Электрондық оқулықтар құрудың негізгі кезеңдері
Компьютерлiк оқыту жүйесiнiң бiрi электрондық оқулық, оның мүмкiндiгiне байданысты әртүрлi типке жатады. Көптеген авторлардың пiкiрi бойынша электрондық оқулық бiлiмдi меңгергенiн тексерiп, ақпараттың жаңа түрлерiн көрсете бiлуi керек. Соған сай электрондық оқулық автоматты оқу жүйесiмен бiр деңгейде болады.
Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.
Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын өзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың өзгертiлген бөлiмiн талдайды. Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн өзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Өйткенi электрондық оқулықтың мағынасы өзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.
Электронды оқулықтың кейбiр бөлiктерiне тоқталайық. Электрондық оқулық кiшкене ғана текстiк мәлiметтердi сақтап, ұзақ уақытқа дейiн экранға шығарып бiлiмдi жетiлдiредi. Мазмұнының көлемi және қарiптiң өлшемi болады. Электрондық оқулық кейбiр сөздi бөлiп алуды, түрлi түстерге бояуды толықтырады, болмаса оқуды қиындатып немесе жеңiлдетiп көрсетедi. Мұндай оқулықтар көптеген мәлiметтердi өзiнде сақтайды.
Мархельдiң көрсетуi бойынша қарапайым оқулықпен салыстырғанда электрондық оқулықта иллюстративтi материалдар көп мөлшерде болу керек, ол оқушының ойлау қабiлетiн арттырады және практикалық есте сақтауын қалыптастырады. Оқулықтың көлемiн қысқартуға және компьютердi қолдану мүмкiндiктерiне сай графиктiк файлдың топталған форматтарын қолдануға, түс палитраларын және векторлы графиктiк файлдарды, мысалы (WMF) қолдануға болады. Видеофрагменттердi пайдалану процестiң динамикасы мен көрiнiсiн көрсетуге болады. Файлдардың көлемiне қарамай оқушылардың қабылдауы мен қызығушылығы артады және соған сай бiлiм сапасы да жақсарады.
Дәстүрлi оқытуда жаңа материалдарды түсiндiргенде вербальды түрге енедi. Осыған байланысты аудио фрагменттердi электрондық оқулықта пайдалану ақпараты игерiп қана қоймай, сонымен қатар жаңа материалды жақсы түсiнiп, мидың жұмысын, есту және көру мүшелерiнiң жұмыс iстеуiн жақсартады. ЮНЕСКО берiлгендерi бойынша қабылданатын ақпарат аудио-қабылдау арқылы 12%, визуальды – 25%, ал егер аудио-визуальды–65% қабылдайды. Қазiргi кезде мультимедиялық жүйенiң жақсы дамуына байланысты оқытуда пайдаланылатын компьютердiң көп бөлiгi дыбыстық жүйемен қамтылған. Аудиториялық сабақ кезiнде дыбысты наушниктер арқылы естуге болады.
Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бөлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады. Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез-келген жерге қыстырма қоюға болады.
Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бір жоғары оқу орны оқу жоспарына байланысты болады және әдебиеттер тізімі де соған байланысты болады.
Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада көрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Текстiк құраушы шектелген болуы керек – компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.
Информатика пәнi бойынша электрондық оқулықты құрудың кейбiр принциптерi.
Кванттық принциптерi: көлем бойынша минимальды, бiрақ мазмұны көрiнбей тұратын материалдарды тарауға бөлу.
Толықтыру принципi: кез-келген модульды келесi компоненттерге бөлу керек.
1. Теоретикалық негiз;
2. Теория бойынша бақылау жұмысы;
Мысалдар, өзiндiк жұмыс үшiн тапсырма мен жаттығулар, барлық модульге арналған бақылау сұрақтары мен жауаптары, бақылау жұмысы, қосымша анықтамалар (HELP) тарихи пiкiрлер.
Көзқарас принциптерi: мұнда әр модуль аз мәтiн мен визуализация арқылы құрылуы керек, ол жаңа түсiнiктер, қағидаларды, әдiстердi оңай есте сақтау керек.
Тармақталған принциптерi кез-келген модульге еркiн енетiндей етiп, әр модуль келесi модульге гипермәтiндiк сiлтеме арқылы байланысу керек.
Сәйкестендiру принципi: оқушы кадрдың ауысымын өздiгiнен басқара алады, экранда кез-келген мысалды шақыра алады, тапсырманың шешуiн, сонымен қатар өзiн-өзi тексеру, бақылау сұрақтарына жауап беру және бақылау жұмыстарын орындай алады.
Компьютерлiк қолдау принципi: кез-келген уақытта оқушы компьютерлiк қолдау көре алады, ол оқуға берген материалдарды тез игеруге, есептердi және мысалдарды тез шешу жолдарын көруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар компьютердегi үлкен жұмыстарды атқарып қана қоймай, әртүрлi есептеулер мен графикалық салуларды орындайды, және кез-келген деңгейдегi математикалық операцияларды орындайды.
Жинақтау принципi: электрондық оқулық форматта орындалуы керек, оларды бiр электронды комплекске бiрiктiрiп, үлкейтiп және жаңа тараулар мен тақырыптарды толықтырып, сонымен қатар әр пән бойынша электрондық кiтапханаларға немесе оқушының, оқытушының және зерттеушiнiң жеке электронды кiтапханаларына талдау керек.
Электрондық оқулық оқытушыға ыңғайлы себебi:
лекциялық және практикалық сабақта өзiндiк қалауымен материал жинауға, көлемi бойынша аз, бiрақ мазмұны бойынша көп, аудиториялық сабақтарды өтпегенде электрондық оқулықпен өзiндiк жұмыс ретiнде өткiзедi.;
үй жұмыстарын, бақылау жұмысты, жеке есептеу жұмыстарын тексеруден босатады, бұл жұмысты компьютер орындайды;
аудиторияларда және үйге берген тапсырмаларды көрiп шығып, оны талдау;
үй тапсырмасы мен бақылау жұмыстарына қатысты оқушының жұмыстарын даярлайды.
Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi:
негiзiн таңдау;
қайта жасау құқығы туралы автормен келiсiм жүргiзу;
модульдi тарау бойынша тесттi қайта жасау немесе құрылуы;
электрондық формада гипермәтiндi қолдану;
компьютерлiк қолдау құру;
мультимедиялық жаулау үшiн материалдар теру;
дыбыстық тасымалдау құру;
визуальдау үшiн материал даярлау.
Электрондық оқулық құруда әдiстемелiк кеңес.
Электрондық оқулықты құрудың бiрiншi кезеңiнде мынадай баспалық және электрондық басылымдарды алу керек:
-стандартты программаға толық сай келетiнiн;
-гипермәтiн құру үшiн ыңғайлысын;
-мысалдар мен тапсырмалардың көп болғанын;
ыңғайлы форматта болғанын (жинақтылығына байланысты).
Екiншi кезеңiнде осы алынғандардың iшiнен бағасы мен сапасына сай келетiнiн алу;
Үшiншi кезеңiнде кiрiспе жасалады, яғни модульдерден тұратын бiрақ мазмұны бойынша көрiнбейтiн материалдарды тақырыпқа бөледi, сонымен қатар сабақты меңгеру үшiн қажет түсiнiктемелер тiзiмi құрылады.
Төртiншi кезеңiнде кiрiспеге модуль құрылымына байланысты мәтiн негiзi жасалады. Тiзiмге кiрмеген мәтiндер жазылмайды, жанама анықтамалар жүйесi жасалады, модульдер және басқа гипермәтiндiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады. Осындай жолмен компьютердi пайдалану үшiн гипермәтiн жобасы жасалады.
Бесiншi кезеңiнде гипермәтiн электронды формада жасалады. Соңында оқу мақсатында қолданылған примитивтi электрондық басылымдар құралады. Көпшiлiк осындай примитивтi басылымды электрондық оқулық деп те атайды.
Алтыншы кезеңiнде компьютерлiк қолдау жасалынады:
қандай математикалық жұмыстың компьютерге жүктелетiнi және компьютер жауабы қандай формада болуы керек;
математикалық тапсырмалар шешу үшiн электрондық оқулықтың интеллектуалды негiзiн қолдануға пайдаланушы ұшiн нұсқау жасалынады. Соңында оқушыға қажеттi аудиториялық сабақтарда пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы қасиеттерi бар электрондық оқулық пайда болады. Осындай электрондық коммерцияда жеңiстiкке жетедi.
Интеллектуалды негiзде компьютерлiк пакетке ауыстыратындай етiп жасау керек. Ендi электронды оқулықты мультимедиялық мүмкiндiктерiнiң көмегiмен келесi нәтижелерге (дыбыстық және визуальды) жетуге болады.
Сегiзiншi кезеңiнде дыбыстар арқылы тексттер жазылады, олар оқу материалын сақтау және оңай түсiну үшiн оқушылардың есту қабiлетiн қолдану мақсатымен жасалады.
Тоғызыншы кезеңiнде дыбыс арқылы тексттi диктофонға жазып және оны компьютерде орындайды.
Оныншы кезеңiнде көп мүмкiндiктерге жету үшiн сценарий құрып, оқу материалын сақтау және түсiнудi жеңiлдету үшiн оқушының эмоциялық қабiлетiн қолдану мақсатымен жасалады.
Он бiрiншi кезеңiнде мәтiндi визуализациялау жүзеге асады, яғни суреттердi, графиктердi және анимацияларды қолданумен компьютерде iске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |