Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Халықтың жеке топтарына тағайындалатын жалпы іс-әрекет жағдайларымен салыстырғандағы ерекше басымдықты ұсыну



бет20/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ағыраев М.М.

Халықтың жеке топтарына тағайындалатын жалпы іс-әрекет жағдайларымен салыстырғандағы ерекше басымдықты ұсыну




Жеңілдіктерді ұсыну


Заңдылықтарда қарастырылған негіздер бойынша табысы мен еңбек қабілеттілігін жоғалту жағдайындағы өмірлік деңгейді қолдау



Ескерту - автормен зерттеу нәтижесінде құрылған

Сурет 15. Халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру бағыттары


Бұл салалар бүкіл ел және оның аймақтары үшін маңызды болғандықтан, оларды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік трансферттер бөлінеді.

Дегенмен, әлеуметтік саланы қолдау мен оларды қаржыландыруды жергілікті билік өкілдері жүзеге асырады. Сондықтан да келешекте мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін бекітетін мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттар туралы арнайы заң бекіту қажет.



  1. Жеңілдіктерді ұсыну (субсидия). Жеңілдік бұл халықтың жеке топтарына тағайындалатын жалпы іс-әрекеттегі жағдайлармен салыстырғанда ерекше басымдық.

  2. міндетті әлеуметтік сақтандыру. Бұл әлеуметтік қорғау әдісі экономикалық дамыған елдерде, әсіресе Еуропада (Скандинавия) кеңінен тараған. Міндетті сақтандыру қоғамның жұмыс істеуші мүшелеріне таралады, онда 3 жақ қатысады: жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекет. Бұл жүйенің негізгі міндеті заңдылықтарда қарастырылған негіздер бойынша (кәрілік, науқастық, ана болу, жұмыссыздық) табысы мен еңбек қабілеттілігін жоғалту жағдайында өмірлік деңгейді қолдау болып табылады.

  3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке қабілетсіз топтарын (аға ұрпақтарды, мүгедектерді, асыраушысынан айырылғандарды, балаларды) қорғауға бағытталған. Бұл қорғауды қамтамасыз етуді бюджет пен әлеуметтік сақтандыру қорлары жүзеге асыру қажет[28].

Сонымен, қорытынды жасай келе мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуында әлеуметтік қорғаудың орны маңызды екендігіне тағы да көз жеткізіп отырмыз. Мәселен, заңдылықтар арқылы ол ең төменгі зейнетақы мен жалақыны белгілей отырып, өмірлік деңгейді жоғарылатуға тырысады. Ал еңбекке қабілетсіз топтарды әлеуметтік қорғауға алады. Дегенмен, келешекте халықтың әлеуметтік қорғауға мұқтаждығын қысқарту арқылы олардың еңбекке белсенділігін, мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады. Әлеуметтік қатерлердің туындау мүмкіндігін болдырмау және оны қысқарту мақсатында мемлекет алдын алу сипатындағы шараларды қабылдайтын болады. Жұмысынан айырылып қалудың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың тұрақты ақы төленетiн еңбек қызметiн тауып алуын ынталандыру мақсатында мемлекет жұмыс орындарын құру бағдарламаларын жетiлдiредi. Азаматтардың еңбек мiндеттерiн атқару кезінде денсаулығы мен өмiрiне зиян келу қаупінің алдын алу үшiн мемлекет еңбек туралы заңнамалар мен еңбектi қорғау туралы заңнамалардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Мүгедектiкке ұшырау қатерiн азайту мақсатында медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру, соның iшiнде оны қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру арқылы жетiлдiру көзделуде. 
      Жасы бойынша, асыраушысынан айрылу және еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк жәрдемақылар алушыларды әлеуметтiк сақтандыруды енгiзу кезiне дейін тағайындалған төлемдердi қамтамасыз ету қағидаттары өзгерiстерге ұшырамайды[29]. 

Әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесi тiкелей немесе жанама түрде қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын болғандықтан, әлеуметтiк қорғау жүйесiне әрбiр нақты азаматтың ғана емес, Үкiметтiң әлеуметтiк әрiптестерiнiң - еңбекшілердiң кәсiптiк одақтарының және жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң қатысу деңгейiн көтеру көзделеді.

Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. 
      Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - азаматтар) өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Нәтижесінде, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады[30]. 

Жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда аударымының мөлшеріне қарай қосымша қорғаудың шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйесі республикада жоқ. 
      Азаматтың еңбек үлесі ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі - қартайған шақтағы қамсыздандырудың қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидатына негізделген жүйеге қатысуға пәрменді ынталандыратын бірден бір түрі. Қолданылып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ол бірқатар факторларға байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр[31]. 

Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен. 

Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктер мыналар: 

-жетілдірілмеген заңнама - әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған


      -әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен - әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің салық аудармайтындардың алдында артықшылығының болмауы; 

-айқындықтың жеткіліксіздігі - әлеуметтік төлемдерді алу процесін қадағалауға арналған дербес сәйкестендіру жүйесінің қалыптасу сатысында болуы. 


      Қолданылып жүрген жүйені сақтау орын алған кемшіліктердің одан әрі тереңдеуіне, жүйеден төленетін төлемдер мен салымдар көлемі арасындағы байланысты босаңсытуға, соның нәтижесінде салықтар мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті жарналарды төлеуден жалтаратын адамдардың көбейіп кетуіне апарып соқтыруы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет