Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет15/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Ағыраев М.М.

Төртінші – әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігінің  төмендегі.

Кәсіби стандарттардың болмауына байланысты осы уақытқа дейін өмірлік қиын жағдайдағы адамдардың қажеттілігін айқындайтын әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың және осы санаттағы азаматтардың тікелей күтімімен әлеуметтік қызметкерлердің оқу бағдарламалары әзірленбеген.  Бұл көрсетілетін қызметтің құрылымына тікелей әсер етеді.

Еңбек ақысының салыстырмалы төмен деңгейі сақталуда және қазіргі уақытта қолданыстағы ынталандыру жүйесі жетілдірілмеген.  Әлеуметтік мекемелердегі жұмыс тартымсыз және абыройсыз.

Бесінші – жергілікті атқарушы органдардың құрылымлық бөлімшелері жұмысы тиімділігінің төмендігі.

Қазіргі уақытта өңірлердегі басқарушы ұйымдар болып әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың  басқармалары (облыстарда) және бөлімдері (аудандар мен қалаларда) (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) болып табылады.Олар әлеуметтік заңнаманы іске қамтамасыз етеді, өңірлік әлеуметтік бағдарламалар жобаларын әзірлейді профилактикалық оларды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Осы органдарда мүгедектермен, егде жастағы адамдармен және өмірдлік қиын жағдай тап болған азаматтармен (отбасылармен)  жұмыс жасауға басым көңіл бөлу қалыптасқан. Бұл жұмыстағы өтініш беру қағидаттарының тікелей салдары. Негізінде басқа контингент назардан тыс қалып қояды, атап айтсақ және жұмыстармен қамтылуға жас отбасылар. Әлеуметтік турғыдан өмірдегі қиын жағдайдың алдын алу оны еңсергеннен маңыздырақ. Ол үшін шығындар аз кетеді.Онда көмекке тек аса қажеттілік жағдайда және егде жасқа келгендеғана өтініш жасайды.

Әлеуметтік қызметті халыққа қызмет көрсету процесін басқаруының тиімді жүйесіне айналдыру үшін жалпылама оларға ребрендинг жүргізу қажет.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге үшінші кезеңде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі өзгеріс бағытталған.

Олар халықаралық тәжірибені, отандық практика мен  Қазақстан Республикасы халқының қажеттіліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Жалпы әлеуметтік мәселе әрқашанда қоғамның өзекті мәселесі.Қоғам дамуымен қатар тұрмыс деңгейде қарқындап өсе түседі сонымен қатар, халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторыда өзгере түседі [25].

3.2 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары 

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр. Жаңа жүйе адам өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе болады. 
   Қазақстанда ең төмен әлеуметтік стандарттар ҚР  «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес, мына салаларда белгіленіп, қолданылады;

        1) еңбек;

        2) әлеуметтік қамсыздандыру;

        3) білім беру;

        4) отбасы және балалар;

        5) денсаулық сақтау;

        6) мәдениет;

        7) дене шынықтыру және спорт;

        8) мемлекет кепілдігімен заң көмегі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет