2.2 Маңғыстау облысы бойынша жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет
Облыстық статистика бөлімінің биылғы есебі бойынша ауданда 5334100 тұрғын тұрады, оның ішінде Жаңаөзен қаласына қарасты елді мекендерде 01.01.2021 жылға 332 отбасында 2197 халық тұрады. Оның ішінде жастар санатына, дәлірек айтқанда 14 пен 29 жас арасындағыларға 1365500-і, яғни 25,6%-ы жатады. Соның ішінде әйел адамдар - 598300, ал ерлер - 548100.
Сурет - 1 Халықтың жастық құрамы диаграммасы
1-суретте аудан халқының жастар санатына жатпайтындар мен жастар санатына кіретін тұрғындардың 2018-2021 жылдар аралығындағы ара-қатынасының өзгеруі көрсетілген. 2021 жылы жастар санатына жатпайтындардың үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға өскенін,ал жастардың үлес салмағы 4,6%-ға кемігенін байқауға болады.
Жаңаөзен қаласындағы халықтың 1089 сайлау құқығына ие болып келеді. Қала бойынша еңбекке жарамды адам саны 981, оның 584 жалдамалы қызметкерлер. Жеке негізде жұмыс істеушілер 254, оның 136 – сы 3 жасқа дейінгі бала күтімінде отырған аналар, 18 жұмыссыздар және жоғары, арнаулы орта оқу орындарында оқитын 125 студенттер. Қала бойынша адам қарттығына байланысты, 52 адам мүгедектігіне байланысты зейнет демалысында. Қаладағы 2197 адамның 1102 ер адамдар, 1095 әйел адамдар құрайды.
Облыстың қоғамдық – саяси өміріндегі жастардың орны ерекше. Жастар саясатын жүзеге асыру, олардың әлеуметтік жағдайы аудан әкімшілігінің басты назарында. Олардың мәдени – демалыс шараларын ұйымдастырып, өткізетін ауылдық жерлерде 18 мәдениет үйі, 5 клуб және кітапхана жұмыс істейді. Облыс орталығындағы «Газовик» мәдени демалыс орталығы, «Олимп» спорт кешені бүгінгі таңда жастардың көп жиналатын орнына айналды. Жастар шығармашылық орталығын ашу мақсатында бұрынғы клуб ғимаратында жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталуға таяу.
Сурет – 2 Жалпы халық санындағы жастардың үлесі
2-суретте жалпы халық санындағы жастардың үлес салмағы 23%-ды құрайтынын бейнелнеген. Ол дегеніміз жастардың аудан халқының шамамен алғанда ¼-ін алады.
- Жастар арасында қылмыстық істерді болдырмау, жағымсыз мінез-құлықтардың алдын алу мақсатында облыстық ішкі істер және білім бөлімдері жұмыла жұмыс жасауда. Бұл шаралардың нәтижесі әкімшілік отырысында қаралып отырады. Облыс бойынша жастарға кәсіби білім беретін 3 кәсіптік мектеп жұмыс істейді.
Облыс әкімдігі жанында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқын қорғау туралы арнайы комиссия жұмыс жасайды. Әлеуметтік жағдайы қиын отбасынан шыққан және қылмысқа бейім балалардың мәселелері комиссия отырысының басты назарында.
Сурет - 3 Облыс жастарының әлеуметтік жағдайы
3-суретте жастардың әлеуметтік жағдайы, яғни қандай жұмыспен шұғылданатыны кескінделген. Облыс жастарының хал – ахуалын зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша аудан жастарының бір бөлігі әлеуметтік-мектеп, мәдениет үйі т.б.жерлерде қызмет етсе, көпшілігі маусымдық жұмыстарда. Олар өз бетімен бақша егу, тас соғу, пішен кезінде шаруа қожалықтары мен фермерлерде шөп шабу сияқты жұмыстармен шұғылданады.
Өткен жылы облыс жастары арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында арнайы семинар – кеңес ұйымдастырылды. Оған «Даму» облыстық кәсіпкерлікті қолдау қорынан мүшелер шақырылып, жастарға көптеген мәліметтер берілді. Күні бүгін «Даму» қоры арқылы 4 жас кәсіпкер, «Заман» қоры арқылы 2 жас кәсіпкер тиісінше 900 мың және 260 мың теңге көлемінде несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Жалпы облыс бойынша кәсіпкер жастар саны 19 болса, олардың көпшілігі алған несиелерін бақша егу, мал өсіру, ауыл шаруашылығы саласына жұмсауда.
Сызба 1 - Жастар саясатын жүзеге асырудың бағыттары
1-сызбада жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі 3 бағыты көрсетілген.Олар: көпшілік шаралар, ұйымдастыру шаралары және ақпараттық-насихаттық шаралар.
Сызба 2 - Спорттық шаралар атауы.
2-ші сызбада өткізілетін спорттық шаралардың тізімі көрсетілген. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында,соның ішінде жастардың спортпен шұғылдануына ерекше көңіл бөлінеді. Ауылдық округтерде мектептің спорт залдары, спорт алаңдары жастар үшін қашан да ашық. Оған қоса қыста спорт алаңдарда мұз айдындары жасалып, қысқы спорттық ойындарға мүмкіндік туғызылса, жазда теңіз жағасында суға түсетін орындар жасалып, белгілер орнатылады. Құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылады.
Облысымыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорттың 10 түрінен жұмыс істеп жатыр: волейбол, баскетбол, самбо, қазақша күрес, үстел теннисі, бокс еркін күрес т.б. 2018 жылы облыста «Олимп» спорт кешені ашылды. Республикалық, облыстық, халықаралық турнирлерге аудан спортшылары қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен өткен Маңғыстау облыстық 1 – жастар ойындарында облыс жастары жалпы командалық есепте 2-орын алып, екі оқушымыз облыстық құрама командаға мүше болды. Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернатта 12 оқушы оқып, облыс құрама командасында өнер көрсетіп жүр.
- Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және оларға қолдау көрсету барысында төмендегі мәселелерді назарға ұсынамыз:
1.Еңбек нарығындағы жастарға деген сұранысты күшейту. Ол үшін жергілікті жерлердегі еңбек нарығы жағдайын ескере отырып, оқу орындарына грант бөлу.
2.Ауылдық жерлердегі жас отбасыларға, жас мамандарға тұрғын үй мәселесін шешу. Бұл – жас мамандардың ауылда тұрақтауына үлкен әсер береді.
3.Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету:
жеңілдікпен несие беру, салық т.б. төлемақылардан босату.
Жастардың спорттық – сауықтыру және мәдени – ағарту ұйымдарына баруына жеңілдік жағдай жасау жөнінде жергілікті мемлекеттік басқару шешімдері болмағанмен, ол ұйымдарға жастардың барлығы тегін пайдалануға мүмкіндік берілген. Облыс орталығындағы «Газовик» МДО, «Олимп» спорт кешені, Жастар мәдени демалыс орталығы, «Жастар» стадионы, Ақтау қаласында орналасқан 5 – мектептің спорт залдары, №12 Кәсіптік мектепте орналасқан тренажор залы.
Маңғыстау облысы бойынша жастар саясатын қолдау мақсатында 15 ауылдық округте ауыл әкімінің жастар ісі жөніндегі жетекшілер тағайындалып бүгінгі таңда оларға ауылдық әкімшілік ғимараттарынан жұмыс кабинеттері бөлініп жыл басында бекітілген жоспарлары бойынша жұмыс жасауда. Қазіргі таңда барлық жастар жетекшілері ауылдық жерлерде жастар саясатын жүргізу мақсатында жыл басында бекітілген жоспарлары бойынша жұмыстануда. Олардың жұмыс жасауы үшін ауыл әкімдері тарапынан қолдау тауып барынша кабинет бөлініп концеляриялық заттармен қамтамасыз етілген..
Құрылғаннан бері бірлестіктің бастамасымен көптеген жұмыстар жүзеге асырылған. оның ірілеріне тоқталып кетсек
Жастар жетекшілері облысымыздағы жұмыссыз жастардың басқа қалаларға жұмыс іздеп кететіндерді тоқтату мақсатында облыста жүргізіліп жатырған құрылыс нышандарына тарту, ауыл жастарын тазалыққа баулу, өздерінің тұрғын үйлерінің айналасын таза ұстау, әрбір аулада керме, құс ұясын орнату, гүлдер отырғызу.
Облыс орталығында жас суретшілердің туындыларын, тігіншілердің өз өндірісінен шыққан киімдерін, қол өнершілердің бұйымдарын халыққа кеңінен жария жасауға ауылдық жерлерде өнерпаз жастарды анықтау мақсатында, өнерлі, бірақ халық алдында көрінбей жүрген жастарды анықтау. Ұсыныстары ортаға салынып осы бағыттар бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.
Жастардың өзін - өзі іске асыруын басшылыққа алуы, олардың шағын және орта бизнес саласына белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді оқыту және қолдауын көздейді. Осы мақсатта бірқатар тыңғылықты шаралар атқарылды.
Облыстық статистика бөлімі тарапынан қоғамдық саяси тұрақтылықты, халықтар бірлігі мен мемлекеттік билікті, мызғымас конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес көптеген шаралар атқарылды. Бөлімнің негізгі мақсаттарының бірі – Елбасының дәстүрлі Жолдауларын халыққа түсіндіру, халық арасында насихаттау.
Бұл орайда арнайы ақпараттық насихат топтары жұмыс жасауда, олармен нұсқау кеңестер өткізіліп, арнайы дайындалған әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.
Олар бірнеше қайтара ауылдық округ орталықтарына, елді мекендерге шығып, концерттік бағдарламалармен бірге үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Сонымен қатар облыстың барлық ауылдық округтерінде құрылған үгітшілер топтары түсінік жұмыстарын жүргізуде. Барлық мекеме, кәсіпорын ғимараттарында (әкімшіліктер, мектеп, мәдениет үйлері, кітапханалар) Жолдауға байланысты бұрыштар мен стендтер, көшелерде ұрандар және билбордтар ілінді. Жолдаудың толық мәтіні жергілікті «Ақтау жаршысы» газетінде басылып, «Жолдау – жолбасшы» айдарымен мақалалар топтамалары берілуде.
Биылғы Жолдау халық арасында кең қолдау тауып келеді, бұған аудан тұрғындарының республика, облыс, аудандық басылымдарда жарық көрген үнқатулары айқын дәлел. Сонымен қатар тұрғындар арасында Жолдауға байланысты сауалнамалар жүргізілді. Қазіргі таңда Жолдауда қойылған міндеттердің орындалу барысы жөнінде халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жолдауды түсіндіру мақсатында облыс орталығынан арнайы келген насихат тобының мүшелері ауданда өткен актив жиналысына қатысып, ауылдық округтерде кездесу жиналыстарын өткізді. Сонымен қатар ауданымызда жұмыс сапарымен болған бірқатар облыстық департамент басшылары да Жолдаудың ауданда орындалу барысымен танысып, облыс көлемінде істелініп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Негізгі көрсеткіш-мәліметтер:
І. Облыстағы ақпараттық насихат топтарының саны - 82
Оның ішінде:
- облыс орталығында 18
- ондағы адам саны 36
- ауылдық округтерде 64
- ондағы адам саны 267
ІІ. Өткізілген шаралар.
- облыс активінің жиналысы 3
- нұсқамалық-әдістемелік кеңес 2
- кездесулер, жиналыстар 78
- конференция 2
- дөңгелек үстелдер 83
- үгіт-насихат топтарының елді мекендерге шығуы – 78
ІІІ. БАҚ-та сөйлегендер
Оның ішінде: - аудандық газетте 62
- облыстық газеттерде 25
- облыстық телеведениеде 12
- Республикалық басылымдарда 2
IV Көрнекі үгіт:
- бұрыштар 119
- билборттар 7
- ұрандар 108
- жүргізілген сауалнамалар 9
- оған қатысқан респонденттер 675
Тұрғындардың саны 44600
Жиналысқа қатысқан адамдардың саны 31260
Олардың ішінде :
зейнеткерлер 3100
бюджеттік сала қызметкерлері 8700
Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер,жастар ұйымдары т.б. топ өкілдері 12780
Сурет 4 - Халықтың жас ерекшеліктеріне байланысты топталуы
4-суретте халықтың жас ерекшеліктеріне байланысты топталуы бейнеленген. Облыс жастарының басым бөлігі 14-17 жас аралығындағы жастар. Бұл мектеп оқушылары.
Жолдауды түсіндіру мақсатында өткен кездесулерде аудан тұрғындарының сұранысына орай шешімі табылмаған кейбір мәселелерге көңіл аударуға ұсыныстар берілді. Мысалы: Саяси партиялар мен ҮЕҰ-дың қызметіне бөлім тарапынан ерекше мән берілуде. 18 наурызда өткен ҚР – сы Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының сайлауы саяси партиялардың рөлін айқындап берді. «Нұр Отан» ХДП ашық бәсекелі күресте жеңіске жетуі еліміз азаматтарының саяси ерік – жігерінің нақты көрінісі болғаны анық. «Нұр Отан» партиясы ұсынған облыстық Мәслихатқа 2 және аудандық мәслихатқа 13 үміткер депутат болып сайланды.
ҮЕҰ-дар халық пен үкімет арасында дәнекер ретінде үлкен күшке айналуда.
Қазір ауданымызда 5-ҮЕҰ-р тіркеліп, уақыт талабына сай қоғамдық – саяси өмірге белсене араласуда, ҮЕҰ-ң бастамашылдығын дамыту үшін оларға қолайлы жағдай туғызуға билік тарапынан күш салып келеміз. Олар :
Аудандық ардагерлер ұйымы соғыс және еңбек ардагерлерінің материалдық тұрмыс жағдайларын жақсартуға қамқорлық жасайды, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Аудандық мүгедектер қоғамы мүгедектердің құқықтары мен
мүдделерін қорғайды, олардың қоғамдық өмірге, мәдени –спорттық шараларға кеңінен қатысуларына ықпал етеді.
ҚР «Отан» қоғамдық бірлестігінің аудандық Кеңесі жастарға әскери-патриоттық тәрбие берумен қатар көпшілік техникалық кәсіптің мамандарын даярлайды.
«Ақтау» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы мүгедек балалар мен тұрмысы төмен отбастарына қайырымдылық көмек көрсету шараларына қатысады.
Облыс көлемінде жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында арнайы жоба дайындалып, Маңғыстау облысының Статистика департаменті трансферт арқылы 2019 жылы - 1.200.000, 2020 жылы – 1.600.000 тенге, облыстық бюджеттен 675.000 тенге бөлінді. Бұл қаржы тікелей ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыруға жұмсалуда
Жыл сайын аудан жастарының басын қосып жастар форумы, өткізу дәстүрге айналды. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін әртүрлі сайыс, байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар облыстық, республикалық тіпті халықаралық деңгейде өз өнерлерін көрсетуде: Атап айтқанда ауданның КВН /ктк/ «Күлкі аймағы» командасы Ақтау қалаларында өткен жарыстарда жүлделі орынды иеленсе, «Сымбат» бишілер тобы Туркия елінде өткен «ФОМГЕД-ІV» халықаралық фестиваліне қатысып келді. Биыл тамыз айында аталған бишілер тобы Одесса қаласына барып, Қазақстандағы Украина жылына арналған ІV халықаралық фестивальге қатысты.
Жастар арасында жұмыссыздықты жою мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, биылдың өзінде осы жәрмеңкеде 17 жас жұмысқа алынды. Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес облыстық штабпен бірлесіп жұмыстар атқарылды. Жайық өзені жағасын тазалау акциясына жастар белсене қатысты. Жастар құрылыс отрядтары құрылып, 19 жас жігіттер мен қыздар осы отрядтар құрамында әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарына қатысты.
Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытып, өз ісін ашамын деген жастарға көмектер көрсетілуде. Облыстық қор жетекшілерімен кездесулер өткізіліп, жастарға несие алып, кәсіпкерлікпен айналысу жолдары туралы түсінік беріліп, қолдау көрсетілуде.
Облыста жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында қызметтік тұрғын үйлермен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы мәдениет, денсаулық сақтау, білім салаларында, мемлекеттік қызметте және ішкі істер органдарында еңбек ететін 15 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Студент жастардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында әр-түрлі кездесулер өткізілді. Солардың ішінде шілде айында өткзілген студент жастармен ауыл жастарының кездесуі барысында Астана медицина академиясының ректоры қатысып студент жастарға ақ жол тіледі.
Мүгедектердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын қорғауда облыстық мүгедектер қоғамы белсенділік танытуда.
Облыстың мекеме, кәсіпорын ұжымдары, кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп мүгедектер қоғамына қаржылай көмектесуде. Бұл қаржы мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын түзеуіне, әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартуға, мүгедек балалармен түрлі мерекелік шаралар ұйымдастыруға т.б игілікті істерге жұмсалуда. Бұдан басқа жылдағыдай биыл да қайырымдылық айлығында облыстық қарттар үйіне, жетім балалар интернаттарына, есту, көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатына барып, олардағы жерлес тәрбиеленушілерге сый-сияпаттар көрсетілді.
Мүгедектер қоғамы, Қызыл Жарты ай қоғамының облыстық филиалы бірлесіп, мүгедектер дайындаған қолөнер бұйымдарына аукцион өткізу дәстүрге айналды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды өмірге белсенді қатыстыру мақсатында олардың көркемөнерпаздық, шығармашылық өнерлерінің облыстық фестивалін, әртүрлі мерекелік және спорттық шаралар өткізуге белсене қатысуда. Облыс командасы облыстық олимпиадада ІІ орын алса, Талдықорғанда өткен республикалық жарыста облыс өкілдері жүлделі орындарды иеленіп қайтты.
Құрамында 4000-нан астам ардагерлер соның ішінде 35 ҰОС қатысушылар бар облыстық ардагерлер ұйымы облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене араласып Елбасы Жолдауын халыққа насихаттауда, ауыл елдің тыныштығы бұзылмауына, тазалық көгалдандыру жұмыстарында бастамашылық көрсетуде.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында майдангерлер, соғыс жесірлері, тыл ардагерлері барлығы 228 адамға және бейбіт уақытта қаза тапқан 26 жауынгерлердің отасыларына қаржылай көмек көрсетіліп, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,11 млн.тенге және ҰОС ардагерлерлеріне коммуналдық төлемдерін өтеу үшін 750.0 көлемінде қаржы бөлінді.
Сонымен қатар ауданымыздың 1 топ соғыс және еңбек ардагерлерінің Астана қаласына саяхатқа бару үшін облыстық бюджеттен 3 млн. тенге бөлінуі оларға деген күнделікті қамқорлықтың нәтижесі.
Бүгінгі таңда ауданда 1300 ден астам шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген болса осылардың басын біріктіру үшін және олардың мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлер қоғамдастығын құру бағытында арнайы ғимарат және оны жөндеуге қаржы бөлінді.
ҮЕҰ ойдағыдай дамытудың барлық алғы шарттары жасалғанмен, ауылдық жерлерде әлі де болса кең қолданысқа ие бола алмай отыр. Әр түрлі бағдарламалар арқылы гранттар тек облыс орталығы қалаларда ал шалғайдағы қоғамдық ұйымдар үшін ондай мүмкіншіліктер шектеулі.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Осы маңызды шараға байланысты облыс орталығында және барлық ауылдық округтерде әкімдердің тұрғындар алдындағы есебі өткізіліп, соңынан концерттік бағдарламалар қойылды.
Облыстық газет бетінде «Қазақстан-2030», «Менің Қазақстаным», «Стратегия в действии» айдарымен мақалалар топтамалары берілді. Облыстық ақпараттық насихат тобы ауылдық округтерге шығып, Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес еліміз бойынша, сондай-ақ облыс, аудан көлемінде жүзеге асырылған игілікті істер туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Облыста ұлтаралық бірлік пен дінаралық қатынастарды нығайту және тұрақтылықты сақтауға байланысты жұмыстар үнемі назарда.
Облыс көлемінде 5 мешіт сонымен қатар облыста молдалық қызмет атқаратын 100-қа жуық адамдар бар. Әр ауылда құдайға құлшылық етушілер саны 25-30 адам. Олар негізінен зейнеткерлік жастағылар. Мешіттерде Құрбан айт, Ораза айт сияқты діни мерекелерге байланысты қайырымдылық шаралары өткізіліп тұрады. Сол сияқты православиелік хрестияндармен Пасха, Рождество мерекелеріне орай кездесулер өткізілді.
Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында барлық ауылдық округтерде «Адасқан ағымдар» тақырыбын қараша айында жиналыстар өткізіліп, оған ауылдық округ әкімдері, мешіт молдалары мен ауыл ақсақалдары, учаскелік полиция инспекторлары және жастар өкілдері қатысты. Бұл бас қосуларда діни теріс ағымдардың жұмысына тосқауыл қою және халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу туралы кеңінен әңгіме болды.
2019 жылдың қыс, көктем айларында облыс аумағына өзге (теріс) дінді уағыздаушы топтардың келуі бірнеше рет байқалды. Ауыл әкімдері, ішкі істер бөлімі тарапынан қолданған шұғыл шаралар арқасында олар аудан көлемінен шығарылды .
Қазіргі таңда исламның бағыттары жөнінде тұрғындар арасында, соның ішінде жастарға лайықты түсінік жұмыстары жүргізілуде. Облыс тұрғындарын дәстүрлі емес ислам ағымдарының теріс үгіт насихатынан сақтандыру үшін олардың жағымсыз іс-әрекеттері жөнінде ақпарат беретін кітапшалар шығарып, халықтың сауатын ашудың маңызы зор. Сондықтан экстремистік пиғылдағы «Хизбут Тахир» діни партиясы сынды ұйымдар жөнінде түсіндірмелік әзірленіп, соның ішінде жастардың пайдалануы үшін тегін үлестірілді.
Өлкеміздегі жарқын істерді игі мұраттарды тарататын облыстық «Маңғыстау жаршысы» газеті. Облыстық газет 24 бет болып шығарылуда. Газеттің қазіргі таралымы 366300 дана. Облыстық бюджеттен газет шығындарына 5349,00 мың теңге бөлінді.
Редакция ұжымының ең басты назарында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты мен мұраттарын тұрақты насихаттау. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы газетте жарияланып, осы маңызды құжатқа орай үнқатулар мен мақалалар жүйелі түрде беріледі. Сонымен қатар жастарға арналған «ҰРПАҚ», «ДӘСТҮР», имандылық мәселелерін көтеретін «Жан мен ар», денсаулық тақырыбына «Әуелгі байлық», кәсіпкерлікке, үй шаруашылығына арналған «Житье-бытье» арнайы беттері ұйымдастырылып келеді. Газетте оқырман хаттары да жиі жариялануда.
Облыста телевидение мамандарының жұмысына да үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Оларға жұмысын жүргізуге биыл 2264000 мың теңге бөлінді. Соның арқасында облыстық теледидар жаңалықтарына аудандар туралы түсірілген бейне сюжеттер уақтылы жіберіліп отырады.
Жыл басынан бері қоғамдық саяси маңызы бар оқиғаларға арналған мемлекеттік мерекелердің арнайы жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуі қамтамасыз етілді. Осы мерекелерге байланысты аудан әкімінің құттықтаулары газет бетінде жарияланып тұрады. Сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байланысты облыс әкімінің үндеуі қазақ және орыс тілдерінде газеттің бірнеше нөмерінде басылды.
Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттауға тиісінше көңіл бөлініп, осы мақсатта «Жемқорлыққа жол жоқ», «Коррупций-заслон» айдарымен мекеме, ұйым басшыларының мақалалары облыстық газет бетінде жариялануда. Ақпараттық насихат тобы ауылдық округтерде халықпен кездесулерінде сыбайластыққа байланысты келеңсіздіктермен ымырасыз күрес жүргізу және осындай қоғамға жат әрекеттерден сақтану жайында айтуымен қатар, күнделікті өмірде қолданып жүрген ҚР-ның заңнамаларын түсіндірді.
Облыста 2017 жылдың І жарты жылдығына мерзімді басылымдарға жазылу ұйымшылдықпен жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша «Егемен Қазақстан» газеті 8700 дана болып 102% орындалды. «Каз. Правда» газетіне жазылу 72% болып тұр. Сол сияқты облыстық «Ақтау өңірі», «Маңғыстау» газеттеріне жазылу жоспары асыра орындалды. Облыстық «Ақтау жаршысы» газетіне жазылу жүргізілу үстінде , қазір жазылғаны 28730 дана, бұл болжамды санның 72% құрайды.
Жыл ішінде аудан әкімімен Чернобыль АЭС-нін зардаптарын жоюға қатысқан Маңғыстаулық азаматтардың, қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері жастарының, Астана қаласына саяхаттан оралған соғыс және еңбек ардагерлерінің, Баспасөз күніне орай облыстық «Ақтау жаршысы» газетінің және телерадиокомпаниясы қызметкерлерінің, Спорт күніне орай Маңғыстаулық спортшылардың үлкен тобының, Білім күні қарсаңында облыс мектептеріне жұмысқа келген бір топ жас мұғалімдердің, 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Ақтаулық қариялармен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |