Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды. Тренинг барысында қатысушылар төмендегілерді орындауы қажет: -отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдіру;
-этностық өзіндік сананы арттыру;
-отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
-дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
-өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
-өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
-өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
10-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
Отбасының сыртқы сипаты
|
4
|
Отбасылық рөлдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту
|
Топ «отбасыларға» бөлінеді. Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді. Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
|
|
|
|
|
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма.Студенттер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Студенттерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
|
10-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
3
|
Болашақ отбасымның елесі
|
2
|
Отбасы туралы жағымды елестерді дамыту
|
«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен?». Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
|
4
|
Менің отбасымның бүгінгі келбеті
|
2
|
Болашққа жоспар құру, отбасын құруға этностық құндылықтар негізінде дайындау
|
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте студенттерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Студент өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші студентке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллажде этностық құндылық элменттерін қосу сұралады.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.
|
Сонымен біз, бұл бөлімде студенттердің отбасылық өмірге дайындығы мен отбасылық этностық құндылықтар көрсеткіштері анықталып, нәтижелері бойынша статистикалық талдау жасалды.
Біздің теориялық және экспременттік бөліміміздің қорытындысы бойынша отбасы татулығын сақтауға арналған психотерапиялық әдістемелерді жүйелеп ұсынуды жөн санап отырмыз.
Практикалық психологияда тұлғаға бағытталған түрлі әсер ету тәсілдері бар. Бұл тәсілдер көбіне психологилық терапия (емдеу) бағытында қазіргі таңда көп пайдаланылып жүр. Солардың бірі отбасылық психотерапия бағыты болып табылады. Отбасылық психотерапия–тұлғааралық қарым-қатынастағы кейбір ұғынылмайтын, шешім табуда қиындықтар туындататын жағдайларды түзетуге бағытталған және отбасы мүшелерінде айрықша көрінетін эмоциялық қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Бүгінгі күні практикада отбасылық терапияны бірнеше кезеңдерге бөліп жүр. Бұл кезеңдердің әрқайсысының ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне, отбасындағы тұлғааралық шиеленістердің сипатына, сонымен қатар, терапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына да тікелей байланысты болып келеді.
Отбасылық психотерапияны өткізудің өзіндік ерекшеліктері де бар. Отбасылық терапия алғашында жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, содан кейін үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады.
Практикалық психология саласында отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады:
Достарыңызбен бөлісу: |