1.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы жастардың рөлі
Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары.
Мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк – экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы 2004 ж, 7 шілдесінде қабылданды. Елімізде 14-19 жас аралығында 4 миллион 569885 жас бар. Демек жалпы халық санының 29 пайызын құрайды. Оларды 728 жастар ұйымдары біріктіріп отыр.
2016 жылы кәсіби техникалық білім игеру жүйесіне қамтылған жастардың саны 24%-ға артып, 750 мың адамды құрайды. 2020 жылға қарай «Жас Отан» Жастар қанаты өз жұмысына елімізде нақты жұмыс істейтін жастар ұйымдарының 90 пайызына дейін біріктірді.
- Елімізде соңғы жылдары жастардың тәрбиесіне, олардың сапалы білім алуларына ерекше көңіл бөле бастады. Биыл парламентте 2004 жылы қабылданған «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заңының қайта қаралуы бұл сөзімізге дәлел бола алады.
- Ұрпақ тәрбиесінде қоршаған ортаның, ата-ананың, білім ордаларының үлкен рөл атқаратыны белгілі. Қоғам дамуы бір орнында тұрмайды. Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастарымыздың қоғамның жаңару үрдісімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін біз олардың тәрбиесіне айрықша зор мән беруге тиіспіз. Осы қатарда жастардың құқықтық сауатын өсіру мәселесінің орны ерекше. Өйткені құқықтық тәрбие ең алдымен жаңа тұрпатты адамды, азаматты қалыптастыру ісіне қызмет етеді. [20]
Ең бастысы жас жеткіншектеріміздің азаматтық санасын оятуға жол ашылады. Егер азаматтық деген ұғымның астарында мемлекеттің заңдарын ерікті де саналы түрде мойындау, қоғам мен мемлекеттік мүддеге қайшы келетін әрекеттерге тосқауыл бола білу, азамат ретінде өзінің де, өзгенің де құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына атсалысу сияқты іс-әрекет ету қажеттігі жатқанын ескерсек, бұл бүгінгі күнгі ашық қоғам құруға ұмтылып отырған біздер үшін өте маңызды тәрбие үлгісі болып табылады.
Бұл мәселеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жас патриоттар форумында сөйлеген сөзінде ерекше мән берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға жасалған қамқорлықтарды айта келе, «жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» - деп нақты атап көрсетті. [21]
Кәсіби қызметім ғылым мен білім беру ісімен байланысты болғандықтан және жоғарғы оқу орнын басқарған көпжылғы тәжірибемнен де көзім жеткені – Президентіміз жастарға қатысты саясатты үнемі жетілдіруді, оларды білімге баулуды тікелей өзі қамқорлығына алып келеді. Осындай әкелік қамқорлық нәтижесінде 1999 жылы «Мемлекеттік жастар саясатының» тұжырымдамасы бекітілді, «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заң (2004 ж.) қолданысқа енді. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы өмірге келді. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша шетелдердің танымал жоғарғы оқу орындарында білім алған жастарымыздың саны жылдан жылға артып келеді. Жас ұрпақ тәрбиелеудегі бірізділік, сабақтастық деген жоғарыда көрсетілген құжаттардың мазмұнынан айқын көрінеді деп нық сеніммен айта аламын. Біз осы заң нұсқаларына өмірдің өзі ұсынған толықтырулар мен өзгерістер енгіздік. Бұл бағытта мен депутат ретінде бірнеше ұсыныстар айтқан болатынмын. Олардың бірқатары қабылданып та жатыр. Сіздің сұрағыңызға орай бір ғұламаның «бақытты өмір сүргің келсе - заңмен жүр» дегені еріксіз еске түседі. [7]
ҚР білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік Бағдарламада жалпы орта білім беру міндеттері өте айқын көрсетілген. Бұл білім сапасын көтеруді қамтамасыз етуге қажетті толық заңнамалық негіз болып табылады. Себебі, құжатта әрбір тәрбиеленушінің шығармашылық белсендігін ашуға, оны үнемі арттырып отыруға және оның жоғары мәдениетін, эстетикалық – этикалық талғамдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар заң мәтініне енген. Адам ресурсына мемлекеттік тұрғыдан мән беру дегеніміздің өзі осы емес пе?
Біз қазір жастар арасында әсіресе, мектептерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындарында жас ізденушілердің қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар құруларына, олардың қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып өзара ақпарат алмасуларына, қажет десеңіз, әрбір аймақта жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының болуына мүмкіндік жасау қажет. Салауатты ойлай білген жас қана салауатты өмір сүруге бейім, салауатты бәсекеге даяр. Осындай сападағы жастар легі ұлтымыздың интеллектуалдық әлеуетін күшейтіп отыратын жүйе құрушы фактор және нағыз қазына болып қалыптасады деген сенімдемін. Бұған Елбасының өз бастамасы арқасында қолға алынып жатқан «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы жауап беретін болады.[16]
- Білім интеграциясы үшін аса қажетті өміршең жоба саналатын «Болашақ» бағдарламасының еліміздің дамуына қосар үлесі қандай? Осы бағдарлама өрендерін жұмыспен қамту мәселесін шешуге қандай негіз бар?
- Бұл сауал басшымыздан бастап қосшымызға дейін бәрімізді тегіс ойландыратын өзекті және стратегиялық маңызды мәселе. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіретін кадрлар жасақтауға белсене араласып, партиядағы әлеуеті зор жас мамандардың ролі айрықша аталып көрсетілді. Жас ұрпақ, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері еліміздің ертеңі үшін барынша белсене қызмет етуге міндетті деп есептеймін. Келешекте кәсіби білікті мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші роль атқара алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Біздің қоғам үшін жастардың саяси білім деңгейі жоғары, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті болғаны керек. Бұған тек ақпараттық-мәдениет ғана емес, нақты практикалық іс-тәжірибе арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан Елбасы ұсынысы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанатының» құрылуы партиялық-идеялық сабақтастықты қамтамасыз ету шарасынан туған қажеттілік деп білеміз.
«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан Әбішұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек, бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Президент атынан берілетін «Болашақ» стипендиясы – бұл жастардың қабілеттерін саралаудың ең биік деңгейлерінің бірі болғандықтан үміткерлерге деген талаптың өте жоғары болуы орынды.[11]
Бағдарламаның жүзеге асырылуы арқылы жаңа буын мамандарды үздік шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау дер кезінде қолға алынған және оның Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын шешуші тарихи қадам болып отыр. Сол бағдарлама негізінде бүгінге дейін жүздеген жас буын өкілдері әлемнің атақты оқу орындарында білім алып, біліктіліктерін ел игілігіне жұмсауда. Бүгінгі күні ел экономикасы ертеңгі күннің сұранысына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті қалыпта дамып отырған болса, бұл жетістікте қазір әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген «болашақтықтардың» да үлесі зор. Аталған бағдарламаның және бір тиімділігі – стипендиаттар қай елде білім алса олар сол елдің экономикалық моделінен, даму ерекшеліктерінен, тарихы мен мәдениетінен, ұлттық құндылықтар жүйесінен мол хабардар болып оралады. Жастардың таным-түсінік деңгейінің осынша өсуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын біліктілікпен жүзеге асыруда, интеграциялық процестерді байыппен жүргізуде қажетті интеллектуалды мүмкіндік болып табылады.[13]
2005 жылдан бастап 4000-нан астам үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған біліктіліктеріне сәйкес ел экономикасының басымдыққа ие салаларына жұмысқа орналастыру қолға алынуда. Әсіресе, жастарды ауылға тарту үшін ауылдық жерлерде осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылымдар құра отырып, оларды жұмыс істеуге ынталандыратын түрлі әлеуметтік жеңілдіктер берілуі қажет. Бұл жеңілдіктер қатарында қосымша көтерме қаржылар төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысын көбейту мәселелері жақында ғана Мәжілісте қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылды.
Аталған Заң жобасы аясында ауылдық жерлерде қызмет жасауға бел буған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына біржолғы көтерме жәрдемақы және жеңілдетілген несие беру арқылы тұрғын үй алу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып отыр.
- Аталған бағдарлама мазмұнының сапасы бүгінде қай дәрежеде деп ойлайсыз.
- Осы бағдарламаға ережесіне өзгерістер енгізуіне біздің де, яғни ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының ықпалы болды. Бұл нақты өмір талабынан туындады. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен осы жылдың сәуір айында «Қазақстанның халықаралық білім қоғамдастығында орын алу құралы ретінде «Болашақ» бағдарламасын дамыту келешектері» атты дөңгелек үстелі өткен болатын. Мұнда бірқатар көңіл аударатын мәселелер көтерілді. Айталық, ауылдық жерлердегі білім сапасының төмендігі проблема күйінде қалып отыр. Оның үстіне, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның жеткіліксіздігінен ауыл балаларының қосымша ақпараттық технологияны пайдаланып білім алу мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан, ауылдың дарынды жастары қатарынан шыққан «Болашақ» стипендиясына үміткерлер үшін Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарындағы аймақтық университеттері жанынан оқу-кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру ұсынылды.[22]
Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша жас мамандардың шет елдік алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу мен білім беру ұйымдарында озық технологияларды меңгеруі және олардың ғылыми ізденістер жүргізу барысында мол тәжірибе алмасулары үшін бір-екі жылдық мерзіммен машықтануға (стажировкаға) мүмкіндік жасалды. Бұның тиімділігі мамандарды оқытуда өркениетті елдерде қолданылатын озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қысқа уақыт ішінде игеруге, жаңаша ойлау арқылы тиімді шешімдер қабылдай білуге бейімдейді. Мамандарымыздың кәсіби біліктілік деңгейінің осындай жаңа сапаға көтерілуі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүйелі іске асуына айрықша ықпалын тигізетін болады.[23]
Көп деңгейлі білім жүйесіне сәйкес жалпы еуропалық стандарттарға көшіп жатқан Қазақстанның жоғары білім жүйесінде келешекте ғылыми-педагогикалық кадрлар тапшылығы орын алуы мүмкін. Сондықтан қазірдің өзінде-ақ философия докторлары (PһD) мен магистрлерін әлемнің жетекші ғылыми зерттеу және білім беру орталықтарында даярлауға арналған «Болашақ» стипендиясының квотасын көбейту қажеттілігі өзекті мәселе. Бұл қазақстандық білім мен ғылымды сапалы да жедел алға жылжытуға ықпал ететін болады. Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша білім алған ғылым докторлары, магистрлері, Қазақстан жоғары оқу орындарына мақсатты түрде ғылыми-педагогикалық қызметке орналастырылуы тиіс.
- «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасы туралы идеяның мәні мен мазмұны жөнінде айта кетсеңіз.
Жоғарыда атап өткеніміздей жастар тәрбиесін пәрменді жүргізу мақсатында «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының маңызы зор. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие елге айналдыруды» көздеп отыр деп нық сеніммен айта аламыз. Аталған жобаның жасампаз идеясын ұсынып, жас ұрпаққа Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізуде үлкен сенім артылатынын атап өтті. Қазақстан соңғы 15 жыл бойы ұдайы жоғары қарқынмен дамып келеді. Сол себепті болашақтағы басты міндет – қол жеткен экономикалық даму жетістіктерін төмендетіп алмау болмақ.
«Жастар болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүние танымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Себебі жастардың өмірдегі ұстанымдары әркез қоғам мүддесімен тоғысып, мемлекеттің даму қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Бұл үшін бірінші кезекте жастарды қоғамдағы құндылықтарды қастерлей білуге үйретуіміз қажет. [24]
Сондықтан келешек ұрпақтың парасатты да, мәдениетті болып, білімді, озық технологияларды, ғылымды жете меңгеріп, әсіресе елжанды азамат, білікті басқарушы болып қалыптасуы біздің болашағымыздың кепілі.
«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан Әбішұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек, бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Коммерциялық емес ұйымдардың республикалық, сонымен бірге өңірлік деңгейлерд Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың құрылымы млекеттік атқарушы және өкілді, консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ жастар е қатысуын қарастырады.
Республикалық деңгейде жастар саясатын іске асыруға жауапты орган Білім және ғылым министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ҚР Білім және ғылым министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган - Жастар ісі жөніндегі кеңес және Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес жұмыс істейді. Кеңестердің құрамына атқарушы және өкілді билік органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енеді. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанында консультативтік-кеңесші орган ретінде жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаттары мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін үйлестіру болып табылады.
Облыстық деңгейде жастар саясатын жүргізуді үйлестіру жөніндегі қызметтер статистика департаменттеріне, қалаларда және аудандарда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерге жүктелген, статистика, мәдениет және тіл бөлімдері бар. Дағдарыс кезінде, былтырдан бастап қолға алынған «Жол картасы» бағдарламасының халыққа шарапаты тиіп, соның арқасында жұмыссыз жүрген талай жан дағдарыс қыспағынан қысылмай шығып, өзінің болашаққа деген сенімін бекітті. «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» арқылы қолдарында дипломы бар жастардың өз маман-дықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндігі кеңи түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |