Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру бағыттары



бет12/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Ағыраев М.М.

3 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру бағыттары

3.1. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту жолдары

Тұрмысы төмен отбасыларының өмір сүру деңгейін жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалуын қазіргі заманғы әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып оңтайландыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін ұйымдық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру – бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін арттыруға байланысты төмендегі басым міндеттерді шешу қарастырылған:



  • Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұжырымдамасының шарттарын іске асыру;

  • Еңбекке қабілетсіз азаматтар мен халықтың тұрмысы аса төмен топтарының өмір сүру деңгейін көтеру және тұрақтандыру;

  • Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

  • Тұрмысы төмен топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту;

  • Тұрғындардың тұрмысы төмен отбасыларының нақты жағдайлары және олардың өмір сүру деңгейінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар турасында хабардар болуын қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік салада құқықтық қатынастардың тиімділігін арттыру, қоғамдық өмірге, әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысу;

  • Күнкөріс деңгейін есептеудің маңыздылығы бойынша бағыттарды жасау, көрсетілген көмектің атаулылық бағдарламасын нақтылау;

  • Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларында көрсетілетін қызметке қол жетушілікті жеңілдетуге бағытталған шаралар жүйесін жүзеге асыру үшін алғы шарттар жасау;

  • Облыстық әлеуметтік-экономикалық даму процесінде әлеуметтік көмекті ұйымдастыруда, экономикалық тиімді модельдерді енгізу және дамытуда, әлеуметтік қызмет көрсету саласында мәліметтер базасын құруда тұрмысы төмен азаматтарды тең жағдайлар мен мүмкіндіктермен қамтамасыз ету жөнінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпорындар мен басқа да өндіріс орындары басшыларының іс-әрекеттерін үйлестіру;

  • Халықты әлеуметтік қорғаудың 2017-2021 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы:

  • Барлық әкімшілік атқарушы билік органдарын, аудандық, қалалық басқармаларды, қайырымдылық, коммерциялық және басқа да қоғамдық ұйымдарды, бюджеттен тыс әлеуметтік саясатты іске асыру саласына қосуға;

  • Әртүрлі қаржы көздерінен жинақталған қаржы ресурстарын халықты әлеуметтік қолдаудың басымды бағыттарына шоғырландыруға;

  • Мұқтаж азаматтарға бір мезгілде бірнеше көмек түрлерін беру мүмкіндігіне (ақшалай, жеңілдік немесе қызмет түрінде);

  • Бюджеттен тыс көздерден тартылған қаржылар есебінен халыққа әлеуметтік көмек берудің қосымша нысандарын белгілеу кезінде аумақтық атқарушы билік органдарының дербестігін көрсетуге арналған.

Халықты әлеуметтік қорғау шаралары кешенді бағдарламасының негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Кешенді бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. “Аға ұрпақ” бағдарламасы

Ұсынылып отырған іс-шаралар қарттарға қатысты қарым-қатынаста стратегияны белгілеуге, аға ұрпақ өкілдерінің қорғалуы мен кепілдіктерін күшейтуге, аға ұрпақ арасында өткізіліп жүрген қазіргі заманғы саясатты іске асыруға бағытталған қолданыстағы құқықтық нормаларды жұмылдыруға бейімделген.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөнінде түрлі деңгейдегі мекемелер мен қызметтердің басшыларын күш-жігерін үйлестіру жөніндегі міндеттер белгіленген.

Қарттардың денсаулығын жақсартуға, оларға алдын-ала емдік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар анықталған.

Аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік қорғалуын ұйымдастыру, әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерді кеңейту жөніндегі практикалық шаралар берілген.

Қысқа дайындық, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар да ескерілген.

Қарт кісілерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету мәселелерін шешуге түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды, демеушілерді тарту жоспарланған.

Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерді, мүгедектерді, жалғызбасты қарттарды шефтік көмекке алу практикасын жаңарту көзделген[22].

2. «Әйелдердің, балалардың және жасөспірімдердің денсаулығын қорғау» бағдарламасы

Жасалған іс-шаралар әйелдердің денсаулығына назар аударуды күшейтуі, бірінші кезекте жұмыс істейтін әйелдердің денсаулығын қорғау жөніндегі заңдылықты іске асыруды қамтамасыз етуі, еңбекті, аналық міндеттерді есепке ала отырып өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша әйелдердің құқығын қамтамасыз етуге бақылау орнатуды енгізуі тиіс.

Қарқынды оқытудың оқушылардың денсаулығына әсер ететін зерттеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, директорларды, оқу ісінің меңгерушілерін, мұғалімдерді оқу-тәрбиелік режим гигиенасы бойынша оқытуды ұйымдастыру қарастырылған.

Тұрғындадың аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ережелерге, «Республикалық бюджет туралы» Заңда тиісті кезеңге белгіленген айлық есептік көрсеткіштерге сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері анықталған. Мұқтаждардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмыссыз әйелдерге өз істерін ұйымдастыру үшін әдістемелік және қаржылық көмек беруде артықшылық құқықтар беру жөнінде бірқатар шаралар жасалған.

Жыл сайын ең кемі 800 әйелді кәсіби даярлау, қайта даярлықтан өткізу, біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету қарастырылған.

Балаларды тәрбиелеу мен тазалық жағынан оқыту, психологиялық қолдау жөнінде практикалық іс-шаралар берілген.

Кешенді іс-шаралар әлеуметтік жетімдікті ескертуге, жетім балаларға атаулы көмек көрсетуге және оларды дербес өмірге дайындауға бағытталған.

Берекесіз отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар бекітілген.

Тәуекелшіл топтың балаларын анықтау, психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу, психологтар мен әлеуметтік педогогтардың кеңес беру қызметтерін көрсету жөнінде шаралар жоспарланған.

Жетім балаларды сауықтыру, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды диспансерлеу, облыстық балалар ауруханаларында, облыстан тысқары жерлердегі клиникалық орталықтарды жетім балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар жүйесі жасалған.

Бөлімге балаларды мемлекеттік қолдау мекемелерінің материалдық базаларын нығайту, жетім балаларды кәсіби даярлау және еңбекке орналастыру, құқықтық қорғау, сондай-ақ, оларға атаулы көмек беру жөніндегі нақты шаралар енгізілген.

3. “Дарынды балалар” бағдарламасы

Аталған бөлімдегі шаралар мемлекеттің келешектегі генеқорларында балаларды сақтауға бағытталған.

Бірінші кезекте диагностикалық әдістемелер, бағдарламалар мен ғылыми-әдістемелік банкін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау үшін жағдайдар жасау көзделіп отыр.

Облыс ғалымдарының, олимпиадалар мен жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды оқытудың проблемалары бойынша тәжірибелік-үлгі жұмыстарының жеңімпаздарымен сабақ өткізуін ұйымдастыру.

4.“Оралмандардың отбасылары” бағдарламасы

Бұл бөлімнің шаралары оралмандардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларын қорғауға бағытталған.

Мәжбүрмен қоныс аударушылар мен босқындардың аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар жайлы мәліметтер базасын құру, миграциялық қызметте тіркелуіне қарай балаларды алғашқы медициналық куәландырудан өткізу, босқындар мен мәжбүрмен қоныс аударушылардың 4 және одан да көп балалары бар отбасылары мен жалғызбасты аналарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Оқу орындарымен қамтамасыз ету, мектептерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға қосымша тегін тамақ ұйымдастыру, оларға қала сыртындағы лагерлерге тегін жолдама беру, спорт мектептеріне бөгетсіз қабылдауын қамтамасыз ету жоспарланған.

Келісім-шарт негізінде ақылы жұмыс орындарын құру, әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж бітірушілерді уақытында жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу анықталған.

Тұрғылықты жері мен оқу орны бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет[23].

Бағдарламада көзделген шараларды іске асыру халықты әлеуметтік қорғауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл мақсатта:

-практикалық қызметті бағдарламалық-мақсатты негізде құру;

-әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің келешектегі түрін анықтау негізінде әлеуметтік бағыттағы практикалық шараларды жүзеге асыру;

-әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімді де үнемді модельдерін енгізу. Әлеуметтік қызметтің рыногын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау;

-халықтың тұрмыс деңгейі төмендері үшін экономикалық зардаптарды жақсарта түсу;

-халықтың әлеуметтік қорғалуына бағытталған мемлекеттік жүйелерді дамытуда оңды нәтижелерге жету қажет.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында экономикамызға жаһандық дағдарыстың кері әсер ететіндігіне қарамастан мемлекет тұрақты негізде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, еліміздің халқын әлеуметтік қолдау шараларын қабылдауда.

Бұл шаралар біртіндеп, экономиканың өсу қарқыны мен мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылданған шараларға қарамастан әлеуметтік қызмет көрсетуде шешімін таппаған бірқатар проблемалар орын алуда[24].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет