қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасында атмосфера ауасының сапасын жақсарту бойынша: Облысқа түсетін автомобиль бензиніне 16 әдістеме, 14 параметр бойынша – 80 сынамаға сынақ жүргізілді. 40 партиядағы мөлшері 12000 литр бензиннің 2 партиясының құрамында нақты шайыр мен бензолдың көлемді бөлігі көп болғандықтан норманың талаптарына сәйкес келген жоқ. Осы сынақ нәтижесінен біз қазірде көптеген нормалардың бұзылып, заңға қайшылықтардың жасалып жатқандығын көре аламыз, ал осы жағдайлардың бәрі дерлік өз әсерін тигізіп кетуде .
Көптеген шет елдерде бензиннің жаңа түрі қолданылуда осы бензиннің
жаңа түрі Қазақстанда басқа елдерден қарағанда қымбатырақ, ал кейбір
аймақтарда тіпті де жоқ. Ал бұл бензин кәдімгі бензинге қарағанда қоршаған
ортаға аз зардабын тигізеді. Бұл адамдар қателігін түсініп, жаңа бензинді қолданайын десе де, бұл жол қарапайым тұрғындарға жабық.
Қалаға тасымалданатын автомашиналардың көп бөлігі орнатылған ресурсты аяқтаған, техникалық жағынан ескірген үлгілер. Еуро стандартқа сәйкес келетін және ластаушы заттардың шығарындысын төмендетуге арналған арнайы катализаторлармен жабдықталған жаңа машиналардың жағдайы бөлек. Қалаға тасымалданатын сапасы төмен отынды пайдаланғаннан, катализаторлар істен шығып қалады.
Ақтөбе облысында шамамен 20 компания бензин және дизельдік отынды таратумен айналысады. Ал олардың нүктелері қала бойынша 50 шақты жерге, қаланың қақ ортасына, адамдар демалатын парктердің қасында орналасқан.
Автомобиль бензиндерінің сапасына қойылатын Еуропалық стандарттың бензиндерінде жылма жыл улы газдардың мөлшері артып келеді (қосымша)
Бірақ, тасымалданатын және таратылатын отынға қажет бақылаудың болмауы салдарынан, сапа төмендейді, шығарындылар көлемі артады. Сондықтан төмендегідей мәселелерді қарастыруды ұсынамын:
1. Аавтокөлік шығарындыларын төмендету үшін отын сапасына әрдайым бақылау жүргізіп отыру қажет;
2. Адамдар көп шоғырланатын қаланың орталық көшелеріне, демалатын орындарға (парктерге, мәлениет үйлерінің маңайына, оқушылар сарайлары, мұражай айналасына, бала-бақша, мектеп маңына) жақын жерлерге заправка жасайтын стансалар салуға рұқсат бермеу.
3. Экология департаментінің экологиялық инспекциясы қала ішіндегі автозаправкаларға мониторинг жүргізіп, үнемі қадағалау, шара қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |