2018 жылдың желтоқсан айында «Маңғыстау облысында жастар саясатын жүзеге асырудың 2019 – 2021 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы» қабылданған болатын. Бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 2020 жылы жастар саясатын жүзеге асыру үшін 49,7 млн. теңге қаражат бөлінді.[28]
Қазіргі таңда облысымызда 56 жастар қоғамдық бірлестігі (ЖҚБ) ресми түрде жұмыстануда, олардың ішінде 16 – сы ауылдық жерлерде. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызмет түрлері балалар, спорттық, құқық қорғаушылық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, би және студенттік болып бөлінеді.[29]
Облыстық статистика басқармасы өңірдегі жастар қоғамдық бірлестіктерімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жүргізеді. Жастар ұйымдарының бастамасымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып қана қоймай, оларға кәсіби бағыт – бағдар беріп, үйлестіру жұмыстарына көмек көрсетеді.
Жастар саясатының аймақтық бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалары жүзеге асырылуда. Жобалар негізінде жастардың патриоттық және қайырымдылық акциялары, ақпараттық үгіт-насихат топтары, пікір-сайыс турнирлері және спорттық-сауықтыру, мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шаралар орындалуда.
Бағдарламаға сәйкес, облысымызда жастар қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен әлеуметтік қызметтердің 5 түрі қамтылып келеді. Олар:
1. Психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін әлеуметтік қызмет;
2. Жастарға арналған экономикалық және сараптау-бағалау қызметі;
3. Қиын жасөспірімдермен жұмыс істейтін сауықтыру орталығы;
4. Жастарды жұмысқа орналастыру орталығы;
5. Мүмкіндігі шектелген жастармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызмет.
Облыс аудандарында жастар саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет есебінен, трансферттер арқылы әр ауданның территориясы мен тұрғылықты жастар санына байланысты қаражат бөлінді (әр ауданға 1 млн-нан кем емес). Осының негізінде аудандарда жастар саясатын жүзеге асыруға жаңа серпілістер пайда болды, жастар ұйымдары алдына қойылған міндеттерді орындауға бейімделіп, өз қызметтері ауқымын кеңейтті. Биылғы жылы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарына жұмыссыз ауыл жастарын тарту жүргізіліп жатыр.
Облыста жастар парламентаризмін дамыту және өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында белсенді көшбасшылар арасынан сайланған облыстық жастар мәслихаты жұмыс істейді.
Қазіргі таңда облыстық жастар мәслихатының құрамында 30 депутат жұмыс істейді (12 депутат - аудандардан, 18 депутат - жастар ұйымдарының төрағалары, оқу орындарының студенттері). Жастар мәслихатының құрамындагы 6 комиссия жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасайды. Жастар мәслихаты құрылған уақытынан бастап, әр тоқсан сайын жұмыс жоспарына сай облыс жастарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған отырыстарын өткізіп келеді. Жастар мәслихаты құрылғаннан бері облыс жастарының келесі өзекті мәселелерін көтеріп шешті. Олар: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы ҚР – ның Заңын іске асыру шеңберінде мемлекетіміздің аумағында ұқсастығы жоқ жас отбасыларға арналған «Тұрғын үй – жастарға» атты жобасын іске асырылды. Бұл мақсатта жарғылық капиталына 100 пайыздық мемлекеттің қатысуымен «Ақтау – Жас отау» ЖШС-гі құрылды.
Елбасы Маңғыстау облысында жұмыс сапарында Ақтау қаласының 9 – шы ықшам ауданындағы жас отбасыларға арналған 90 – пәтерлік тұрғын үйі салтанатты түрде пайдалануға берілді және де Н.Ә.Назарбаев облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Маңғыстау облысының тәжірибесін қолға алуын тапсырды. Биылғы жылы жас отбасыларға арналған 2 – ші тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 228,6 млн. теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда облыстағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру мәселесі шешілді. Оқушылардың аталған жеңілдігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 110 млн. теңге қаражат бөлінді. Осы негізде, қалалық білім беру бөлімі арқылы барлық жоғары және орта арнаулы, кәсіптік-техникалық оқу орындарының күндізгі нысанындағы студенттер мен оқушыларға әр ай сайын жол жүруіне қаражат бөлініп тұратын болады.
Қалада және аудандарда тұрақты түрде мәдени – көпшілік бағыттағы іс – шаралар, патриоттық акциялар, жастар саясатының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер, ақпараттық үгіт – насихат топтары өткізіліп отырады.
Сәуір айының 11-13 күндері аралығында «Ақиқат» пікір – сайыс орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай, бірқатар іс – шаралар оздырылды. 12 мамыр күні қаладағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты волейбол, дойбы, үстел теннисінен спорттық турнир өткізілді. Осы сайыстардың нәтижесін қорытындылаған мерекелік шара 13 мамыр күні өткізілді.
Бағдарламада қарастырылған шараларды жүзеге асыру барысында жастар саясатының өзекті мәселелері қамтылды:
- Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
- Жастардың әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы;
- Еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар туғызып, жастардың экономикалық дамуына мүмкіндік беру;
- Білім саласында жастардың құқықтары мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету;
- Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету;
- Жас дарындарды қолдау және дамыту;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында бұқаралық спортты, туризмді дамыту;
- Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жастардың арасындағы спорттық шараларды дамыту;
- Жастар арасындағы азаматтық және патриоттық сезімді дамыту;
- Әр түрлі байқаулар, фестивальдар т.б. өткізу арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы процесінде жастардың әлеуметін тиімді жүзеге асыруға жағдай жасау;
- Бос орындар жәрмеңкелері, курстар мен тренигтер өткізу арқылы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету;
- Жастар шығармашылығын дамыту, шығармашылық байқаулар, фестивальдар мен қараулар өткізу.
|