Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ



бет9/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Электр оку кешен дипл

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Электрондық оқу құралдарын жасауға арналған жүйелер

Электродық оқу құралдарының облысындағы зерттеудің мақсаты - электрондық оқыту курстарын құру және олардың өзара байланысқан конгломераторлары болып табылады. Жалпы электрондық оқу құралы – бұл компьютерлік технологияны пайдалануға негізделген тұтас дидактикалық жүйе, мақсаты – оқу процесінде студенттерді дара және үйлесімді оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету.


Электрондық оқу құралы барлық оқу бағдарламаларын жабуы тиіс. Интерактивті өзара әсердің арқасында жаңа білімдерді іздеу бағыттарының диапазонын кеңейтуде, өз бетінше білім алуда электрондық оқу құралының ролі арта түседі.
Электрондық оқу құралдарын жобалауда мыналарды анықтаған жөн:

  • материалды қалай баяндау;

  • алынған білімді қалай бақылау;

  • электрондық оқу құралының әдістемесін пайдалану.

  • Электрондық оқу құралдары мультимедиасының артықшылығы:

  • Оқу процесіндегі басқару жүйесіне құрылым құралдары мен оқу материалдарының ықшамдылығы, білімін тексеру құралы кері байланыс қосылған

  • Тану процесін тездетуге мүмкіндік беретін әдістер – гипермедиа, гипермәтіннің болуы

  • Көрнекілік деңгейінің жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін графикалық құралының болуы

  • Виртуальды практикум сабақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін үлгілеу құралдарының болуы.

Электрондық оқу құралының дәстүрлі баспа шығарулары мен электрондық кітаптардан басты айырмашылығы студентпен компьютер арасындағы интерактивті өзарабайланыс барысының болуы. Дербес компьютер кеңесші роліне ұқсас білімді ұйымдастыратын көмекші ролін ойнайды.
Интерактивті өзқарабайланыстың әртүрлі құралдарын талдай отырып, бірнеше негізгілерін ерекшелеуге болады:
Гипермәтін
Гипермәтін сол тұрған сәтте мағынасына қарай қандай мәтінге өтуге болатындығын ерекшеленген сөз немесе фрагмент көрсетіп, маниторға шығаратын мәтіндік элементтер жиынтығын ұсынады. Өту оқырман жүрісімен жүзеге асады. Гипермәтіндік түрде берілген материалдың оқылуы мен талдауы байланысты, сілтеме немесе гиперсілтемені қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық құралдарсыз жүзеге аспайды. Гиперсілтемелерді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Гипермәтін бір-бірімен теория, концепциялар, ұғымдар ұсыну арқылы байланысатын коммуникациялық жүйе ретінде шығады. Осының арқасында пайдаланушы «білім алатын кеңістік» құратын «смежным» мәтін элементтеріне рұқсат алады. Әртүрлі гипермәтін элементтері байланысқан маршруттар осы кеңістікте неғұрлым көп таралса, соғұрлым үлкен дәрежеде маршрутизаторланған және меңгерілген болады.
Білім алушыларға білім элементтерімен олардың өзара байланыстарын ұғынуды болжайды. Компьютер ойлау процесін интерсифицириялық қолдау арқылы мағыналық байланыстар мен ұғымдардың біріншісінен екіншісіне өту мүмкіншілігін күшейтеді. Адам анықталған облыста өз білімін жетілдіруде және оқып жатқан пәннен алыс кетпес үшін ойлар, ұғымдар мен білімдер жүйесінде дәл солай қозғалуға ұмтылады. Гипермәтін назар аударулары нашарлағанда пәнді түсінуге және есте сақтауға әкелмейтін кездейсоқ мағыналық жолмен жүру жағдайында қолдау көрсетіп, «шытырмандарда» тереңдеп кетпеуге көмектеседі. Үлкен, күрделі материалды ұғыну барысында гипермәтіннің бұл қасиеті өте маңызды.
Гипермедиа. Ақпараттық технологияның гипермәтіндік және мультимедиалық технологиясының арасында «гипермедиа» деп аталатын жаңа жүйе түрі пайда болды. Гипермедиа жүйесінде мағыналық жүрулер әртегті информация элементтері арасынан орын алуы мүмкін: мәтінмен, бейнелермен, сөйлеумен, әуенмен, бейне үзінділермен. Бұл информация элементтері қарапайым гипермәтінде аналогты түрде байланысқан. Әртүрлі информация синтезінің арқасында үлкен өзгелермен салыстырмас оқыту үзінділері тууда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет