік (берілетін хабар қандай құралдар, жағдайлар негізінде берілуге байланысты).
-
Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға
байланысты).
-
Ұйымдастыру ұстанымдары (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).
Р.Г.Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Психологтар (Кабанова-Меллер т.б.) оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөледі. [13.18]
1. Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданатын тәсілдері: жоспарлау, уақытты дұрыс пайдалану, оқу мен тынығу тәртібін ұйымдастыра білу, өз жұмысын бақылау т.б. 2. Оқуға тікелей байланысты қолданатын тәсілдер: жаңа білім мен дағдыларды меңгеру және өздігінен жұмыс істеу. Осылардың ішінде ерекше орын алатыны - оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу дағдысы: материалдың мазмұнын талдау, ондағы ең негізгі мәселені басқаларынан айыра білу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, кестелер, сызбалар қолдана білу тәсілдері.
Оқу-танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады:
-
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.
-
Жаңа эмперикалық және практикалық білім алуға арналған
өзіндік жұмыстар.
-
Білім және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар.
-
Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар.
-
Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар. Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен ерекшеліктері мен теориялық білім, оның кәсіби әрекетіне, байланыстылық дәрежесіне қарай анықталады. Мұндай жұмыстарға өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, логикалық тапсырмаларды орындау, өз бетінше әңгіме жазу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.
Көрсетілген жұмыстардың дидактикалық шарты мен негізін ерекшелігі - оны басқарудағы педагог әрекетіне байланыстылығы. Оқытушы жаңа, түсініксіз болған терминдердің мағынасын оқушыларға түсіндіріп, қажет болған жағдайда бұрын айтылғандарды естеріне түсіру, бағыт беру керек.
Өзіндік жұмыс істеу шеберлігімеи дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық және практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесіңде қалыптасады.
Өзіндік жұмыстар қызметтерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
• өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде, мұғалімнің-кәсіптік ақпараттық ой-өрісінің, оқушылардың сенімін және педагогикалық көзқарастардың негізін қалайтын кәсіптік-педагогикалық білімдерді игеруі;
-
оқушылардыд өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында
өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып, білімдерін бекіту;
-
оқушылардың теориалық және практикалық тапсырмалар орындау
арқылы өз бетімеы кәсіби-педагогикалық ойлануын дамыту;
-
оқушылардың кәсіптік бағдарлауын, педагогикалық қабілеттілігін,
мүмкіндігін, кәсіби ынтасын ескере отырып, танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру.
Оқушылардың білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына, мәдениеттідігіне дұрыс ұйымдастырылған оқу ісінен тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады. Осы пікірді А.Н.Леонтьев те қолдайды. Оның ойынша адамның жеке басының қасиеттерінің шын мәніңде қалыптасуы тек жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарындылықтарына ғана емес, осы бағыттағы нақты жүргізілетін жүйелі жұмыстарға байланысты.
Ю.К.Бабанский мұғалімнің кәсіптік дағдылары мен білімдері жөнінде тоқтала келе, оларды былай анықтайды:
"Мұғалімнің кәсіби дайындығының негізін білім қалайды. Ол әр түрлі жағдайларда белгілі мақсаттарды шешуге бағытталған, өзара қарым-қатынаспен байланыста болатын мұғалімнің жүйелі түрде жүргізетін қызметі. Дағды ұғымымен салыстырғанда білімділік мұғалімнің әрбір іс-қимылынан байқалып, оны саналы түрде оқушылардың ой-өрісін шығармашылық деңгейіне жетелеп отыруы. Мұғалім басқа мамандарға қарағанда өз білімі мен жұмыс әдістерін жиі жаңартып отыруы керек. Сондықтан да ол педагогикалық қызметте жоғары деңгейдегі дағдылар мен білімділікті көрсетіп отыруы тиіс ". [10.250]
Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын дайындаған да алдын-ала мынадай екі міндетті шешу қажет:
-
Оқытып отырған пәннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу кезеңінің дидактикалық міндеттеріне сәйкес, оқушыларға күрделірек деңгейі әр түрлі тапсырмалар дайындау.
-
Тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда оқушылардың түрлі
ізденімпаздық деңгейлерін анықтау.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекеті олардан мейлінше дербестікті, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алу ісін оңтайландыру, күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кездегі маңызды міндеті болып табылады. Өздігінен білім алу әрекеті сол әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал. оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру оқытушының міндеті. Бұл жұмыстар сабақ үстінде басталып, әрі қарай сабақтан тыс уақыттарда жалғасуы тиіс. Оқу жұмысы — оқушылардың өзін-өзі оқытуға өздігінен білім алуға себебін тигізетін құрал. Сондықтан оқыту мен оқушылардың дербес білім алу жұмысын бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс деп санау қажет.
Оқушылардың білім алу әрекетіне ерекше әсер ететін күш-оқуға, өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты туатын мотивтер. Өздігінен білім алу әрекетінің бағыты олардың алдына қойған мақсатына қарай өзгеріп отырады, сондай-ақ ғылыми білімдермен; саяси білімдермен және өнермен шұғылдану.
Өздігінен білім алудың қайнар көзі - кітап және мерзімді баспасөз, интернет.
В.А.Сухомлинский жүйелі түрде білім алу ең алдымен кітаппен жұмысқа байланысты деген пікір айтады. Ол оқушылардың өздігінен, өз ықыласымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған:
"Кітап - дейді В.А.Сухомлинский, баланың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен роль атқарады. Мен әрбір баланың біртіндеп жеке кітапхана жасауына, кітап, оқу баланың маңызды рухани қажеттігі болуына қол жеткізуге тырыстым", - дейді. В.А.Сухомлинский баланың өз еркімен кітапты жүйелі оқуын, ең алдымен, көркем әдеби шығармалардан бастап, одан әрі ғылыми - көпшілік әдебиеттерге, содан кейін ғылыми әдебиеттерге ауысуын жөн көреді. "Егер адам өз өмірінде екі мындай кітап оқитын болса, соның жартысын балалық және жастық шақта оқуға тиісті",- дейді Сухомлинский.
Кітаппен өзіндік жұмыс істеу әрекеті оңай емес, күрделі процесс. Кітап оқуда оқушылар сол кітаппен мазмұнын толық түсінуге, одан өзіне пайдалы қорытындылар жасауға тырысады. Мұндай мақсатқа жету кітапты бір рет оқып шыққанда іске аса қоймайды. Кітаптың мазмұнын ғана ұғынумен қанағаттануға болмайды, жүйелі түрде автордың әрбір ойына және фактілерге назар аударып, кітаптың әр тарауы мен бөлімі бойынша мұқият оқуымыз керек. Кітаптан алған білімді қайта жаңғыртуға, баяндай білген жөн.
Психо-педагогика ғылымында, өздігінен білім алу оқушылардың ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады.
Оқушы білімінің тиянақтылығының ең басты шарты - материалдың ойланып меңгерілуі болмақ. Егер жаңа сабақ мұғалімнің баяндауы арқылы түсіндірілсе, оқушының бірі естігені арқылы ойлана ала ма?
Әрине, оқушылардың бір бөлегі естуі бойынша-ақ ойланып, тиісті қорытындылар жасайды, бірақ бәрі де солай етеді дей қою қиын.
Сондықтан - өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі - оқушыны ойға
жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасатуында болмақ. Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. Ғылым-білімді меңгеруді масаттандырады, өзінің барар жерін, жеңер қиындығын, шығар биігін
айқып етеді. Оқушының білім жүйелерін меңгерудегі сан алуан өзіндік
қадамдары бірігіп, бір тұтас дүниеге айналады.
Сонымен оқушылардың өзіндік жұмысы деген не? Бұл туралы педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері бар. Ғылыми еңбектерде өзіндік жұмыс мәселесі жайлы бір жақты пікір жоқ. Кейбір ғалымдар оны оқыту әдісінің бірі деп қараса, екіншілері оны оқыту негіздерінің бірі деп есептеді. Әрине, өзіндік жұмыс жайлы мұндай әртүрлі түсініктің болуы, авторлардың оны әр түрлі тұрғыдан қарастыруында болып отыр. Біздің ойымызша, өзіндік жұмыс ұғымына П.И.Пидкасистыйдың берген анықтамасы оның мән-мағынасын толық ашады деп есептейміз. Ол былайша пікір айтты: Ең қолайлы және практикада тексерілген сабақтың тиімділігін, сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы оқу жұмысында өзіндік жұмысты тиісті ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі сабақтарда ол ерекше нәтижеге жетіп отыр, себебі, өздігінен жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруінде қол жеткен жетістікке жетеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінең еңбектену қажет, ал мұғалім - оқушылардың өздігінен жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып оны орындауға тапсырма беру қажет. Оқу үрдісінде өзіндік жұмысы деп, мұғалімнің ұйымдастырылуымен оқушылардың белсенділік әрекетін белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты, орындауға бағытталған; білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. Дидактикалық құбылыс сияқты өзіндік жұмыста өз алдына бір жағынан оқу тапсырмасы, яғни оқушылардың орындауы қажет жұмыс, екіншіден, тиісті әрекет түрі: ес, ойлау, шығармашылық қиялы оқушылардың оқу тапсырмасын орындауда, бұрын белгісіз болған мүлде жаңа біліммен қаруландырып, әрекет үрдісінде алған білімдерін толықтыруды және кеңейтуді көрсетеді. Демек, өзіндік жұмыс, ол оқытудың мынадай құралы:
• әр нақтылы дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі;
• оқушыда оның әр әрекет кезеңінде, білмеуден білуге, білім, білік және дағдыларының қажетті көлемі мен дәрежесін белгілі танымдық міндеттер тобын шешуге және ойлау әрекетінің дәрежесі ілгері төменнен жоғары дамуына сәйкес келуі;
• оқушылардың психологиясын өздігінен білім жүйесін толықтыруға, іскерліктерін ғылыми және қоғамдық жаңалықтар төңірегінде жаңа танымдық міндеттерді шешуге төселдіруге бейімдеу;
• педагогикалық жетекшіліктің басты құралы және оқу үрдісінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығы әрекетін басқарушы болып табылады.
Осыған байланысты педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Сабыровтың "Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары" атты еңбегінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы мен міндеттерін айрықша ашып, былайша анықтама берді:
"Оқушылардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі: мұндай жұмыстардың өзі әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады". [14.18]
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту
әдісінің міндеті - оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту негізі бола алмайтынының тағы бір себебі - оның өзі басқа бір принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім алудағы оқушылардың белсенділігі мен
саналылығы, ең алдымеп оқушылардың дербестігін; өздігінен оқу, білім
алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан олардың өзіндік
жұмыс оқу әрекетінің бір түрі ғана.
Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн. Олар:
-
Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.
-
Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігіп қамтамасыз ету.
-
Оқушыларда оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
-
Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
-
Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға
әзірлеу.
-
Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету.
Алайда, бастауыш мектеп оқушыларымен өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда бірқатар кемшіліктер айқындалып отыр. Өзіндік жұмысына берілетін тапсырмалар негізінен балалардың дағдысын бекіту және қалыптастыу мақсатын көздейді, өткен материалды пысықтауға; қорытындылауға беріледі, оқытудың дамытушылық функциясы, өздігінен оқу жұмысын орындау үрдісінде анықталған компоненті болып қарастырылмайды.
Біздің мақсатымыз оқушылардың мектептегі пегізгі әрекеті - оқу
әрекеті болғандықтан, соның психологиялық ерекшеліктерін мүмкін
болғанша толығырақ ашып көрсету. Мектептегі оқу жұмысының
сапасы, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болатынын ескеру шарт.
Сондай-ақ білімге деген құштарлық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті мен өздігінен білім алу тәсілдері адамның саласында неғұрлым ертерек оянып қалыптасса, соғұрлым оның жүйелі шығармашылық еңбек етуіне мол жағдай туатынын күнделікті тәжірибеден байқатып жүр. Демек, олай болса, әрбір адамды осындай білім алу жүйелеріне мектеп қабырғасынан бастап дайындаған дұрыс.
2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын бақылау.
2.1. Бақылаудң бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері.
«Тест»-ағылшын сөзі-«сынау»,«тексеру» деген мағынаны білдіреді.
Тестердің біздің өмірімізде қолданыла бастағанына көп уақыт өткен жоқ.
Тестік бақылау жүйесі - оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетіне шығармашылық әрекеттерін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған білімдеріндегі оқулықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тест ең алғаш рет 1864 жылы Англияда жеке тұлғаның даму деңгейін анықтау әдісі ретінде енгізіп, әуелі психология саласыпда дамыған. Ол XX ғасырдың басында жаңа психологиялық және педагогикалық тест болып бөлінді.
Тест мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
а) жеке дара топтық объектіні таңдап алу;
ә) іс-әрекетінің сипатына жазбаша, ауызша, әрекет орындалу формасы;
б) табиғи (сынып) зертханалық жағдайда жүргізу орнына;
в) кинотест, телетест;
г) сөздік, сандық, кеңістік графикалық көрсету формасына қатысты.
Формасы мен құрылымына байланысты тет сұрақтары мына талаптар бойынша қарастырылады. Олар:
-
логикалық байланыстарға берілген тапсырмалар;
-
ситуциялық берілген тапсырманы берілген үрдістегі модельді нақты жағдайға қатысты шеш;
-
бірнеше ұынылған жауаптың ең жақсысын таңдап алу;
-
берілген тасырмалардан «дұрыс», «дұрыс емес» жауалты белгілеу;
-
бір жолда бірнеше жауаппен берілген тапсырмала негізінде жазылған тест, әр тапсырмаға байланысты дұрыс жауапты таңдап алу керек;
-
Жұп таңдау, сұрақ-жауап бір-біріне сәйкес келетін;
- көп сатылы тест, өзара байланысты сұрақты талдау.Тестік тапсырманы құрастырудың әдістемесі.
Олар:
-
Тексеруге алынған ауқымның тапсырмалары көп, соғұрлым оның
сенімділігі жоғары.
-
Әр тапсырманы жан-жақты өңдеу, оған енетін сұрақтарды тиянақты
және бірнеше қайтара тексеру, жауабын да тексеру, бұл текстің
сенімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
-
Тәжірибеге сүйене отырып, әрбір тапсырманың қиындық дәрежесін
аныктау.
-
Нәтижесін есептеуді жеңілдету берілген әрбір үлгі және трафарет
арқылы есептеу.[10]
Уақыттың талабын нақтылап айтсақ түрлі оқу орындарында қабылданудың тестік жүйемен жүргізілетіндігі мұғалімдергеде осы бағыттағы жұмыстарын жандандыруды қажет етіп отырғандығы өзінен өзі түсінікті. Осы тұрғыда істің жай-күйін баяндайтын, негізінен тестің теориялық қыр-сырын анықтайтын әдіс болмақ. Оқушылардың білімін тексерудің ғылыми формасы ретінде педагогикалық тест бір ғасырдан астам уақыт бойы белгілі. Бұл әдіске қойылатын талаптарды көрсеткен ағылшын ғалымдары.
Тест сұрақтары бойынша жауап беру үшін төмендегі жағдайларды ескеру қажет:
-
Тест ашық түрде беріледі, оған толық жауап беріледі. Ережесі
айтылады, мысал келтіріледі.
-
Тест жабық түрде беріледі, оған қосымша «Иә» немесе «Жоқ» деп
жауап беріледі.
-
Тест сұрақтары мен оның жауаптарының барлық варианттарын
дұрыс оқып, анықтап-айырып, түсініп ал.
5. Сұрақтардың бірнеше вариантарының біреуі ғана дұрыс екенін ескер.
6. Егер бір сұраққа жауап беруге қиналсаң оны ең соңына қалдыра тұруға болады.
7. Тест сұрағының жауабы төмендегідей жазылады:
1. Бұйыру рай формасында тұрған сөзді тап:
а) өте
ә) мол
б) жиі
в) жап
у) тура
дүрыс жауабы : в)
8. Тест сұрақтарының 65% жауап берген оқушы ғана қанағаттанарлық
баға алады.
9. Тест сұрақтары мен жауаптарын бірге қосып, жұмыс соңынан
емтихан қабылдаушы мұғалімге тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |