Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет3/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
диплом

1. ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Жастар саясатының мәні, міндеттері мен құқықтары

Бүгінде әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып, ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік үлес-салмағын байқатуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның мемлекеттің саяси ауанын қалыптастырудағы рөліне қатысты түрлі сыни пікірлердің туындауы бірінші кезекте қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығын аңғартқандай. Десек те, жастар саясатының мемлекеттік шеңберден асып, халықаралық дәрежеге дейін талқылана бастауы, оның қауқарының қандайлығын тағы бір қырынан танытып берді. Сонымен, қазіргі таңда өзіміздің осы тарапта жасалған заң негізінде түрлі бағыттағы жұмыстар біртіндеп болса да қолға алынуда.[1]


Ел ертеңі саналатын жастар­дың қоғам өмірінде алар орны бүгінде соншалықты маңызды­лыққа ие болып отыр. Тұғырлы биіктен көрінерлік талапты жас­тардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан уақыттың өзі меже­леген белгісі секілді көрінеді. Жас сананың мемлекет негізінің дұрыс қалануында қаншалықты орны барын уақыттың өзі дәлел­деп берді. Сондықтан болар, жас­тар болашақтарының басқаның емес, өз қолдарында екендігін түйсікпен түсініп үлгергендей. Олар бірінші кезекте өз қалау­ларын дұрыс таңдауға мүмкіндік алды. Мемлекеттің олардан ендігі бар күтетіні — соларды жүйелі түрде жүзеге асыру. [2]
Осыдан бірнеше жыл бұрын “Қа­зақстан Республикасындағы мем­лекеттік жастар саясаты туралы” Заң өмірге келген еді. Яғни, қыз-жігіттерге бұрын-соңды бағын­ды­рылмаған биік белестерді бағын­ды­руға, жаңа көкжиектерге кө­терілуге жағдай жасалды. Қолда тұрған заңды игілікті істерге ар­нау – мезгіл талабы болған­дық­тан оның белсенділері тыңнан жа­ңа жол тауып, берері мол бағ­дар­ламалардың жобасын осы Заң­­ға сүйеніп ретке келтіріп отырды.
Бұл Заң жастарға алдымен не үшін керек болды? Мемлекет өмі­рінде несімен маңызды? Құн­ды жағы қайсы? Міне, осы сауал­дар алғашында жаңа заңның мән-маңызын айқындауға негіз болған еді. Екі жыл ішінде Заң шеңбе­рінде бірқатар айрықша істер қолға алынып, тиісінше бірнеше бағыт-бағдар белгіленді. Жаңа заң тұрпатын жарыққа шығарудың мақсаты – басқаға емес, ең ал­ды­мен жастарға керекті түйткілді мәселелерді шешуге қозғау салу, сол арқылы мемлекет болаша­ғы­ның кемелденуіне жағдай туғызу. Белсенді, бастамашыл қыз-жігіт­терді бір арнаға тоғыстыру болды.[3]
Ел егемендік алған жылдары “Мемлекеттік жастар саясаты тура­лы” Заң болған. Ол ТМД мемлекеттері ішінде жастарды әлеу­меттік – экономикалық тұрғыда қолдап-демеудің бірнеше тетіктері іске қосылған құнды құжат ретінде танылып келген. Алайда уақыт өте келе аталған Заң өз маңыздылығын жойып, тетіктері жұмыс істеу қау­қа­рынан біртіндеп айырыла баста­ды. Басқаша айтсақ, мезгіл тала­бына сай болмай шықты. Жастар тарапынан жаңа заңның негізін қалау туралы ой-пікір осы кезден, яғни сонау 1996 жылдан бастап туындай бастады. Сонымен, көпші­ліктің қолдауы арқасында 2004 жылы “Қазақстан Республикасын­дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” мүлдем жаңа қағидалар мен жаңа тетіктерге сүйеніп жасал­ған Заң өмірге келді. Әрине, он­дағы тетіктердің орындалуы тұрғы­сынан келсек, барлығы бірдей жүйе­лі түрде рет – ретімен келе жа­тыр деп айтуға тағы болмас.[4]
Екі жыл ішінде оның дұрыс жұмыс істеуіне бірқатар жағдай тұсау болып келді. Соның негіз­гілерінің бірі – қаражат мәселесіне келіп тірелген. Бұрын-соңды мұн­дай Заң тұрпаты түсіне де кірмеген мемлекет үшін оған бюджет қор­жы­­нынан арнайы қаржы бөлу – кәдімгідей ойланарлық іс болғаны рас. Бірақ қаржы мәселесі де қол­байлау болып келгенімен, орайы келген жерінде оңтайлы шешім қабылдау одан да маңыздырақ бол­ғанын айта кету керек. Дүрбелең мен дүбірге толы саяси өмірдің ортасында жүргендер де осы тектес құжаттың керектігі туралы өзде­рінің ой-пікірлерін үнемі білдіріп отырған. Сол пікірлердің дені “өзі­міздің елде жастардың саяси өмірге араласуына бақылау жүргізіп, жүр­гізілген бақылауды бір қалыпқа түскен ережеге сай етіп бекіту үшін ең алдымен бұл істе неғұрлым тә­жі­рибесі бар елдердің жүріп өткен жолдарына үңілу керек секілді” деген ойға келіп тірелгендей. Сол себепті Қазақстанда алғаш рет бұл заң жобасын қолға алған кезде өзіміздің емес, қайта өзге елдердің осы саладағы мамандарының пікір­леріне көп сүйеніп келгені шын­дық­қа саятындай.[5]
Бүгінде аталған заң төңірегінде кей мемлекетпен арадағы қарым-қатынас та жақсы жолға қойылып келеді. Германия мемлекетімен осы тұрғыдағы байланыс 1995 жылдан бастау алады. Тап сол жылдың нау­рыз айында Германия мен Қазақ­стан арасында жастар саясаты жө­ніндегі байланысты жетілдіру бағы­тында арнайы келісімге қол қойы­лады. Іле-шала тәжірибе алмасу­шылық үрдісі жедел жүріп кетеді. Сол кездің өзінде ол ел тарапынан да Қазақстандағы жастар саясаты­ның жөн-жобасына қатысты қызы­ғушылығы байқалған екен.
Еліміз заңға қатысты тәжірибе алмасуға лайықты ел ретінде Шве­ция мемлекетін де бағалап отыр. Жастармен байланыс бұл елдің негізгі жұмыс істеу тетіктерінің біріне айналғанына біраз жылдар өткен екен. Мәселен, 1986 жылы Швеция үкіметі жастармен жұ­мыс­ты бірізділікке қоя отырып, барлық бағдарламаларды қатаң сүзгіден өткізіп, қадағалап оты­ратын арнайы министрді белгі­лейді. Содан бастап жастар сая­саты мен олардың дәл осы та­раптағы белсенділігі Үкімет бел­гілеген ережелер бойынша көрі­ніс тауып отырған. Ал қазақ­стан­дық жақ мамандарының осындай елдердің тәжірибесінен өзіне ең қажеттісін електен өткізе отырып, екшеп алуы мен өз тәжірибесінде қолдануы бірінші кезекте жастар­дың саяси сауатының жетіле түсіп, қарым-қабілетінің толы­суы­на жол ашқандай.[6]
Бүгінде “Жастар саясатын­дағы” ережелердің мейлінше орын­далып, тиісті бағытта дұрыс жүріп кетуі көп жағдайда бір емес, бірнеше саланың “тікелей қамқорлығына” байланысты еке­нін айту керек. Осы тарапта елі­міздің Білім және ғылым минис­трлігі өзіне міндеттелген бірқатар жұмыстарды әр бағытта қолға алуда. Жас азаматтың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қа­лыптастыру мақсатындағы жұ­мыс­тарды соның бір дәлелі десек те болады. Қазір мемлекеттік бағдарлама аясында аталған ми­нистрлік бұл бағытта арнайы жоба жасап шығарды. 2018-2019 жылдар аралығын қамтитын бұл құжатты жүзеге асыруға респуб­лика­лық бюджеттен 1086400 мың теңге бөлінген екен. Оның үстіне министрлік өз алдына ауыл жас­та­рының әлеуметтік жағдайын басшылыққа ала отырып, өткір тұрған мәселелерді шешуді міндет етіп қоюда. “Ауыл жастарының бірлестігі” слетінің мақсаты да осыған саяды.[7]
Демек, бұл бағытта біраз іс­тер­дің басы шалынып үлгерді деуге болады. Бұл бірінші кезекте жастардың өз бастамасы мен басшылығы негізінде ғана жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті мемле­кеттік тұрғыда қол­дау тарапынан туындаған секілді. Бүгінгі таңда елімізде 14 пен 29 жас шамасындағы жастар саны 4,5 млн.-ға жуықтайтын көрінеді. Еңбек нарығындағы оң өзерістер жастар арасында байқалған жұмыссыздық деңгейінің күрт төмендегенін көрсетеді. Мәселен, статистикалық деректерге үңілер болсақ, 2019 жылы 19,1 пайызды көрсеткен жұмыссыздық өткен жылы 13,4 пайызға дейін төмен­деген екен. Бұл өз кезегінде жас­тардың әлеуметтік жағдайының біршама болсын түзу жолға түскендігін байқатса керек.
Жастар арасында ендігі бір өткір қойылып отырған мә­селе – баспана мәселесі. Заңда бұған да орын берілген. Онсыз да демо­графия жағы кенжелеп тұр­са, оның бірінші кезекте жас от­ба­сыларға келіп тірелетіні белгілі. Жастар өз кезегінде 2019-2021 жылдарды қамтитын “Мемлекет­тік тұрғын үй құрылысы” бағдар­ламасы шеңберінде несие алу арқылы баспанаға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуда. Осы бағ­дар­ламаның жұмыс істеу қағида­тын одан әрі кеңейту мақсатында министрлік “Жастарға баспана” бағдарламасын да жолға қоюда. Жалпы алғанда, негізгі мақ­сат – жастардың өз мәселелерін тек құқықтық деңгейде шешу болған­дықтан оның негізі бүгінде қала­нып үлгерді деуге болады. Демек, бұл жігерін жаныған жас­қа жар­қын болашаққа еш бө­гетсіз жетуге жол ашық дегенді білдірсе керек.[8]
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады. [9] Осы Тұжырымдама мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сөйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық тетіктер нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етудің негізі қалануы тиіс. Осы Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізілуі қажет. Тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылады. [10] Осы Тұжырымдаманы іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, бірінші кезекте - жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Тұжырымдама құрылымы шетелдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен жинақтау негізінде жасалды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.[10,16]
Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске асырылуы қажет: жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

  • өркендеу мен жаңашылдық;

  • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;

  • жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;

  • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;

  • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.

  • жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс. Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.[11]

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
4.Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толық тануға негізделеді.Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді. 18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекеттің айырықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмелетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық Әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық Әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік қызмет мекемелерінің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етуіне мүмкіндік береді. Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.[12]
Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққан әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.[13]
Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын өсіруге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемлекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады. Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, қалалық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді. Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек. Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады. Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін қажет.[14]
Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға - Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс. Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге, білімінің мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу - әдіс-тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығару, оқу орындарын компьютерлендіру, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасау, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып – үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады. Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасына діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек. Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады.Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.[15]
Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады. Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады. Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған.[16]
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді. Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.[17]
Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші сапасын тәрбиелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады. Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс. Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады.
Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді. Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу үшін өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады. [18]
Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқаруды өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы тиісті құрылымдар жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:

  • министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарының жастар саясаты саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді;

  • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру жөнінде әртүрлі қоғамдық жастар ұйымдарымен байланысты жүзеге асыруды;

  • Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып жас ұрпақтықтың азаматшылдығы, отан сүйгіштігі мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуді, патриоттық бірлестіктердің қызметін қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық акті лерді әзірлеуге қатысуды;

  • жастармен жұмыс істеудің озық нысандары мен әдістерін зерттеуді және жинақтауды, жастар саясатының түрлі бағыттары мен проблемалары жөнінде мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеуді және басып шығаруды;

  • мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

  • жас азаматтарды еңбекпен қамтуға көмектесу үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;

  • жастарды еңбекпен қамту проблемалары жөнінде зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, еңбек рыногын басқаруға және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдауға арналған ұсыныстар әзірлеуді;

  • жастарды еңбек қызметіне араластыру үшін жағдай жасауға қатысты аралық жобалар әзірлеуді және енгізуді;

  • жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдемдесуді етеді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:

  • жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, ғылыми-техникалық дамуына, жас таланттарды іздеп-табуға және қолдауға жәрдемдесетін бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, олардың одан әрі шығармашылық және кәсіби жағынан өсуіне қажетті жағдайлар жасауға қатысуды;

  • мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді, салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесіп әрекет етуді, жастардың денсаулығын нығайтуға және күш-қуатын арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

  • кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайының мониторингін.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:

  • мемлекеттік жастар саясаты саласында заң шығару негіздерін дамытуды және жетілдіруді;

  • нормативтік құқықтық актілердің жастарға қатысты бөлігін сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметті биліктің жергілікті атқару органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, оқу орындарымен бірлесе отырып аймақтық жастар бағдарламалары жасалып, жүзеге асырылады.[19]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет