Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


ҚОРЫТЫНДЫ Жұмыс нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар



бет11/12
Дата01.06.2022
өлшемі463.14 Kb.
#458883
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
диплом

ҚОРЫТЫНДЫ


Жұмыс нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар: Елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізген күштің бірі – бұл бүгінгі жастар. Қазіргі бастамаларды ақырына дейін апарып, өмір сабақтастығын жалғастыратын да солар. Сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. «Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны – бесіктің қалай тербелетініне байланысты » дегендей, «Болашағымыз – жастар» қағидасының қаһармандары – жастардың тәрбиесі мен бүгінгі келбеті ел ертеңінің ашық көрінісін береді.
Жастарымыздың дені сау, мәдениетті, саналы және өршіл ұл мен қыз болып өсуі үшін мемлекетіміздің, Елбасымыздың қолдауы шексіз.
Жастар саясатын жүргізу мақсатында облысымызда біркелкі істер атқарылуда. Оның бір айғағы облыс әкімінің аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында жастар жетекшілерін тағайындау жөнінде түскен ұсыныстарды облыс көлемінде бірінші болып 2018 жылдың 1 наурызынан бастап барлық аудандық округте жастар жетекшілері штаты бөлініп және облыстық бюджеттен олардың жалақысына қомақты қаражат бөлінгенін барлығымыз мақтанышпен айтып жүрміз. Жастар жетекшілерінің жұмысқа кіріскендеріне міне төрт жыл уақыт болды .
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын аудан жастары арасында насихаттау мақсатында «Ақтау жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар көшбасшыларынан құралған үгіт-насихат тобы барлық ауылдық округтерде болып, ауыл жастарымен кездесті.
Облыстық «Ақтау жаршысы» газетінен «Ұрпақ» айдарымен жарық көретін жастар беті ұйымдастырылды, әр ай сайын жарық көретін бетте облыста жастар саясатының жүргізілу барысы туралы ақпараттар беріліп отырады. Алайда ауылдық жастар жетекшілерінің өткізген шараларының не аудандық, не облыстық ақпарат беттерінде жарияланбауын бөлім тарапынан да, жастар жетекшілері тарапынан да жіберілген кемшіліктер деп білемін.
Қойылған міндеттердің шешімдерінің толықтығын бағалау. Жұмыстың мақсатына қол жеткізілді және зерттеу міндеттері толығымен шешілді.
Жұмыс нәтижелерін нақты пайдалану бойынша ұсыныстар мен бастапқы деректер.
Жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Аудан бойынша 2021 жылы еңбекке жарамды жастардан 276 жас жұмыссыз болып тіркеліп, олардың 139 – ы жұмысқа орналасса, 48-і әртүрлі мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өткен. Мамыр айынның 23 – і күні жастар мәдениет орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 12 жұмыссыз жас өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.
Бұл мәліметтерді келтіре отырып, мен жастар жетекшілерін не ауыл әкімін қандайда бір мұқату мақсатында емес, олардың көкірегінде басқалар жасаған игі іс-шараларды мен неге жасай алмаймын деген намыстары оянсын деп айтып отырмын. Осы жұмысты атқара отырып, адамдар аудандық бюджеттен бөлінген қомақты қаражат халықтың ақшасы екенін ұғынулары керек. Сонымен қатар жастар жетекшілері өз білімдерін көтеруді де назардан тыс қалдырмау керек. Кемшіліктерді жоюды ауыл әкімдері қаперге алып, болашақта істі дұрыс жолға қояды деп сенемін.
- Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және оларға қолдау көрсету барысында төмендегі мәселелерді назарға ұсынамыз:
1. Еңбек нарығындағы жастарға деген сұранысты күшейту. Ол үшін жергілікті жерлердегі еңбек нарығы жағдайын ескере отырып,оқу орындарына грант бөлу.
2. Ауылдық жерлердегі жас отбасыларға,жас мамандарға тұрғын үй мәселесін шешу. Бұл –жас мамандардың ауылда тұрақтауына үлкен әсер береді.
3. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету: жеңілдікпен несие беру, салық т.б. төлемақылардан босату.
4. Ауыл жастары арасындағы байланысты жақсарту мақсатында ауылдық округтері бойынша телефон байланысын жақсарту.
5. Тас жол мен ауыл арасын байланыстыратын жолдарды жөндеу мәселесі.Бұл-ауыл арасында жастардың еркін қатынап тұруына мүмкіндік береді.
Аудан көлемінде жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында арнайы жоба дайындалып, облыстық статистика департаментінен трансферт арқылы 2019 ж - 1.200.000, 2020 ж – 1.600.000 тенге, облыстық бюджеттен 675.000 тенге бөлінді.
Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз Евразия кеңістігінде ғылыми-инновациялық саланың көшбасшысы болуымыз қажет. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық. Сондықтан жастар экономика, ғылым және мәдениет секілді әралуан салаларда өз бағын сынауға бар мүмкіндіктер жасақталған» деген міндеттер қойып, жас ғалымдарды жігерлендіріп келеді. Елбасы ғылымды реформалау, жас ғалымдарды қолдау, инновациялық экономиканы дамыту, ғылымды басқару модельдерін жасақтауда алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесін қолданып келеді. Соңғы он жыл көлемінде ғылымның өркендеуіне жұмсалған қаражат 7 есеге көбейген. 2021 жылы зерттеулерге бөлінген қаржы көлемі ІЖӨ 2% құрамақ. Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттерге ғана тән жайт. Президент жанынан құрылған жас ғалымдар Кеңесі, ғылыми Комитет, ғылым Қоры, Ұлттық зертханалар жастардың ғылыми инновациялық ашылуларына жағдай жасауда.
Жастар арасыдағы кадрлік резерв саясатының дамуы да қарқынды жүзеге асуда. Қазақстанның мемлекеттік қызметі өзінің дамуында жаңа белестерге көтерілді, адам факторы айқындаушы болып табылатын жаңа кадр саясаты басты өрістерге шықты. Еліміздің жетекші партиясы – «Нұр Отан» кадрлар резервін қалыптастыруды партияны дамытудың маңызды стратегияларының бірі ретінде қарастырып отыр. Мемлекеттік менеджерлердің іскерлігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең маңызды капитал деп бағалап көрсетумен қатар, тиісінше бағыт-бағдарлар да берілуде. «Қазақстан – 2030» Стратегиясында ыңғайлы, әрі кәсіби Үкіметтің құрылуы дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталды. Бүгінде аталмыш міндет одан да маңыздырақ болуда. Мемлекет бүгінде мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасауда, онда білімді жастардың ролі ерекше болмақ. Осы принциптердің сақталуы Жастар кемелінің сапалы өсіміндегі жүйелілікті қалыптастырып, нақты тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да Қазақстанның ұландары бақытты, ертеңге мерейі асқақ деуге толық негіз бар. Әр елдің жастарының болашағы сол елді басқарып отырған басшы саясатының көрегендігімен, қолдауымен байланысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез – келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген болатын.Республикамыздың жастар активінің жоғары креативті әлеуетін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының шексіздігі көңілінді нұрландырып, көкірегінді қанаттандыратын болашағынды алға жетелейді екен!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет