Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


Дене шынықтыру және спорт саласында



бет19/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Ағыраев М.М.

Дене шынықтыру және спорт саласында

Бұл стандарттармен мемлекет меншігіндегі спорттық ғимараттардың қолжетімділігі және оны  барлық санаттағы азаматтар үшін пайдалану көрсеткіштері қамтылады.



   Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс. Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлердің негізінде қалыптастырылады[26].  
      Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі: 

-әділ - әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек

-әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс; 

-пәрменді - жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі

-тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет; 

-қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс. 

Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр: 

-барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру

-алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу; 
      жинақтаушы зейнетақы жүйесі; 

-әлеуметтік көмек және белгілі бар санаттағы азаматтарды бюджеттің қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары. 


      Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік қатерлерден өздерін ерікті сақтандыруды жүзеге асыруы көтермеленетін болады. 
      Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс. 
      Барлық әлеуметтік төлемді неғұрлым тиімді басқару және бақылау үшін әрбір азаматқа дербес бірдейлендірілген код бере отырып, дербес бірдейлендірудің жалпы мемлекеттік жүйесі мен ұлттық дерек қоры жасалуы тиіс[27]. 
      Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестердi қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтiк көмекке мұқтаж жағдай ретiнде қаралады. Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады. 
      Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады. Әлеуметтiк қатерлердің алдын алудың және мүгедектердi оңалтудың (медициналық, әлеуметтiк, кәсiби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектердi әлеуметтiк, еңбекпен бейiмдеу жүйесiн құру, мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiне жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданатын болады.

Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады. Бұдан басқа, адамдардың белгiлi бiр топтарына - соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзiрленедi. 

Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгi жалақыны кезең-кезеңiмен көбейтiп, күнкөрiс деңгейiне жақындату маңызды болып табылады. 15 –ші суреттен көруге болады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бағыттары мен формаларына мыналар жатады:

  1. Халық табысын индексациялау. Бұл бағаның өсуіне байланысты халық табысының ( еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия) нақты мазмұнын жоғарылату бойынша шаралар кешені болып табылады. Жалпы индексациялау өтемдерді тікелей есептеу жолымен немесе зейнетақы мен жәрдемақының ең төменгі мөлшерінің өзгерісі жолымен жүргізілуі тиіс.

  2. Табыстар бойынша ең төменгі әлеуметтік кепілдікті қамсыздандыру.

  3. Олардың ең маңыздысы – ең төменгі күн-көріс деңгейі.

2006 жылы қабылданған ҚР-ң “Ең төменгі күн көріс деңгейі туралы” Заңында анықталғандай, ең төмен күн көріс деңгейі жыл сайын:

  • Тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейлік шегін анықтауға;

  • Әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтау мен халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

  • Жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де әлеуметтік төлемдердің белгіленетін ең төмен мөлшерін негіздеуге арналады.

  • Ең төмен күн көріс деңгейі республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:

  • - Жан басына;

  • - Халықтың жыныстық - жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.

Күн көріс деңгейінен табысы төмен азаматтар үшін мемлекет әлеуметтік көмекке құқық бекітеді. Мемлекеттің ең төменгі стандарттар мен нормативтердің көмегімен әлеуметтік саланы реттеу. Яғни, ең алдымен мемлекеттік бюджеттің халықтың еңбекке қабілетсіз топтарына білім беруге, денсаулық сақтауға, тұрғын үй, әлеуметтік қызмет көрсетуге т.б. жұмсайтын минималды қажеттіліктерді қанағаттандырмауы мүмкін.

Түрлері:

Мәні:

Бағаның өсуіне байланысты халық табысының нақты мазмұнын жоғарылату бойынша шаралар кешені

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің заңдылықтарға сәйкес қамтамасыз ету


Халық табысын индексациялау





Табыстар бойынша ең төменгі әлеуметтік кепілдікті қамсыздандыру





Мемлекеттің еңбекке қабілетсіз топтарына білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қызмет көрсетуге жұмсайтын минималды шығыстары



Мемлекеттік стандарттар мен нормативтер арқылы әлеуметтік саланы реттеу






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет